Қайырмасы екі мотивтен тұрады: а – «Ау» дыбысының әндетілуі арқылы жүреді, в – 4-ші жолдың соңғы бунағының қайталануы.
Әуендік ерекшелігі : Әнде ақындық бастау иірімінің жаңа түрі қайырмасында. Ақынның шығарылған уақыттағы халі осы әннің шағын қайырмасына сыйып кетеді. Мажорлы терция көлемінде толқын іспетті қозғалу пентатоника дыбыс қатарымен III басқышқа түседі:
Шумақтын соңғы бунағының әуені мен сөзінің қайталануымен ән төменгі тоникамен аяқталады. Диапазоны бір октава шегінде орындалады.
Мәдидің келесі «Шіркін-ай» әні қазіргі таңда Қазақ радиосының қорында сақталған. Өкінішке орай, әлі күнге дейін ән нотасы басылып шықпаған. Сондықтан да, музыка зерттеушілерінің назарына ілікпеген. Ақынның бұл «Шіркін-ай» әні де «Қаракесек» секілді халыққа кеңінен танылған. Әрине, бұл туынды композиторлың өзіндік ақындық стилінің ерекшелігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Бұл шығарма халықтық-кәсіби ән мұрасының тағы да бір асыл дүниеге байығанын көрсетеді.
«Шіркін-ай» әнін Мәди қапастан босап шығып, еліне келіп, бір сәтте болса туған жерінің ауасымен тыныстағанына қуанып, сол халде тұрып шығарды.
Өлең құрылысы 11 буынды қара өлең негізінде құрылған
Әннің құрылысы:
- Шумақты-қайырмалы: 2 шумақ 4 жолдан, ал қайырмасы «оу» деген одағай сөзбен әндетіледі. Қайырмасы көлемі жағынан кішігірім және автордың ән шығу сәтіндегі халі «Шіркін-ай!» сөзімен беріледі:
- Шумағы: Арқа дәстүрінің кең диапозонды, сал – серілердің жалғастығын тапқан, ақындық әуен иіріміне толы әсем ән.
Композициялық құрылым:
Кіріспе - домбыра сүйемелі
Шумағы: а (3+4+4 )
в (3+4+4+ау) домбыра сүйемелі.
a (3+ау+4+4+оу)
в1 (3+4+Оу дыбысы+4+оу) домбыра сүйемелі.
1-ші, 3- ші жолдар әуені ұқсас қайталанады.
Ән композициялық құрылысына қарай – шумақты, 11 буынды қара өлең асинхронды түрде дамиды. Әннің келбетінде табиғи мажорлық әуен басым. Жалпы диапазоны – бір октава аралығы шегінде әндетіледі.
Бұл әнде де, халықтық-кәсіби әннің ақындық белгілері қолданылған, бәріқ, автор оларды өзінше, жаңаша қолданады. Бұл АӘФ-на байланысты: «Шіркін-ай» салған жерден үлкен секста аралығына жоғары секіріп басталады. Бұл 2-ші сатыдан 7-ші сатыға секіріс - әннің аса маңызды интонациясы болып табылады:
Секстаға секіріс әннің 1-ші, 3- ші жолдарының басында және 2-ші жолы осы секіріспен аяқталады:
1-ші жол басы -
2-ші жол аяғы және 3-ші жолдың басы -
Осы интонацияның жиі қолданылуы ақынның ашу-ызасын, жан айқайын, ішіндегі наз-шерін көрсетеді және өмірден таба алмай жүрген сұрақтарын осы интонацияға енгізген. Осы қозғалыс З.Қоспақовтың айтуы бойынша: «Ол автордың шалқыған ойын, мызғымас күшін береді. Тек әннің соңғы жолында, қайырмаға келгенде, өткен бір қызық күндері еске түскендей, әсем үн, қоңыр дыбыс арқылы, құйқылжып барып ән бітеді» [17; 123-124 б.]. Бұл АӘФ-ның бір түрі. Жоғарғы тоника дыбысына екінші тактта келіп кішкене тоқталып, әрі қарай бүкіл әуен бір демде дамып, кері қарай жылжиды. Жоғарғы тоника бекітілмегеннің әсерінен, төменгі «ре» дыбысына дейін келесі жолдың бірінші және екінші бунақтарын қамтиды. Осы жерде ән дамуының бірінші толқыны аяқталады. Бұл асинхрондық түр Мәди шығармаларында бұрын соңды кездескен:
Кідіріс жасамай, қайырма әуен иірімдерінде одағай сөздермен әндетіледі. Қайырманың композициялық құрылымы күрделі: қайырманың ерекшелігі – төртінші жолдың бірінші екі бунағымен соңғы бунағының ортасында айтылады:
Және соңғы бунақтан кейін «оу» одағай сөзімен әндетіліп аяқталады. Қайырма әуені өзіндік «ля» дыбысының айналасында ғана құрылған:
Бұндай құрылымды қайырым Арқа дәстүрлі әндеріне тән.
Қайырманың соңғы тармақтарының әуені төменгі тоника дыбысына қарай әкеледі:
«Қаракесек», «Үшқара», «Қарқаралы», «Шіркін-ай» әндері Сарыарқаның сар даласын тебірентіп, көмейден емес, кеудеден күмбірлеп, толқып, арындап шығатын асқақ үн тылсым буған сайын даланы ғасырлық ұйқысынан оятатын туындылар.
Қазақстанда дәстүрлі ән өнеріне көптеген зерттеу еңбектері бар боғанымен, Мәди әндерінің музыкалық талдауы толық жасалмаған. Осы үш әнге жасалған талдауды негізге ала отырып, Мади әндерінің жалпы стилін бір жүйеге салуға болады. Осындан төмендегідей ерекшеліктер байқалады:
Арқаның дәстүрлі әндері шегінде өзгеріссіз қалады:
а) қара өлең түрі,
ә) Шумақты– қайырмалы құрылымда шығарылған. Өзара
тең бөлінген төрт әуен жолдарынан тұрады.
Композициялық құрылымы жағынан бірінші және
екінші тармақтарында негізгі әуен беріліп, үшінші
және төртінші тармақтар алдыңғы әуенді бұлжытпай
немесе аздаған өзгерістермен қайталайды.
б) Бұл құрылымға екі немесе төрт жолдан тұратын одағай
сөздермен (алексикалық) әндетілетін қайырмалар кіреді.
Көлемді өлең жолдарының құрылысының арасында және әуеннің дамуында асинхрондық кездеседі. (ән) Әуендік жолдар біріккен әдістері де кездеседі (ән) .
Ақындық әуендік формулысының ерекше қолданысы. Арқа дәстүрлі әндерінде кездесетін АӘФ Мәди шығармашылығында басқаша қолданылған: дәстүрлі әндердің басында жиі кездесетін диапазонның ең жоғары дыбысқа секіріс кейбір Мәди шығармалында әннің ортасында қолданылса, кейбір әндерінде шығарманың басында, бірақ жоғарғы дыбысқа баспалдақтап көтеріледі. Біртіндеп берілген АӘФ-сы лирикаға толы.
Арқа ән дәстүрінде домбыра сүйемелдеуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Арқа мектебі ән өнерінің ортақ қағысы ретінде, әуен ырғағымен бірге домбыраның төменгі шегінде теріліп ойналады. Мәдидің ән сүйемелдеуі сол өлкенің әншілеріне тән сүйемелдеу болып табылады.
Мазмұн жағынан ән мәтіндерінде автопортреттік суреттеулер кең қолданылады. Олардың көпшілігін «лирикалық ән» деп те айтуға болады, себбебі, онда адамның ішкі жан дүниесі мен толғаныс сезімі философиялық ойлары білдіріледі. Сонымен қатар, әндерде кездесетін тақыраптар – туған жер, елдік пен ерлік сезімдері, авторлың өз өмір жолдары мен халықтың арман тілегі.
Композициондық өзіндік ерекше әдістері кәсібі әнмен қара өлеңді байланыструында: қысқа қайырма, ән композициялық шумақты, 11 буынды қара өлең асинхронды түрде дамиды және де АӘФ-ның түрі осы қара өлеі жанрында қолданылады.
Ақынның әндеріне талдау жасап,жана-жақты талдап қарастырғаннан кейін тағы бір шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселе десек артық айтпағандық болар. Яғни бұл үлкен мәселе, мәди әндерінің мәтіні жайлы. Бұл мәселе «Орталық Қазақстан» газетінде өте терең талқыланған:
Жалпы қазақ әндерінің мәтіні ән жинақтарын құрастырушылардың кінәсінен бе, әлде ел арасынан тірнкетеп жинап,жазып алушылардың шалағайлығынан ба (Қазақстан сияқты, бір өзіне Еуропаның әлденеше мемлекеті сыйып кететін алып аймақта әркімнің әр түрлі айта беруі мүмкін ғой), түрлі-түрлі болып айтылуына құлағымыз әбден үйренген.
Қай ән жинағын алсаңыз да Біржан салдың «Жанботасы» «Адасқағымен» араласып кеткен. «Жанботада» «Өзіңдей Азынабайдың Поштабайы бір қойып,домбырамды алды тартып» деп келсе, «Адасқақта» әлгі Поштабай «қолымнан домбырамды алды тартып» болып кете барады.Енді бірде әлгі тартып алған домбыраны «тартса да домбырамды бергенім жоқ» деп жұмсартады.тартып алған домбыраны бермегеніне қалай таңғалмайсыз!?
