I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Мархабат Томанов, Сейілбек Исаев, Әрсен Ибатов



бет65/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК
Cheklist kony study, 23-7, аза стан Республикасында ж не шетелде инклюзивті білім беруді
Мархабат Томанов, Сейілбек Исаев, Әрсен Ибатов «Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы» атты баяндамаларында: «Әдеби тіл – көп функционалды, яғни көп салалы тіл. Әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл болып табылады. Әдеби тілдің болуы – қоғамдық өмірдің көп тірлігін, сол сияқты қоғамдық дамудың жоғары сатыға көтерілуін де көрсететін фактор. Әдеби тіл болудың үлкен белгісі – оның құрылымы мен қағидалары сол тілде сөйлеушілерге түгел түсінікті ортақ болып келуі».
Рақыш Әміров, Есет Жұбанов, Қ. Өмірғалиев «Сөйлеу тілінің ауыз әдебиеті мен ақын – жырау шығармаларының қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны» атты баяндамаларында: «Әдеби тілдің пайда болуын шартты түрде жазумен байланыстырып қарау, онда да әдебиеттің әр саласы жетілген жанрларымен бірлікте алып қарау жалпы тіл білімінде, - егер санға шағатын болсақ, - 99 пайыз үлеске ие. Алмай қарау 1% - дай үлес алуы мүмкін».
87. XIX ғ. I жартысындағы оқу-мәдениетке қатысты сөздер мен орыс сөздерінің енуінің себебін түсіндіріңіз.
Жалпы, қайжағынаналсақта, 19 ғ- дағы әдеби тіл екі сапалы белекке белініп тұрады. 19 ғ-дың 1-жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші көзеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының қүзырына кіріп, ел басқару билігін патша үкіметі толықтай өз қолына алды. Ол үшін 20 жылдары хандық басқару жүйесін жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді. Бұл көзеңнің ауызша әдеби тіл нормасын танытатын тілдік материалдар Махамбет, Дулат, Шөже, Шортанбай, Байтоқ, Жанақ, Орынбай т. б. ақындардың шығармалары болып табылады.
19 ғ-дың 1-жартысындағы әдеби тілдің лексикалық негізгі құрамы жалпыхалықтық тілдің төл сөздері, қосымша қабаттары - араб, парсы және орыс сөздері болды
Аталған ақындардың шығармаларынан жауынгерлікке, әлеуметтік қүрылыс пен әкімш. - сот істеріне, сауда-саттыққа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін молынан көздестіреміз. Қазақ даласына ене бастаған жаңа ел билеу жүйесіне байланысты майыр, аға султан, болыс, старшын, елу басы, он басы сияқты сөздер Дулат, Шортанбай шығармаларында молынан кездеседі.
Махамбет шығармаларынан әскери лексиканы (найза, қылыш, мылтық, садақ) жиі үшыратамыз. Бұл көзеңдегі поэзия тілінде қазір көнерген есімшенің ар, ер, мақ, мек формалары жиі қолданылған, сондай-ақнекен-саяқдүрформанты қылаң береді: «Су түбіне кеткен жұрт, Тал таба алмас қармарға», «Жан шығарға келген соң» (Дулат), «Таяндық енді өлерге, Күн қанша дүр көрерге» (Шортанбай). Бұл көзеңдегі жазба әдеби тіліміздің халықтық сөйлеу тілі белгілерін бойына молынансіңіріп, өткенғасырларға қарағанда біраз жеңілдегенін байқаймыз. Дегемен ол еткен ғасырлардан үзілмей келе жатқан көне түркі әдеби тіл дәстүрін (әсіресе грамматика мен орфографияға) сақтап отырған. Ресми документтер стиліне тән ғизатлу, қурметлу, мархабатлу, сағадатлу, биік мәртебелі, ғинаятлу сияқты эпитеттер мен араб, парсы сөздері бұл көзеңдегі іс қағаздарында молынан кездеседі. Бұлардың грамматик. қүрылысында да кене туркілік формалар (міш, даю, дур, бірлән т. т.) жиі үшырайды.
19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақсүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек. Егер даугер айып пен пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, яғни, теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет, заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет