І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет39/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

3. (NH4)2S аммоний сульфиді хром (ІІІ) тұзының ерітіндісінен хром (ІІІ) гидроксидінің жасыл-сұр тұнбасын бөледі:

2СrСl3 + 3(NH4)2S + 6Н2O= 2Сr(ОН)з↓ + 3H2S + 6NH4Cl↑


2Сr+ + 3S2- + 6Н20 = 2Сr(ОН)3↓ + 3H2S↑




Мырыш катионның (Zn2+) реакциялары
1. Күйдіргіш сілті мырыш тұздарының ерітінділерінен ақ түсті мырыш гидроксиді тұнбасын береді:

ZnCl2 + 2КОН = Zn(OH)2↓+ 2КСl


Мырыш гидроксиді амфотерлі қасиет көрсетеді, сондықтан сұйылтылған қышқылдарда және сілтінің артық мөлшерінде ериді:




Zn(OH)2 + 2KOH = K2[Zn(OH)4]


2. Қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] мырыш тұздарымен мырыш гексацианоферратының (III) қоңыр-сары тұнбасын береді:

3ZnCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Zn3[Fe(CN)6]2 ↓+ 6КСl


Тұнба хлорсутек қышқылында және аммиак ерітіндісінде ериді.


3. Сары қан тұзы K4[Fe(CN)6] мырыш тұздарымен әрекеттесіп мырыш-калий гексацианоферраты (II) ақ түсті тұнбасы түзіледі:

ZnCI2 + 2K4[Fe(CN)6] = Zn3K2[Fe(CN)6]2 ↓ + 6KCl


Реакция фармакопеялық болып табылады.


4. Аммоний (NH4)2S немесе натрий сульфиді бейтарап ерітінділерден мырыш ионын ақ аморфты түрінде мырыш сульфидін тұндырады:


ZnCl2 + (NH4)2S = ZnS↓ + 2NH4Cl

Реакция фармакопеялық.


5. Реакция құрғақ жолмен. Кобальт (ІІ) нитратына және мырыш тұзы ерітіндісіне малынған филтр қағазды жаққан кезде, кобальт цинкатымен жасыл түске боялған күл шығады (Ринман жасылы). Бұл кезе жүретін реакция:

Zn(NO3)2 + Co(NO3)2= CoZnO2 + 4NO2↑ + O2


Реакцияны жүргізуге А13+ және Сr3+ иондары кедергі жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет