Еңбек құқығы ұғымы, қағидалары. Еңбек құқығының субъектілері.
Еңбек құқығының ұғымы, пәні және жүйесі.
Еңбек құқығының қағидалары.
Еңбек құқығының қағидалары.
Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Еңбек- адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асуы мүмкін. Алайда еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.Көп жағдайларда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбек нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратқан жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделген еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар табылады.
Еңбек құқығы қатынастары-бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелетін еңбек қатынастары. Әрбір құқық саласының, соның ішінде, еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығының жүйесі- біртұтас саланы құрайтын, кейін құқықтық институттар мен субинституттарға бөлінетін заңды нормалар жиынтығы. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының саласы институттарға біріккен, өзара байланысты еңбек заңнамасының нормаларынан құрылған. Құқықтық институт құқық саласының негізі болып табылады, өйткені заңды нормалар құқық саласын тікелей емес, институттар арқылы құрайды.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлімдер.
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне жататын, қызметкерлердің еңбегін пайдалану және ұйымдастырудың жалпы мәселелерін реттейтін нормалар жатады. Жалпы бөлімге еңбек құқығының пәні, әдісіжәне жүйесі, еңбек қатынастарын реттеудің принциптері, еңбек құқығының қайнар көздері, субъектілердің құқықтық жағдайларын қамтиды.
Еңбек құқығы саласының ерекше бөліміне еңбек заңнамасының барлық басқа нормалары жатады. Олар еңбек қатынасының немесе осы құқық саласының пәніне жататын басқа да қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін Ерекше бөлімнің құқықтық институттарына топтастырылады. Мысалы, еңбек қатынастарының пайда болу, өзгерту мен тоқтату негіздерін реттейтін нормалар еңбек шарты құқықтық институтын құрайды, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттейтін нормалар- жұмыс уақыты мен демалыс уақыты институтын құрайды.
«Қағида» сөзінің өзі латын тіліндегі «principium» сөзінен туындаған және оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылайша, «қағида » түсінігі басшылыққа алынатын идеяны , негізгі ережені , бастаманы білдіреді. Еңбек құқығының қағидалары- бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары- бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін , қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларынтүсінуге болады.
Әрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:
Барлық құқық салаларына , соның ішінде, еңбек құқығына да тән жалпы құқықтық қағидалар- заңдылық, теңдік, демократизм т.б.
Құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар
Тек белгілі бір құқық саласына тән сала ішіндегі қағидалар. Мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары.
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғау , еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарына да тән. Себебі аталған құқық салалары да еңбекті қолдануды (мердігерлік шарт бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді.
ҚР-сы еңбек заңнамасының қағидалары (ҚР еңбек кодексі 4-бап):
1. Адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу
2. Еңбек бостандығы
3. Кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тиым салу
4. Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету
5. Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы
6. Еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету.
7. Тынығу құқығын қамтамасыз ету
8. Қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі
9. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету.
10. Әлеуметтік әріптестік
11. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу.
12. Қызметкерлер өкілдерінің ҚР-сы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілері дегеніміз- еңбек құқықтық қатынастарына және олармен тығыз байланысты қатынастарына еңбек құқықтары мен міндеттері бар және оларды жүзеге асыра алатын қатысушылар.
Еңбек құқығының субъектілерінің түрлері:
азаматтар
әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар- жұмыс берушілер; жеке жұмыс берушілер
еңбек ұжымдары
кәсіподақ ұйымдары
республикалық, салалық және аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар (келісім комиссиялары, бітістіру комиссиялары, еңбек арбитражы, еңбек заңдарына сәйкес еңбекті қорғауды қадағалайтын және бақылайтын органдар)
Заңнама азаматардың енңбек құқығының субъектісі еңбек құқықтық субъектілігі пайда болған кезден бастап есептейді. Еңбекке қабілеттілік заңға сәйкес 16 жасқа толғаннан басталады. Еңбек құқық субъектілігін орнату ережесінен кейбір ауытқушылықтар бар. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Жоғарыда айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.
18 ж толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауіпті жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді. Бұл нормалар императивті болып табылады. Азамат жұмысқа кіріскен кезден бастап, яғни жұмыс берушімен жеке еңбек шартын жасасқаннан кейін, қызметкердің құқықтық мәртебесін иеленеді. Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға
Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері Еңбек Кодексінің 22 бабында бекітілген.
Қызметкердің:
1) Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалу үшін Еңбек Кодексіне сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
8) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
10) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
11) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
12) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;
13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
14) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
16) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
17) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
Қызметкер:
1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.
Қызметкердің Еңбек Кодексінде көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады. Бұл құқықтар мен міндеттер барлық қызметкерлерге қатысты.
Жұмыс беруші- қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе
жеке тұлға. Жұмыс беруші – заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқықтық субъектілікке (еңбек шарттарын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару) әділет органдарында мемлекеттік тіркеу кезеңінен ие болады. Филиалдар да заңды тұлға мәртебесіне ие болмаса да еңбектік құқық субъектілікке ие.Сонымен қатар заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шартарын жасасу, қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие.
Жұмыс берушінің еңбек құқық субъектісі ретінде оның таратылу кезінде тоқтатылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне тиісті жазба жасалғаннан кейін заңды тұлғаның таратылуы тоқтатылады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі. Осы кезеңнен жұмыс беруші еңбек құқық субъектілігін жоғалтады.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері 23-бапта көрсетілген.
Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;
8) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
9) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
10) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
11) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
12) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
13) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
14) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.
Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |