I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы


Дәріс 4. Болмыс. Онтология және метафизика



бет8/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

Дәріс 4. Болмыс. Онтология және метафизика
Жоспар
1.Болмыс ұғымы
2. Болмыс тағылымы мен категориялары

Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды "материя" ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені, ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын-ды. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған "болмыс" ұғымы ескерусіз қалған болатын. Алайда, бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс - категориалдық жүйеге еңгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең - материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес - идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткеніндей, Құдайдың барлығын, я болмаса, жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды – ол ашық сұрақ. Бірақ, дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан-дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.


Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде "болу", "өмір сүруге" келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде "бытие" - "быть", ағылшын тілінде "beіng" - "to be" – деген етістіктен шыққан). Олай болса, болмыс ұғымы Дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әрине, Дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан-алуан қасиеттері бар – олар көк - қызыл, ауыр - жеңіл, дымқыл - құрғақ, т.с.с.- шексіз айта беруге болар еді. Бірақ, олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни, - болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз әрі қарай ешнәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама.
Алайда, философия тарихына жүгінсек, бұл арада ойшылдардың үлкен қиындыққа тап болғанын байқаймыз. Өйткені, жағалай қоршаған Дүниеге зерделі көзбен қараған адам бірде-бір мәңгі өмір сүріп жатқан нәрсені таба алмайды. Қарапайым адам да, Дүниеде біртуар тұлға да бұл өмірге келіп, содан кейін уақыты келгенде – кетеді. Далада жатқан тас та мыңдаған жылдардан кейін құмға, шаңға айналып ғайып болады. Яғни, болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған біздің бабаларымыз Дүниені "жалған" деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені "Ұлы сағым - Мая" деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты "жоғала бастаған болмыс" , "Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу",- деп түсінді.
Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі қиындық - бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске түссе де - өмір сүріп қала беруі. Бұл ақуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді – ол әрқашанда ағыста болғанымен таусылмайды, өмір сүріп қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет