Білім мен біліктілікті бекіту:: құқық ұғымы,мәні және ерекшеліктері туралы тақырыпты пысықтау үшін сұрақтар қою:
Құқық дегеніміз не және оның белгілерін атаңыз??
Нормативтік құқықтық актілер анықтамасы және оның түрлері.
Құқық жүйесі элементтері .
Құқық нормалары.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды ынталандыру.
Үйге тапсырма: - Тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтау.
Негізгі әдебиеттер:Қ.И. Оспанов «Құқық негіздері». Оқулық Алматы, 2007 жыл, «ҚР- ның құқық негіздері». Ашитов З.О Алматы, 2003ж
Қосымша әдебиеттер: Сапарғалиев Ғ.С.«Мемлекет және құқық теориясы»Алматы,2003 жыл.
Мемлекет ұғымы, белгілері және функциялары
1.Мемлекет ұғымы мен белгілері
2.Мемлекеттің пайда болу теориялары
3.Мемлекеттің функциялары
4.Мемлекеттік басқару және құрылыс нысаны
1. Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италяндық ойшыл Николло Макиавелли енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «корольдық», «княздық», «патшалық», «ел», «үстемдік»деген сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.
Мемлекет дегеніміз- бұл адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
А) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген.
Б) оның кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар
В) тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
-Мемлекеттің аумағының болуы
-Мемлекеттік биліктің болуы
-Мемлекеттің аумағында халқының болуы
-Мемлекеттің егемендігінің болуы. Егемендік- мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі.
-Мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы.
-Мемлекетте салық пен салық салу жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар- мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын халық табысының бір бөлігі. Мемлекет халықтан салық алып, оны мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғам қажеттіктерін өтеуге жұмсайды.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның ең ежелгісі- теологиялық (құдайтанушылық) теория. Теология дегеніміз- құдайды, алланы танитын ғылым. Бұл теорияның негізін қалаушылар: Аврелий Августин,Фома Аквинский т.б. Олар мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекет басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория бұл- патриархалдық теория. Патриархалдық теория мемлекет отбасының өсіп-өркендеуінен пайда болады деп түсіндіреді. Оның өкілдеріне Аристотель. Конфуций т.б жатады.
ХV-XVIIІ ғ-да мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Негізін қалаушылар-Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро болды. Олардың пікірінше мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта тұру туралы келісім шарт жасаудың нәтижесінде пайда болды деп есептейді.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және таптардың шығуынан пайда болды дейді.
Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өз ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты бір орталыққа біріктіру мақсатында күштеу әдісін қолданды, соның нәтижесінде мемлекет қалыптасады. Аталған теорияның өкілдері:Е.Дюринг, К.Каутский, Л.Гумплович.
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір-бірімен араласуға қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа ұмтылған, өзара жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық теориясы. Оның көрнекті өкілі- Л.И.Петражицкий.
Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны мемлекет функцияларында көрініс табады. Мемлекет функциялары деп оның қызметінің негізгі бағыттары ұғынылады. Мемлекет функциялары дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі функциялар- аталған ел көлеміндегі мемлекет қызметінің басты бағыттары. Сыртқы функциялар мемлекеттің сыртқы саяси қызметтерінде және оның басқа елдермен қарым-қатынасында көрініс табады. Мемлекеттің мынадай ішкі функцияларын атап өтуге болады: экономикалық реттеу, әлеуметтік қорғау, құқық тәртібін, адам және адамзаттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету функциялары, экологиялық және мәдени функциялар.Сыртқы функцияларға төмендегілерді жатқызуға болады: ел қорғанысы, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау функциялары.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекет механизмі деп аталатын арнаулы мемлекеттік аппарат құрылады. Мемлекет механизмі дегеніміз мемлекеттік ұйымдардың жүйесі, олар арқылы мемлекеттік билік жүргізіледі, қоғамды басқару қамтамасыз етіледі. Ол билік өкілеттігінің болуымен сипатталатын және белгілі бір құрылымы бар күрделі мемлекеттік органдардың жүйесінен тұрады.
Мемлекеттік биліктің қалыптасуы, бөлінуі және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады. Кез-келген мемлекет өзінің басқару, әкімшілік-құрылымдық және саяси тәртіптері белгілері бойынша 3 нысанға бөлінеді.
Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз-мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі.Абсолюттік монархияда мемлекетік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты үш тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырланады және соның тікелей араласуымен, қадағалауымен, келісімімен, рұқсатымен іске асырылады. Абсолюттік монархияның төмендегідей белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монархтың билігін шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; мемлекетті басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы.
Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен не парламенттің іс-әрекетімен шектелген.
Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беру арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі белгілері: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлініп іске асырылуы.
Республиканың президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері бар. Президенттік республиканың негізгі белгілері: мемлекет басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беру тәсілі арқылы сайлануы; мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі; аталған мемлекеттік биліктің тармақтары және мемлекеттік билікті атқарушы органдардың арасындағы қарым-қатынас тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мен қағидасына негізделіп реттеледі; Үкіметті Парламенттің келісімімен Президент қалыптастыратындықтан ол Президент алдында жауапты.
Парламенттік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің ролі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары.Үкімет парламент депутаттарының сайлауымен қалыптасады және Парламент сенімі арқылы елді басқаруды іске асыруға мүмкіншілік алады.
Мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілетті бөлу , мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік-аумақтық құрылымына қарай унитарлы, федератитвті және конфедеративті болып бөлінеді.
Унитарлық ( unitas-бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономды мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын мемлекет.
Федеративтік (foederare-одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан) мемлекеттер-бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер. Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек қана жоғары жалпыфедералдық органдар (мемлекет басшысы,парламент, үкімет, жоғарғы сот, министрліктер, ведомстволар) ғана жұмыс істеп қоймайды, сондай-ақ одақтық армия құрылады, одақтық азаматтық белгіленеді.
Бірнеше мемлекеттердің құрылыс нысаны конфедерация ( confoederatio-одақ, қоғамдастық, бірлестік деген латын тілінен алынған) болып табылады. Ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, экономикалық, дипломатиялық, этникалық және т. б) құрылған мемлекеттер одағы. Алайда, конфедерацияға біріге отырып, мемлекеттер – оның мүшелері ішкі және сыртқы істерде толық дербес және тәуелсіз мемлекеттер болып қалады, өзінің егемендігін жоймайды. Конфедерацияны құрған кездегі алға қойған мақсаттары орындалған соң, оған кірген мемлекеттер- конфедерацияны тарата ма , әлде оны федерацияға қайта құра ма- оның бұдан кейінгі тағдырының мәселесін шешеді.
1. Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италяндық ойшыл:
А) Николло Макиавелли
В) Аристотель №
С) Томас Гоббс
Д) Ж.Ж. Руссо
Е) Кантельон
2. Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның ең ежелгісі:
А) патриархалдық
В) теологиялық №
С) шарттар
Д) зорлық, күштеу
Е) психологиялық
3. Мемлекет отбасының өсіп-өркендеуінен пайда болады деп қай теория түсіндіреді:
А) психологиялық
В) шарттар
С) патриархалдық №
Д) маркстік
Е) теологиялық
4.Психологиялық теория көрнекті өкілі:
А) Л.И.Петражицкий №
В) К.маркс
С) Каутский
Д) Аристотель
Е) Макиавелли
Г рафикалық тест « » дұрыс , «-» дұрыс емес
1. Федеративтік foederare-одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан +
2. Конфедерация confoederatio-одақ, қоғамдастық, бірлестік деген латын тілінен алынған +
3. Парламенттік басқару мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беру арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. -
4. Республика барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің ролі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары -
5. Мемлекет функциялары деп оның қызметінің негізгі бағыттары . +
6. Мемлекеттің басқару нысаны мемлекет басқарылу нысандарына қарай парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді -
7. Унитарлық unitas-достық, ынтымақ деген латын сөзінен шыққан -
8. Зорлық, күштеу теориясы өкілдері:Е.Дюринг, К.Каутский, Л.Гумплович. +
9. Маркстік теория өкілі В. Ленин -
10.Шарттар теориясының негізін қалаушыларға – Аристотель және Конфуций жатады. -
11. Патриархалдық теория өкілдеріне Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро кіреді -
Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
-Мемлекеттің аумағының болуы
-Мемлекеттік биліктің болуы
-Мемлекеттің аумағында халқының болуы
-Мемлекеттің егемендігінің болуы.
Мемлекеттік биліктің қалыптасуы, бөлінуі және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады.
Монархия
|
дегеніміз
|
елдегі
|
жоғарғы
|
мемлекеттік
|
билік
|
мұрагерлік
|
арқылы
|
берілетін
|
өмір
|
бойғы,
|
дара
|
билеудің
|
нысаны.
|
|
|
Мемлекеттің
|
болуы
|
негізгі
|
белгілері:
|
мемлекеттің
|
аумағының
|
болуы:
|
Мемлекеттік
|
биліктің
|
болуы:
|
мемлекеттің
|
аумағында
|
халқының
|
болуы:
|
мемлекеттің
|
егемендігінің
|
Мемлекеттік
|
биліктің
|
қалыптасуы,
|
бөлінуі
|
және
|
іске
|
асырылу
|
тәсілдерінің
|
аталады.
|
мемлекеттің
|
нысаны
|
деп
|
Достарыңызбен бөлісу: |