4. «Тенар көгін» алу. Сұйылтылған кобальт (ІІ) нитраты ерітіндісін алюминий тұздарымен жаққан кезде көк түсті кобальт алюминатының күлі түзіледі:
2A12(SO4)3 + 2Co(NO3)2 = 2Со(АlO2)2 + 6SO3 ↑+ 4NO2↑ + O2↑
Мышьяк (III) ионның (AsO33-) реакциялары
As (III) қосылыстары ерітіндіде AsO33- аниондары түрінде кездеседі. Мышьяктың барлық қосылыстары өте улы.
1. Күміс нитраты AgNO3 арсенит-иондарымен сары түсті күміс арсениті тұнбасын түзеді. Реакция фармакопеялық болып табылады.
Na3AsO3 + 3AgNO3 = Ag3AsO3↓ + 3NaNO3
Тұнба HNO3, СН3СООН және NH4OH ериді.
2. Иод ерітіндісі бейтарап немесе әлсіз сілті ортада арсенит-ионын арсенат-ионына дейін тотықтырады. Иод ерітіндісінің түссізденуі As (ІІІ) бар екендігін дәлелдейді.
Na3AsO3 + I2 + Н2O = Na3AsO4 + 2HI
Реакция нәтижесінде химиялық тепе-теңдікті заттардың бастапқы түзілу бағытына ығыстаратын, НІ күшті тотықсыздандырғыш түзіледі. Реакция қайтымды болмау үшін оған натрий гидрокарбонатын қосады.
HI + NaHCO3 = NaI + CO2↑ + H2O
Иодпен реакцияға түсетін тотықсыздандығыштар болмау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |