Br- және I-иондарын ашу бір мезгілде орындалады. Дегенмен, ашудың әдісі тотықсыздандырғыш-иондардың қатысу немесе қатыспау жағдайына байланысты болады.
а). Тотықсыздандырғыштар қатыспаған жағдайда. Пробиркаға 3 тамшы зерттелетін ерітінді құйылады, 1 тамшы 2н H2SO4-пен қышқылдайды, 0,5 мл хлороформ қосады және тамшылатып хлор суын қосқан сайын пробирканы сілкілеп отыру керек. Ең алдымен І- ионның барын хлороформ қабатының таңқурай (малина) түске боялуы, І- ионның барын дәлелдейді. Ерітіндіге тағы да хлор суын қосқанда, сары түстің пайда болуы бромид-иондардың бар екенін дәлелдейді.