Ақан серінің «Әудем жерін» тіпті оңдырмаймыз. Бірде «Бір тиын біреу берген пайда көріп, жүремін жас адамдай дүние жиып» десек, енді бірде « Бір тиын біреу берген- ей олжа көріп, жүремін-ау жас кісідей жанын қиып » деп қиқалақтаймыз. Естір құлақтан ұят өзі.
Мұндай жаупсыздық 1968 жылы шыққан «Қазақ әндері» жинағының I-II томдарында бықып жүр. Ендігі әңгіме «Қарқаралы» әнінің мәтіні жайлы болмақ. «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сланбекұлы «Сайғақ та емес, саяқта емес, сая болуы керек» дейді. Көңілге ұялайтын сөз. Қарқаралы тауларына сайғақтың шыға қоймайтыны рас. Және сайғақ, түбі түркі сөзі болғанмен, қазақ оны жиі қолдана бермейді. «Саздауға біткен құба тал, кімдерге сайғақ болмаған ?», деген Махамбет толғауында кездесетін «сайғақ» құрық, сойыл мәнзелді ұзын ағаш. Ал Мәди әніндегі «сайғақтың» орнын таппай тұрғанына да иланамыз. Бұл жерде қисын жоқ. Сондықтан Сапарғали Бегалиннің жазуындағы «Сайыңнан саялайтын пана таппай. Мен бір жан қуғын көрген арқадағы» дегеніне тоқтаған жөн. Енді осы ән неше шумақтан беріледі деген сұрақ төңірегінде. 1968 жылы және 1978 жылы «Ауыл кеші көңілді» жинақтарында төрт шумақ берілген. Бірақ шумақтарының берілу жолы түрлі-түрлі. «Қазақ әндері» жинағында «Немене, көрген қызық көрмегендей» деп басталады. Екінші шумақ «Атыңнан айналайын, Қарқаралы», үшінші шумақ «Басында Үшқараның балғын едім», төртінші шумақ «Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін» деп келеді. Ал, «Ауыл кеші көңілді» жинағында жаңағы рет өзгеріп- екінші шумақ бірінші орынға, соңғы шумақ екінші орынға, бірінші шумақ ең соңғы төртінші орынға ығыстырылған.
Жоғарыда айтып өткендей, арқаның сал-серілері суырып салма ақындық өнерімен де талайды таңқалдырған. Осы сөздерімізге дәлел ретінде, жаңа деректер іздеу барысында Мәди мен Әбіш Жанбайұлының (1880-1937.ақын) айтысқаны жайлы, жаңа деректерді қолға түсірдік.
Мәди Бәпиұлы айдаудан оралған жылы (1915 ж), тілектес, ниеттес жандар, Нарманбет ақынның төңірегіндегі өнерпаз, ақын-әншілер «елге келсін, аунап- қунап дем алсын» деген соң Мәди Қарқаралы аймағынан Шет-Ақтоғай аумағында болып, Нарманбеттің үйіне ат басын тірейді. Айтыс Нарманбеттің үйінде өткен. Айтыс мәтіні бойынша сөз сайысына қатысушылар - Әбіш, Мәди, Жуаспай ақындар.
Әбіш(Мәдиге айтқаны):
Қапастан ұштың босап,бұлбұл құсым,
Мақбозда әр не болса жазу үшін.
Арғымақ аса шауып,торға түстің,
Көтермей ағайынның қайрат күшін.
Жатпайды қап түбінде болат пышақ,
Бір Алла өзі оңғарсын ақырғысын.
Мен-дағы ағайынға көнбей жүрмін,
Аңдысқанмен алысып,күш сынасып,
Қорлықты күні бүгін көрмей жүрмін.
Мәди (Әбішке айтқаны):
Тағдырдың не жазғанын пенде көрмек,
Бұл фәни адамзатқа қандай ермек?
Бір күнгі амандықты ойлау бекер,
Сынады мың күн тұрып,бір күн шөлмек.
Бізді қор, өзіңізді зор тұтпаңыз,
Тау сірлеп,қара бұлт тұр ғой кернеп.
Аз күнде байқасаңыз асар бойдан,
Кісідей суға кеткен қолын сермеп.
Әншейін қызық көрмей жүргенсіз ғой,
Болдыру қиын емес көзің терлеп.
Жуаспай (Мәдиге айтқаны):
Ризатлы Сізге арнап жазған хатым,
Надан көп ашпайтұғын сөз қанатын.
Мархаба, туысқаным,хош келіпсіз,
Ағайын,кіндік қандас біз де халқың.
Гауһар тас, бағаң қымбат аңлағанға,
Жәхілге қиын болар сіздің нарқың.
Ақылмен ой ойласаң,шахыбозым,
Қайыршы «өтметкелеп» оның парқын.
Қондырып қарға орнына лашын құсты.
Көтерген құр барылдап,өзі даңқын.
Ақиық Орал тауды шынжыр балақ,
Көруге біз де сізді қылдық талап.
Саясат жігіттіке бұл да нәубет,
Қайтпақшы ең аталас елді аралап.
Күншілдік Жақып ұлын бұзып кеткен,
Апарып туысқанын салды құдық.
Ғажап емес Алла оңғарса жұмысыңды,
Зынданда Жүсіп жатты қылып қабыл,
Атасы хақ пайғамбар Ыбырахим халил.
Қиын емес Алла оңғарса жұмысыңды,
Кем күндік өзіңді ойлап болма мәлүл.
Сарыбел адам аспас,ата-бабам,
Көлденең келген сізге бұл бір заман.
Көңілге мұхаббатлы насихатым,
Қайбында дұғамызды біз бір адам.
Мәди (Жуаспайға айтқаны):
Ғизатлу сәлем жаздым мен де сізге,
Надан деп ешбір жаннан күдер үзбе.
Мархаба,келгенімді хош көрсеңіз,
Алтынды алмастырған мыс пен жезге.
Туысқан,түбім бір деп келіп едім,
Өлшедің бөлшектген сары кезге.
Мен бардым тобыңызға сәлем бере,
Ағайын,үлкен-кіші жүзін көре.
Ұқсатып кінәліге мұнша бізді,
Жоқ еді еш жазығым тіпті сізге,
Сіздерге сәлем алмай,мен не қылдым,
Бұрынғы өткен өкпе,салдың дүре.
Жақыпты үлгі қылып,сөз жазыпсыз,
Бұрынғы Байтөре таз сөзін тере.
Атаңыз көпке өкпелеп кеткен екен,
Келгем жоқ сол дауыңа жауап бере.
Әбіш (Мәди мен Жуаспайға айтқаны):
Әбен мен Топатайға сәлемжаздым,
Қараңыз серпініне өнерпаздың.
Надан деп,қарға қылып қарқылдатып,
Мырзалар,несін алдым кәрі таздың?
Бір сапар қарқылдапсыз қарға болып,
Жүрмей ме қарға шіркін жарға қонып?
Өзіңді өзің сонша қуаттадың,
Ақсұңқар һәм арғымақ жорға болып.
Шәуеннен басың азат болғаннан соң,
Көңілің болған екен сонша толық.
Ақ қаптал айыл қиған кершолақсың,
Жасыңнан сүйреткенің арба болып.
Бас қостық екі топтан екі жауыр,
Жауырға таз қосылып,болдық тәуір.
Желден жеңіл желпілдек жел патша едің,
Сен маған қалайында болдың ауыр.
Оң сөзді теріс ұғар Мәди нарнақ,
Келген соң бес атаға өлең де арнап.
Жығылған сүрінгенге күледі деген,
Аяғы жерге тимей жүрген жолдан.
Қашқынды не пиғылынан сонша мақтап,
Жүрген жоқ Алшынбайдың тұзын ақтап.
Бір ауыз қосымша қып сөз жазыпсыз,
Жетілдім асты-үстімді жездей қақтап.
Бұзылған жас күнінен қияли боп,
Осындай мінезінен болған аумақ.
Мәдиге Жуас неге жармасасың?
Біз қарға,өзің қаз боп таранасың,
Жасынан нәшекі боп өскен байқұс
Жол таңдап,жақсы ауылға қарамапсың.
Мені де әлек дедің әлін білмес,
Құдайсыз ажал жетпей адам өлмес.
Итаршы,көрінгенге шапқаныңша,
Одан да құл болсаңшы адам білмес [18; 147-150б.]
Осы айтыс жайында пікір жазатын болсақ, мынадай ой қалыптасады. мәдй-күрделі жан, тағдыры талай қайшылыққа толы тұлға. Ең жақын адамдарымен, әсіресе ағасы Қақабаймен тартысқа түсуі, осының керірінен айдауда, абақтыдан-абақтыға қамалуы, өр тұлғаның тауын шағады. Ал Әбіш ақын ұлт бірлігін, ұлт тұтастығын ойлаған адам.
Мәдидің елден жырақта жүруі, бірге туған ағайындармен қастасуы екі ақын арасындағы түсініспеушілікке әкеліп соғады. Өз ойын қашанда ашық айтатын Мәди, бұл жолы да тартынып қалмағаны баршаға мәлім. Айтыс өткен уақыт қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |