Байланысты: 228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Жаңа технологиялар ұғымы жайлы Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да көптеген өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиенің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестеп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағыттаған тың әдіс–тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде қазіргі таңдағы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі тұтас педегогикалық процестердің өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оған себеп болған 2004 жылдың 12 – қазаны күні Астанада білім және ғылым қызметкерлерінің болып өткен ІІІ съезі. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың түйінді мәселесіне ерекше тоқталды. Әсіресе, жиналған қауымды қуантқан жағымды жаңалықтың бірі: Қазақстанда 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасын Елбасының өз жарлығымен бекіткені болды.
Кез келген оқыту технологиясы оқушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой - өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.
Бұл сөздер дәлелді болу үшін жалпы технология деген ұғымды саралап кеткен жөн. Технология ұғымы біздің ғасырымызда негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылды. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К.Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет етіп, оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестер барысында тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі – нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардың жоқтығы.
«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.
Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілендіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологияландыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін - өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты. Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдында да күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педогогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туындаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады. Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады. Бұл орталық – бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен қарым – қатынас жасауға бағаытталған.
Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдірек деп есептейді. Осыған байланысты ″білім беру технологиясы″, ″педагогикалық технологиялық″ ғылыми айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, С. Солдинг, В.В. Сериков, В. М. Монахов, В.М. Кларин, И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый, В.В. Гузеев, Н. Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген. Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.
В.М.Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол “педагогикалық технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайда қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы – оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы – білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі” – деп жазады.
П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі – оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез – келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады. Оқыту технологиясы дидактиканың алдын ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі.
Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды талдау нәтижесі оның көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде берілгенін, педагог әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді, бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.
Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қабылданбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін - өзі белсендіруімен, жеке тұлғаның дамуымен, ойлауымен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені игеруге ерікті.
Осы тұрғыдан Н.Д.Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: Педагогикалық технологиялар – теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін - өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс - әрекеттер кешені.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде елуден астам жаңа технология қолданылады екен. Педагогикалық технологияның кем дегенде үш мәні бар:
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатта аудиовизуальды құралдарды, телеарнаны, компьютерді, басқа түрлі қатаң (hard-Ware) және жұмсақ (soft-Ware) құралдарды қолдану.
Педагогикалық технология - барлық оқу процесінің жоспарлау, іске асыру, бағалау әдіснамасы және техникалық пен адам ресурсын, олардың өзара әсерін ескере отыра білімнің тиімді формасына жетуде ілімді меңгеру. Бұл мағынада педагогикалық технология жүйелік талдауды теориялық құрал ретінде қолданады.
Педагогикалық технология - оқытушының оқу процесінде студентке ықпал жасау тәсілі туралы ілім .
Осы айтылғанға орай педагогикалық технология оқу аудиториясында педагогикалық процестердің жетістігін қатаң ғылыми жобалап, қайта жаңғыртушы ретінде деуге болады. Кез келген жаңа ендірілген педагогикалық технология сияқты модульді рейтингті технология келесідей талаптарға жауап беруі керек:
Осының алдында енгізілген технологиялардың барлық жақсы жақтарына сүйеніп; басқа пәндерді оқытудың алдыңғы қатарлы тәжрибесін, оқытуды ұйымдастыруға арналған нұсқауларын ескеруі керек;
Оқу процесін жүргізуге әр текті кафедралар қатысатындықтан олардың өздік ерекшеліктерін ескеріп, нақты әрі ықшам талаптарын қанағаттандыру қажет;
Қазіргі заман талабына сай есептегіш машиналардың мүмкіндігін барынша тиімді қолдану керек.
Жаңа педагогикалық технология ғылымилық, жүйелілік және объективтілікке ұмтылуы үшін зерттелуші процеске әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың бүкіл кешенін ескеру керек. Сонымен бірге жоғары білім, ғылым, өндіріс және қоғамның маманды әзірлеу сапасына қоятын талаптарын басшылыққа алған дұрыс. Ондай талаптар мемлекеттік білім беру стандарты, маманның әрекетінің үлгісі, кәсіби сипаттама және тағы да басқа құжаттарда белгіленген.
Педагогикалық технологияның баяндалуы жалпыға бірдей түсінікті әрі қайта жаңғыртуға жарамды болуы үшін арнайы жолмен құрылымданған болу керек. Оны басқа оқытушылар қолданып аз уақыттың ішінде жақсы нәтижеге және алға қойған мақсаттарына жете алатындай болғаны жөн. Ал мұндай мүмкіндікке жеткізетін педагогикалық жүйелер теориясы. Себебі педагогикалық жүйе оқу- тәрбиелік процесті меңгеру мен ұйымдастыруды жан – жақты көрсететін құрылым.
Неміс педагогы А.Дистервег өзінің әйгілі «Неміс мұғалімінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді», - деген.
1.2. Сыни тұрғыдан ойлау мәселесі жайлы
Міне, осындай оқудың жаңа технологиясының біріне сабақты, дәрісті өткізуді «сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. «Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен, сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы, оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқығымыз бар. Біз тіптен басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқығымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Кейбір оқушылар өзінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де, мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмай, оқушыларды ең қиын деген түсініктерді қабылдап әр түрлі мәліметтерді есіне сақтауға дағдыландырады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек жоғарғы сынып оқушыларының ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешіп табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумасынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен, нағыз наным үрдісі өзінің кез – келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныстарымен сипатталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.
Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқаның ой түйінін сынайды, олардың мәнді мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған сайын оларда төрт параметрдің көрсеткіштері өседі.
Жекеден → дамуға
Дифференциалдыдан → сенімділікке
Интуициядан → логикалыққа
Бір перспективадан → көптеген перспективаға
Ал бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:
Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту
Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу
Проблеманы шеше білу
Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет
Өз ойларын тиянақты түрде қорытып, жеткізе білуі керек
Сарамандық іскерлік пен дағдыны қалыптастыра білуі қажет
Алған теориялық білімін іс-тәжрибеде нақты қолдана алуы.
4-сурет Сыни тұрғыдан оқытуда қолданылатын тәсілдер
«Болжамдар ағашы» тәсілі әдеби мәтінмен жұмыс істейтін американдық Дж. Белланстан алынған. Бұл тәсіл әңгіме мен повестегі сюжет бойынша болжамдар құруға бағытталған. Аталған тәсілмен жұмыс істеу ережесі төмендегідей: ағаш діңі–тақырып, бұтақтары болжамдар, ол екі бағыт бойынша тармақталады- «мүмкін» және «шындық», бұтақтар саны шектеусіз, ең соңында жапырақтар болжамдардың негіздемесі, ол екі пікірдің бірінің пайдасына бағытталады.
"Күнделіктер мен борттық журналдар"
Материалдың көрнекіленуі мәндік кезеңде бастаушы тәсілге айналады мысалы күнделіктер мен борттық журналдардарды қолдануды алсақ.
Борттық журнал – оқушылар тақырыпты оқыған кезде өз ойларын қысқаша жазуын жалпылаушы әр түрлі тәсілдер жиыны. Борттық журнал қарапайым формада қолданылады, материалды оқудың алдында оқушылар келесідей сұрақтарды кестеге жазып, мәтінмен танысу барысында ол сұрақтарға жауап береді:
Осы тақырыптан маған не таныс?
Мәтіннен мен не білдім?
Мәтіннен қажетті деген жерлерді тауып оқушылар борттық журналға тіркейді.Мәтінді оқу барысында, арасында тоқтаған кездерде оқушылар борттық журналдың кестесін оқыған тақырыпты өз тәжрибесімен, өзінің қоршаған әлемді түсінуімен байланыстырып толтырады. Осындай жұмысты жүргізе отырып оқытушы барлық процестер көрнекі болуын қадағалайды және оның кейіннен оқушының қолдануына жарамды болуына көңіл бөледі.
