Әңгімені не ертегіні тыңдаған бала сол шығарма оқиғасымен кейіпкерлердің іс-әрекетімен бірге шығармадағы көңіл-күйді өзі бастан кешіргендей сезімде болуы тиіс.
Шығармада не туралы айтылғанын, сол шығарманың кейіпкерлері не себепті ұнады, ұнамаса қандай мәселелері бар және шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді ажырата алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
Шығарма мәтіні ролдерге бөлініп беріліп, балалар сол ролдер бойынша жауап береді.
Тәрбиеші өз тобындағы балалардың өткен жылы қандай шығармамен танысқанын еске түсіріп отыруы қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыруда ең жиі қолданылатын әдіс тәрбиешінің оқып беруі. Көлемі шағын мәтіндер ауызша жатқа оқылады. Бұл кезде басты көңіл бөлетін жәй балаларды басқаның сөзін тыңдай білуге үйрету, сол арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.
Баяндау әдісі. Бұл әдістің алдыңғыдан айырмашылығы тәрбиеші оқылатын шығарманы сөзбе-сөз емес еркін түрде айтып береді. Яғни мәтінді тәрбиеші қысқартуына да, балаларға қиындық келтіретін бөліміне түсінік беруге болады. Баяндаған, әңгімелеген кезде сол топтағы балалардың сөздерімен шектелмей әдеби тілде сөйлеу қажет.
Жаттау әдісі. Бұл әдіс көбінесе өлеңдерде, мақал-мәтелдерде, оқыған кезде пайдаланылады.
Дидактикалық ойындар. Балаларға таныс шығармалар арқылы жүргізіледі.
Сөздік жұмыс. Әрбір оқылған шығармадағы балаға таныс емес оқиғалар суреттер, көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі қажет.