б). Тотықсыздандырғыштар қатысқан жағдайда. Br- және I- иондарды хлор суымен әсер етіп ашуына ерітіндідегі S2-, SO32- және S2O32- иондардың болуы кедергі келтіреді, өйткені өздері хлор суымен әрекеттеседі. Сондықтан да ерітіндідегі мұндай иондарды жою қажет. Ол үшін 8-10 тамшы зерттелетін ерітіндіні 2н H2SO4-пен қышқылдайды және қайнаған су моншасында 10мин қыздырады. Кедергі жасайтын иондардың жойылғандығын тексеру үшін, бөлек пробиркаға 2 тамшы ерітіндісіне 1 тамшы иод ерітіндісін қосады. Егер иод түссізденсе, онда оның түссіздену реакциясы тоқтағанша қыздыруын жалғастырады. Содан соң ерітіндіні салқындатады және Br- және I- иондарды ашады.