Студенттерге берілетін тапсырма :
Байланыстырып сөйлеу деген не?
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері.
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық негіздері.
Байланыстырып сөйлеу туралы ғалымдар пікірлерінен эссе дайындау.
П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз………..
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері
Ш. Студенттердің өзіндік жұмысы. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бағдарламалары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай байланыстырып сөйлеу бөліміне талдау жасау.
2.2. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері.
Мақсаты:. Студенттерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өмір тәжірибелерінде қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны.
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
Мазмұны: 1. Шолу дәрісі. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Яғни сөздің сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген-білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын солай байқауға болады.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.).
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, бірақ ұл кезде баламан сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің, ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек.
Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет.
4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді.
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады.
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің екі түрі бар:
Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесу-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуінде алдын ала әзірленген әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға әңгімеге тақырып боларлық нәрсе жайында қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әңгімелердің аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріспе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.
Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты, яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету екі жастан басталады. Зерттеулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқағанын, тыңдағанын өз сөзімен айтып бере алады. Монологты сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және ойдан шығарып айту. Қайталап айту кезінде бала тәрбиеші түсіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы бойынша баяндайды.
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрап жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |