ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау
ІҮ тарау. Туған өлкем – тұғырым.
№ 82. Тақырыбы: Елтаңба мен Ту туралы жыр. Кеңес Оразбекұлы.
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікті сезінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу; өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту; Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету; оқушыларға желтоқсан жұлдыздарының батырлығы, отаны үшін жанын аямаған еліміздің ұл-қыздарының ерлігі туралы түсінік беру.
Түрі: аралас баяндау сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Қанатты сөздер: 1. Туған жер – алтын бесік.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Туған жеріңе, өскен еліне арнап жыр жазбаған ақын жоқ шығар. Өйткені, кімге болсын өзінің туып-өскен жері ыстық. Бұл бөлімде сендер Отан, туған жер тақырыбына жазылған тамаша өлеңдермен, әңгімелермен және олардың авторларымен танысасыңдар. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Қос Пырақ қандай елдерді аралапты? Қыран олардан не деп сұрайды? Пырақ не деп жауап береді?
ІҮ. Түсінгенін тексеру: 1. Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрыңдар. Диалогке мәтіндегі мақал-мәтелдерді қатыстырып айтыңдар.
Елтаңба және Ту туралы білетіні бойынша мынадай кестені толтырады.
Мен не білемін?
|
Нені білгім келеді?
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім?
|
|
|
|
(Бұл сұрақтар баланың өзін-өзі тексеруіне, өзін-өзі бақылап, бағалауына көмектеседі).
І. «Мен не білемін?» деген сұрақ бойынша оқушылар Тудың, Елтаңбаның авторын, ондағы бейнелердің қандай мағына беретінін айтуға болады. Елтаңба авторы – Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов. Тудың авторы – Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков.
2.Қосымша берілетін мәліметтер:
1992 жылы алғаш рет Мемлекеттік рәміздер бекітілді:Ту Елтаңба және әнұран. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Жер аумағы – 2724,9 мың шаршы км. Қазақстан халқы - 15 миллионнан астам адам. Оның 9 миллионға жуығы немесе 60% -ын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.
1992 жылы алғаш рет Мемлекеттік рәміздер бекітілді: Ту, Елтаңба және Әнұран. Қазақстан Республикасында сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті.
ІІ. «Нені білгім келеді?» деген сұраққа әрбір оқушы өз ойын айтады.
ІІІ. «Бүгінгі сабақта не үйрендім?» деген тұста мәтіндегі Отан, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет жайлы жазылған мақалдарды жазуға немесе ауызша есінде қалған мақал-мәтелдерді айтып шығуы тиіс.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мәтінге сүйеніп, мына мақалдар мен қанатты сөздерді аяқтап жаз. 1. Ат – ердің қанаты.
Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.
Ел аралаған сыншы болар.
Отан – оттан да ыстық.
Өз елім – өлең төсегім.
Әркімнің өз жері – ұжымақ. (Мысыр шаһары).
Туған жер – тұғырың, Туған ел - қыдырың
Кісі елінде күркірегенше, Өз еліңде дүркіре.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ынтымақ түбі –игілік.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Бүгінгі сабақтан өзіңе қандай әсер алдыңдар.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.
№ 83. Тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов.
Мақсаты: Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау; елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қос Пырақ қандай елдерді аралапты? Қыран олардан не деп сұрайды? Пырақ не деп жауап береді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ту, Елтаңба және Әнұран жайлы не айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер?( «Отан туралы» М.Мақатаев, «Туған өлкем» Ө. Тұрманжанов, «Үш бақытым» М.Мақатаев, С. Мәуленов, ...)
Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе: Қасым Аманжолов – Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі. Оның төмендегі «Туған жер» атты лирикалық өлеңі автордың туған жерге деген мақтаныш сезімін паш етеді. Оқулықпен жұмыс: өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу. Әр шумақтың түйінін табу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады? 2. Өлеңнің үшінші шумағы арқылы мына сөзжұмбақта жасырынған сөзді тауып жаз.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің, Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
«Лирика» деген сөз шығады.
Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.
ҮІІ. Қорыту. Осы оқулықта ақынның тағы қандай өлеңімен таныстың? (3 класта «Ұшқыш болғым келеді» , «Көктем», 2 класта «Қазақстан», 4 класта «Көктем» қайталанып келеді.)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.
№ 84. Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным. Мұқағали Мақатаев.
Мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту; Отанын сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нің нұры, Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады? Лирика дегеніміз не?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің туған жерге деген ықыласың қандай?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
«Менің елім, Отаным» дегенде сенің көңіл күйің қандай? Сен не сезінесің? Қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер? Есіңе түсір. ( «Отан туралы» М.Мақатаев, «Туған өлкем» Ө. Тұрманжанов, «Үш бақытым» М.Мақатаев, С. Мәуленов, «Отан» Ж.Смақов, ...)
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында (өлеңінде) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады.сондай өлеңдердің бірі – «Сүйемін, өскен отаным». 2. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу. Әр шумақтың түйінін табу. Не жайлы айтылғанын өз сөзімен дәлелдеу. 3. Сөздік жұмыс: Ескегін – бұл жерде: желін, самалын. Сұлаған – созылып жатқан.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шық.
Сүйемін: топырағын, тасын, думанда елін, кәрісін, жасын, салқын кештерін, ескегін (желін), жылқышының күлкісін, нөсерін (жаңбырын), найзағайын, аспанын, өзенін, баласын (жылаған), жылысып өткен жылдарды.
2.Ақын М.Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында)қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жаз.
Қ. Аманжолов М.Мақатаев
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім. Сүйемін, өскен Отаным,
Қызығыңды көріп еркін келемін. Жылысып өткен жылыңды
Сен де аямай бердің маған барыңды, Қарыздармын сондықтан,
Мен де аямай барымды саған беремін. Беремін талай жырымды.
Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқадың?
Қасым Аманжолов. «Туған жер»
|
Мұқағали Мақатаев. «Сүйемін, өскен Отаным»
|
... ...
... ...
... ...
... ...
|
... ...
... ...
... ...
... ...
|
Көркем шығармалар
поэзия
проза
Өлеңмен жазылады
Қарасөзбен жазылады
(әңгіме, повесть, роман.)
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? М. Мақатаевтың қандай шығармаларын білесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу,
№ 85. Тақырыбы: Қазақстан. Мұқағали Мақатаев.
Мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; Отанына, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін жатқа сұрау. Өлең бойынша ақын нені сүйеді екен?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ақын М.Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Не байқадың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Мұқағали кім? Біз ол жайында не білеміз? Қандай шығармаларымен таныспыз?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе: Мұқағали Мақатаев «Қазақстан» атты өлеңінде, ақын өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Қане , осы өлеңді мәнерлеп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Шумақтар бойынша оқып, түсінгенін баяндау.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға (лирикалық, драмалық) жатады? Лирика деген сөздің мағынасын есіңе түсір. Ол не?
Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.
2.Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді теріп жаз. (табынатын тәңірім, ием, арқа сүйенерім, сүйегім, қаным, Шолпаным (жарық жұлдыз), махабатым, арманым).
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы саған ерекше әсер етті? «Шолпаным» деген сөзді қалай түсінесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.
№ 86. Тақырыбы: Туған өлкем. Қайрат Жұмағалиев.
Мақсаты: Оқушыны Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. . Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға (лирикалық, драмалық) жатады? Лирика деген сөздің мағынасын есіңе түсір. Ол не? Ақын Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін қалай білдіреді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен өз еліңе, жұртыңа, Отаныңа деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіретін едің? Сенің өз ойың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. «Туған өлкем!» дегенде сен өзіңді қалай сезінесің? Қандай әсер пайда болады?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңін оқып көрелік. Қандай әсер алады екенбіз. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің әр шумағын жеке оқу арқылы негізгі идеяны табуға ықпал жасау. Сөздік жұмыс: Кермиық – асыл, жақсы, әсем. Ықылым күн – өткен күн. Өлеңнің негізі неде? Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді тап. (Қазақстаным – мұңдасым, досым, сырласым, кермиық Далам) , ( өмірден іздегенім – көлбеген көлдер, шөлдеген белдер, өр таулар, арда теңізде), (Адамзат білген, білмеген барша байлықтың, Киелі туған топырағым, Бәрі – бір сенде!)
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді? (көлдерін, белдерін, тауларын, теңізін, құмын, нуын, қиырсыз түзін, топырағын).
2.Өлеңге сүйеніп, берілген сөздерге көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қос.
Асау белдер
Кермиық көлдер
Көлбеген далам
Шөлдеген ну
Өр топырақ
Қып – қызыл таулар
Жап – жасыл құм
Киелі жыр
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік? Өсы өлеңді оқығанда қандай сезімді сезіндің? Өзің алған әсерің жайлы не айтар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал.
№ 87. Тақырыбы: Туған жердің ыстығы – ай. Қали Сапарбаев.
Мақсаты: Оқушыны Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» атты әңгімені түсініп оқуға үйрету, әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңі не жайлы? Ақын өзінің туған өлкесі жайлы қандай әсермен айтады? Туған өлкесін неге теңеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің осы өлеңді оқығанда қандай әсер алғаның жайлы айт.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Түйенің қандай түрлері болады? Нар дегеніміз не?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» атты әңгімесі не жайлы екен –ай. Қызықты болар? Оқулықпен жұмыс: дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу. Жазушы қандай оқиғаға куә болды? Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен? Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Автордың айтайын деген негізгі ойын тап. 2. Туған жер, туған ел жөніндегі мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жаз.
Туған елдей ел болмас, 2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Туған жердей жер болмас. Өз еліңде ұлтан бол.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 88. Тақырыбы: Көкшетау. Ілияс Жансүгіров.
Мақсаты: Оқушыны Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жазушы қандай оқиғаға куә болды? Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен? Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Түйенің иесі ботаны құшақтап тұрып не деп айтты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ермекбай нар жайлы не деді? Қылышбайдан қандай хат келді? Онда не жайлы жазылған еді? Түйе мен ботасына не болды? Олар қандай күйге ұшырады? Түйенің емі не екен? Түйені кімге сыйлады?
Ү. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз? Оның қандай шығармаларымен таныстық? Ілияс Жансүгіров (1894 – 1938) - белгілі ақын әрі жазушы, Алматы облысында туған, «Балаларға тарту», «Құлагер», «Балаларға базарлық», «Малта» атты кітаптары бар.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Ілияс Жансүгіров – қазақ халқының аса дарындытақындарының бірі. Балаларға арналған шығармалар жазған . Ілияс Жансүгіров «Көкшетау» өлеңінде айшықты, көркем, бейнелі сөздерді шебер қолданған. Міне, осы өлеңінен әсемдік пен көркемдікті байқап, әсемдікті сипаттап, сүйсініп көрелік. Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумаққа көңіл бөле отырып, талдау. Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған? (2, 4, 5, 6, 8). Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? (3, 4). Ақын тауды кімге теңейді? (бойын күткен сұлуға).
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі бейнелі, көркем сөздерді мына сызбаға сүйеніп, теріп жаз.
Қандай тау? Қандай тас?
Жомарт малта
Момақан маржан
Шипа ақық, меруерт
Бір нәрсені басқалардан бөлектеп, көзге ерекше түсетіндей етіп көрсету үшін көркем, бейнелі сөздер қолданылады. Мысалы: «тау» сөзіне қатысты өлеңдегі «момақан тау», «жомарт тау» дегендердегі «момақан», «жомарт» сөздері тау суретін ерекшеле, бейнелеп көрсетіп тұр.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы білдік? Саған бұл өлең ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 89.Тақырыбы: Алматы – бас қалам,
Жас қала – Астанам. Жарасқан Әбдірашев.
Мақсаты: Оқушыны Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, баланың сөзжұмбақ шешу арқылы іздену, ойлау қабілетін арттыру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленеді деп ойлайсың? Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? Ақын тауды кімге теңейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Көз алдыңа елестетіп көрдің бе? Қане, өз елестетуіңмен сипаттап айтып көрші?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Суреттер топтамасымен жұмыс. Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (оқушылар өз білетіндерін әңгімелейді.)
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе: Жарасқан Әбдірашев – белгілі ақын. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған. Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңінен еліміздің бас қалалары жайлы көбірек білуге тырысайық. Ол кісі қалай әсемдікті шырқайтыны жайлы түсінейік. Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Қарт Алатауды автор кім дейді? (қара шал). Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (бас қала). Елге несі бар қала жарасады дейді? (тауы). Алашаны еске түсіретін қай өлке? (Сарыарқа). Астана қандай даланың сәні? (керілген). Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (болашағы).
Достарыңызбен бөлісу: |