2. Темір (II) тұзы қышқылдық ерітіндіде нитриттерді азот (ІІ) оксидіне дейін тотықсыздандырады:
2KNO2 + 2FeSO4 + 2H2SO4 = Fe2(SO4)3 + 2NO↑ + K2SO4 + 2H2O
Азот (ІІ) оксиді FeSO4-пен қоңыр түсті тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді:
FeSO4 + NO = [Fe(NO)]SO4
3. Грисс —Лунг реактиві нитритттердің аз мөлшері болса ерітіндіні қызыл түске, ал нитриттердің көп мөлшері болса қызыл түсті тұнба түзіледі. Реакция өте сезгіш және ауыз су құрамында нитриттерді ашу үшін қолданылуы мүмкін.
4. Калий иодиді KI қышқылдық ортада нитриттермен бос иодқа дейін тотығады:
2KNO2 + 2KI + 2H2SO4 = I2 + 2NO↑ + 2K2SO4 + 2H2O
Реакцияны басқа тотықтырғыштар қатысында жүргізуге болмайды.
5. Калий перманганаты КМnO4 күкіртқышқылды ортада 50-60 0С қыздыру кезінде нитриттерді нитраттарға дейін тотықтырады:
5NaNO2 + 2KMnO4 + 3M2SO4 = 5NaNO3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 3H2O
Реакция калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуімен аяқталады. Осы реакция көмегімен нитриттерді нитраттардан жеңіл айырып алуға болады. Соңғысы КМnO4-пен реакцияға түспейді.
6. Антипирин қышқылдық ортада нитриттермен жасыл түсті ерітінді түзеді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
7. Этакридин қышқылдық ортада нитриттермен шие-қызыл түсті ерітінді түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |