І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері №1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан. Мақсаты



бет8/17
Дата08.11.2016
өлшемі3 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

ҮІІ. Қорыту. Бодан компасты не істеді? Оның орнында болсаң, не істер едің? Мына мақалдарды толықтырып жаз.

Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық.

Өтірік айтып жағынғанша, Шыныңды айтып жалынғаның артық

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

55. Тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды? Бердібек Соқпақбаев.



Мақсаты: Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз. Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.

Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.

Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар? Балалар қайда барды? Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады? Бодан компасты не істеді?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Оның орнында болсаң, не істер едің? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар сендер көктемде қандай жұмыстар жүргізесіңдер? Сол отырғызған ағаштарыңды қалай күтесіңдер? Шынында, мына Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты шығармасында ағаштарға не болды екен?



Ү. Жаңа сабақ: Бердібек Соқпақбаев – атақты балалар жазушысы.1924-1991 жылдары өмір сүрген. «Он алты жасар чемпион», «Алыстағы ауылда», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдыздары», «Аяжан» атты повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романының авторы. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Алмабектің жіберген кемшілігі неде? Ағаштар Алмабекті қалай жазалады? Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Кәрі еменнің сөзін тауып оқы. Ол туралы не айтасың? 2. Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша жаз.

күтпеді

Алмабектің ағаштың түбін қопсытпады

айыбы суғарылмады

әкпен әктемеді

3.Мына мақалдарды дәптеріңе толықтырып жаз.

1. Ер еңбегімен озады. 2. Еріншектің ертеңі бітпейді.

Еріншек езілумен тозады.

Бұл мақалдардың мәтінге қандай қатысы барын дәлелде.



ҮІІ. Қорыту. 1. Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді? 2. Мына сызбаға сүйеніп, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына талдау жасап көрейік.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. № 5 тапсырманы орындау. 2. Бағалау.

56. Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов.



Мақсаты: Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Алмабектің жіберген кемшілігі неде? Ағаштар Алмабекті қалай жазалады? Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді? Ол туралы не айтасың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?

Ү. Жаңа сабақ: бүгінгі сабақта Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді? 2. Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ондағы «Торғай» деген сөздің орнына «Бала» деген сөзді қойып жаз. ( « Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, 2. Бағалау.

57. Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов.



Мақсаты: Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ол жайында не айта аласың? Қалай түсінесің?

ІҮ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді? 2. «Шіркін, егер мен ... болсам» тақырыбына шағын эссе (арманыңды) жаз

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.

58. Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев.



Мақсаты: әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге үйрету: жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімені толық әңгімелету. 2. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды? Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті? Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы:

ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз - «таба», екінші сөз – «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді.



Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. - Балалар, неліктен бұл әңгіме «Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды?

- Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады?

- Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде. Сөздік жұмыс. Дерт – ауру. Шетінеді – қайтыс болды. Төсек тартып ауыру – төсектен тұра алмай ауырып жату. Қолы жеңіл дәрігер – білгір дәрігер. Қуанышы қойнына сыймай – қатты қуанып. Сабасына түсті – көңілі орнына түсті.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді? Шөкінің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі? 2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

ҮІІ. Қорыту. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз:

«Қымбатты, су патшасы ...» ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

59. Тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы.

Мақсаты: әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, әңгіме астарын таба білуге үйрету; жазушының күштілер мен әлсіздер арасындағы айқастыңәсеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Шөкенің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Баланың тілегі орындалды ма? Сенің алтын балықтан сұраған арманың туралы білуге болады ма? Егер ол құпия болмаса.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, құмырсқа жайлы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Құмырсқа илеуі бар сурет бойынша әңгіме құру. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей, жалғастырып оқу. оқушыларды 3топқа бөліп, мәтінді 3 бөлімге бөліп, түсінгенін айтып бір – біріне сұрақ қояды.

1 – бөлім. «Көрші қыз». Бұл бөлімде Ләйлә туралы, оның өсімдіктерді жақсы көретіні, ізденіп оқитыны сөз болады.

2 – бөлім. «Құмырсқалар шайқасы». Бұл бөлімде қоңыр құмырсқа мен қара құмырсқалардың арасында болған майдан туралы айтылады.

3 – бөлім. «Күш біріктіру». Бұл бөлімде құмырсқалардың күш біріктіріп, илеуді үлкейтуге кіріскені таралы айтылады.

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір-біріне айтады. Сонан соң 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші номерлер бір жерге, 2-ші номерлер екінші жерге, т.с.с. жиналады.Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топқа айтып беруі тиіс. Сонда тұтас мәтін толық түсінікті болады.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгіменің бастапқы бөлігін қайта оқы. Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге?Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?

ҮІІ. Қорыту. Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма. 2. бағалау

60. Тақырыбы: Адасқан бала. Қабдеш Жұмаділов.



Мақсаты: Оқушының Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.

Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.

Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге? Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? Оның әрекетін дұрыс деп санайсың ба?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің ата-аналарыңнан адасып қалған кездерің болды ма? Ондай жағдайда не істедіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: Балалар, Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесіндегі жоғалып кеткен бала кім болды екен? Әңгімеден оқып біліп, табуға көмектесейік. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу. Әңгіме кім туралы? Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? (3 топқа, 3 бөлімге бөліп сұрау..)

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жаконың өзіндік ерекшелігін айт. «Ат» болып ойнаған, «жем жеген» тұстарын тауып оқы. (Біраз уақыт Бедел деген балаға «ат» болып ойнады. ... Үй мен бассейіннің арасы арасы едәуір... « Аттар» шаршады. Бұларға енді жем ...).

ҮІІ. Қорыту. Егер саған адасқан бала кездессе, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

61. Тақырыбы: Мектептен жырақ жол. Динара Мыңжасарқызы.



Мақсаты: Оқушыны Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге, негізгі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? Жаконың өзіндік ерекшелігін айт.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзің үшін қандай сабақ немесе үлгі алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер «Ойын автоматына» барып ойнадыңдар ма? Онда қалай?

Ү. Жаңа сабақ: Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесінен осы «Ойын автоматына» ойнаған баланың жағдайы немен аяқталғаныны жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу. Сөздік жұмыс. Жырақ – алыс, қашық. Төбесінен жай түскендей етті – қатты таңдандырды. Құдды – кәдімгі. Қуыстану – ыңғайсыздану. 2. Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып оқы. 3. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті? Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды? 2. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 4 тапсырма. 2. Бағалау.

62. Тақырыбы: Әскербектің әтеші. Роза Әбілқадырова.



Мақсаты: Оқушыны Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесін түсініп оқу арқылы, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті? Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды? 2. Бақытжан қандай бала?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің үйлеріңде тауықтарың, әтештерің бар ма? Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: бүгінгі сабақта біз сендермен Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен Әскербектің кішкене жүрегінің дарқан мейрімділігі жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, жалғастырып оқу. Әскербектің әкесі Көпіштің алғашқы сөзін әңгімеден тауып оқы. Амангелді мен Әскербек әтешке емді қалай қолданғанын өз сөзіңмен айтып бер. Сөздік жұмыс. Қиқымбұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің? 2. Әскербектің әтеші қалай шақырады? Әңгімеден тауып, үлгілік сызба бойынша толықтырып жаз.

Әңгіменің басында

Әңгіменің ортасында

Әңгіменің соңында

өте маңғазданып

Қырылдап

Қинала қырылдап

3.Әскербектің әкесінің соңғы сөзін көшіріп жаз. Бұл сөйлемнен нені түсіндің?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 5 тапсырма. 2. Бағалау.

63. Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы.



Мақсаты: Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)



Ү. Жаңа сабақ: Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.



ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта. ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

64. Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)



Мақсаты: Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.


Ана тілі 4 класс (
Сабақтың түрі:
Сабақтың барысы: і. ұйымдастыру кезеңі.
Түрі: аралас сабақ. әдісі:

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет