I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Эмпирикалық зерттеу әдістеріне талдау кестесін құрастыру



бет39/48
Дата22.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#198411
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org

5.Эмпирикалық зерттеу әдістеріне талдау кестесін құрастыру 


Әдіс

Сипаттама


1



Педагогикалық бақылау

педагогикалық процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болғанда ғана тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тіркеу байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу, күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға түсіру жүргізіледі.


2



Тікелей бақылап-зерттеу

мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысыныің тікелей басшысы. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның роліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.


3



Әңгімелесу

алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясые түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі. Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады, әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгңмңлесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.


4



Тестілеу

бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатынкәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі. Тестің мазмұнында мәнсіз белгісіз, мәселен, «орта», «орташа», «жоғары», «жиі», секілді ұғымдар болмағаны жөн. Әр адамның бұл сөздерді түсінуі әрқалай.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет