І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі



бет33/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org

ТӘСІЛДЕРІ:
  1. Шығарманы қайталап оқу – Бұл тәсіл балаға таныс өтілген шығармалар бойынша жүргізіледі.


  2. Таңдап үзінді оқу тәсілі.


  3. Шығарма мазмұнына сай ойыншықтар, суреттер пайдалану.


  4. Кітаптағы дайын суреттерді пайдалану.




Студенттерге берілетін тапсырма:
  1. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің алатын орны.


  2. Көркем әдебиетен таныстырудың міндеттері, әдіс-тәсілдері.


  3. Кітап бұрышы, оның маңызы




ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
  1. Тапсырманың сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады. Көркем әдебиетпен таныстырудың міндеттерін мысалдар келтіріп жан-жақты талдайды.


2.
Көркем әдебиетпен таныстырудың әдістері


Көркем әдебиетпен таныстырудың тәсілдері
3)
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бойынша әдеби шығармалар оқып беру бөлімін әр топ негізінде талдау.
6.2. Көркем әдебиеттің оқылу ерекшелігі.
Мақсаты: Студенттерге көркем шығарманың оқылу ерекшелігін түсіндіріп, балалардың жас ерекшелігіне қарай меңгерту.
Жоспар
  1. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем шығарманы оқытудың ерекшелігі.


  2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде жүргізілетін жұмыс.




Мазмұны: 1.Шолу дәрісі. Қандай да болсын көркем шығарманы түсініп қабылдау балаларға бірден қиындық келтіреді. Алғашқы күннен бастап, баланы оқылған шығармаларды дұрыс тыңдай білуге үйрету қажет. Сондай-ақ көркем шығарма әрі танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәнін түсіндіру. Соған сай әр топқа оқытылатын көркем шығармалардың өзіндік мақсаты болады. Мысалы. 2-кішкентайлар тобындағы ертегі, шағын әңгіме, өлең жаңылтпаш бойынша жұмыстар жүргізіледі және осы топтардан бастап шығарма жанрын ажырата білуге үйрету керек. Осы топтағы тәрбиеші ертегі немесе әңгімені ауызша баяндап бергені тиімді. Ал шығарма үлкен болса шығарманы бөлікке бөліп баяндау қажет. Баяндап болған соң сұрақ-жауап арқылы бала түсінігі тексеріледі. Өлеңмен таныстыруда әрбір сөздің дыбысына орфоэпиялық ережеге көңіл бөлу керек. Оқылған шығарманың мазмұны жағынан бала түсінігіне сай өмірде сол тақырыпқа ұқсас бала таныс оқиғаға сәйкес келсе сұрақ арқылы сол оқиғамен шығарма мазмұнын салыстыру керек. Тәрбиешінің тағы ескеретіні оқылған шығармадағы жаңа сөз мазмұнын түсіндіру, сөйтіп тәрбиеші көркем әдебиетпен таныстыра отырып, бала тілінің жан-жақты жетілуіне, яғни дыбыстық мәдениетімен сөздік қорына, грамматикалық құрылысына әсер етеді. Ал естиярлар тобында көркем әдебиетпен таныстыру күрделене түседі. Бұл топта тәрбиеші оқылған шығармалардың жанрын айтудан бастайды. Сонымен бірге шығарма тіліндегі теңеу, салыстыру сөздерді сол сөзбен мағыналас, балаларға бұрыннан таныс синоним арқылы түсіндіруге болады. Ал өлеңді оқығанда өлеңнің әрбір тармағына, ұйқасқа көңіл бөлу қажет. Бұл топта сөздік қорды дамыту жұмысы одан әрі жалғасады.
Ересек топта поэзия мен прозаны ажырата алады. Сонымен қатар бұл топта кейіпкер ерекшеліктерін талдау, олардың іс-әрекетін бір-бірімен салыстыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, бір ертегіні оқып болған соң, қандай ертегі оқылды? Неге ертегі деп ойлайсың? деген сұрақтар қоюға болады. Бұл топта сөздік жұмыс жүйелі жүргізіуі тиіс. Жаңа сөздерді еске түсіру мен даярлық топта бала кейіпкердің жақсы іс-әрекетіне сүйеніп, жаманнан жиіреніп, өз ана тілінің байлығына көңіл бөлетіндей дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан бұл топта шығарманы бір рет оқығанда бала оның жалпы мазмұнына көңіл бөлсе, екінші рет оқығанда көркемдік жағынан яғни теңеу, салыстыру, анықтауыш, антоним, синоним, әрине бұл топтағы балаларды көркем шығарманы барлық жағынан түсінеді деп айту қиын. Бірақ мәнерліліктің шығарма тілінің көркем құрылысының алғашқы элементімен танысады. Бұл топта да балаларға логикалық анықтама, ереже, терминдер айтылмайды. Тек қана сөз мағыналары балаларға түсінікті тілмен, қарапайым түрде жеткізіледі. Мысалы, шығармадағы құбылысты қандай сөзбен сипатталған, сөзді пайдалану, өз бойыңнан сөйлем құра деген тапсырма орындатуға болады. Бұл топта балалар ертегі мазмұнын ойша жалғастырып, ертегі әңгіме құрастыруға дағдыланады. Сөйтіп өз бетімен шығармашылық әңгіме құрастыруға үйренеді. Жыл аяғында қорытындылау әңгіме ұйымдастыруға болады. Мұндай әңгімелесу кезінде жыл бойына оқылған ертегісі бала есінде қалып, ұнағаны таңдалып алынады және сол шығарманың кейіпкерінің іс-әрекетіне талдау жасалады. Кейіпкердің жағымды қасиетіне өз бағасын беруі тиіс. Бағдарламаға енген әдеби шығармалардың тақырыбы, мазмұны, қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту принциптері іріктелген бағдарламалық шығармалардың барлығы қоғамдық, ғылым техника жетістігіне, еңбек түрлерімен тығыз байланыста алынған. Олар балалардың ақыл-ойын өсіріп, дүниетанымын кеңейтіп, тілін жетілдіреді. Ауыз әдебиетінен кейін қаз-қаз, бесік жыры сияқты өлеңдер баланы тазалыққа, жақсы әдепке үйреніп, өкпелегіш, қиқарлық сияқты жаман әдеттен жирендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет