SCN- анионы. 1 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады. Темір (ІІІ) роданиді түзілу салдарынан қан-қызыл түстің пайда болуы роданид-иондардың барын көрсетеді.
NO2-. анионы. Нитрит-ионын ашу алдында зерттелетін ерітіндіні күкірт қышқылымен әрекеттестіру барысында өткір иісті, қоңыр түсті газ бөліну бойынша зерттеу жүргізіледі. Дегенмен тексеру зерттеулерін жүргізу қажет.
1 тамшы зерттелетін ерітіндіні 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылымен және 1 тамшы антипирин қосып әрекеттестіру кезінде жасыл түстің боялуы бойынша NO2- анионы анықталады.
1-2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшыдан күкірт қышқылы және этакридин ерітіндісін қосады. Нитрит – иондардың қатысында шие-қызыл түс пайда болады.