Қызықты тәсіл болып «Қосжақты күнделік» есептеледі. Бұл тәсіл оқушыға мәтін мазмұнын өз тәжрибесімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Қос жақты күнделік сабақ үстінде мәтінді оқу кезінде қолдануға болады, әсіресе үйге берілген үлкен мәтінмен жұмыс істеу кезінде қолайлы
Үзінді
Шолу
Күнделіктің сол жақ бөлігіне оқушылар мәтіннің өзіне қатты әсер еткен жеріненен үзінді келтіреді. Ал күнделіктің оң бөлігіне неге осы үзіндіні алғаны жайлы түсініктеме береді. Оқушы қос жақты күнделікпен жұмыс істеу кезінде мәтінді толық түсініп, қабылдайды. Оқытушы мәтіннің белгілі бір эпизодтарына көбірек көңіл аударту үшін оқушыларды өзінің ойларымен таныстырады.
"Үш жақты күнделік" оның үшінші графасы «мұғалімге хат» деп аталады. Оқушы тек мәтінмен жұмыс істеп қана қоймай өзін толғандырған мәселер жөнінде мұғалімге жазбаша сұрақ қояды, яғни оқушымен мұғалім арасында диалог жүзеге асады.
Үзінді
Шолу. Не себепті осы үзінді сенің назарыңды аударды?
Мұғалімге сұрақ
Кластерлер, авторы Гудлат
Мәтіннің мәнді бөлігін бөліп алып шоғыр түрінде, белгілі ретпен көркемдеу.Жетекші тәсіл ретінде шоғыр (кластер)есептеледі. Қандай да бір нәрсені жазғанда біз ойымызда жақсы қалу үшін ретпен орналастырып, категориямен реттейміз. Шоғырлар -материалды жүйелеудегі графикалық тәсіл. Біздің ойымыз шоғырланып, белгілі тәртіппен орналасады. Ереже өте қарапайым. Күн жүйесінің схемасын сызамыз: ортада күн айналасында планеталар олардың серіктері. Ортадағы жұлдыз ол біздің тақырыбымыз, айналасындағы планеталар ірі мәнді бірліктер, оларды жұлдызбен түзу сызық арқылы жалғастырамыз, ал әр планетаны өзінің серіктерімен жалғастырамыз. Кластерлер оқушыға жазбаша жұмыс кезінде көмекші ойлар қоры жеткіліксіз болғанда көмекке келеді. Кластерлер жүйесі кәдімгі жазбаша жұмысқа қарағанда ақпараттың мол көзін қамтиды.
«Кілттік сөздер»
Сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін әр түрлі тәсілдер арқылы жоғарлатуға болады, солардың бірі «кілттік сөздер» тәсілін қолдану. «Кілттік сөз» оқушыларға әңгіме құрауға, оны белгілі бір бағытта өркендетуге мүмкіндік береді. Және ойлап-толғау кезеңінде материалды кеңейте отырып өз ойын бекітуіне болады.
«Дұрыс және қате пікірлер» немесе «сіз сенесіз бе»
Аталған тәсіл сабақ басында жүргізіледі. Оқушылар оқытушы айтқандарының ішінен дұрыс пікірді таңдай отырып берілген жағдаятты сипаттайды.
Инсерт, авторлары Воган мен Эстес
Бұл тәсіл бойынша оқушыларға мәтінді оқу кездерінде кітап жолдарында қарындашпен белгі қойып отыру тапсырылады. Аталған тәсіл көбінесе ойланып –толғану кезеңінде қолдануға ыңғайлы. Осы тәсіл көмегімен оқушылар «Инсерт» кестесін құрайды. Бұл кестедегі жолдар саны кітап жолына қойылған белгілер санына тәуелді. Мыалы келесідей белгілер қоюды ұсынуға болады: 2 белгі «+» және «V», 3 белгі «+»,«V», «?» немесе 4 белгі «+»,«V», «?» «-».Оқушылар бір рет оқып шығып, өздерінің бастапқы болжауларына қайта айналып келеді. Нәтижесінде олардың білгендері мен болжағандарының мөлшері артып, белгілер саны өседі.
Келесі қадам инсерт кестесін толтыру, ондағы баған саны белгі санына сәйкес келеді.
Кесте 2 Инсерт
«V»белгісін жол шетіне қоясыз, егер берілген сұрақты сіз білсеңіз немес білемін деп есептесеңіз
«+» Егер оқығаныңыз сізге белгілі болса осы белгіні қоясыз
«-»Егер оқығаныңыз сіздің білгеніңізге қайшы келсе осы белгіні қоясыз
«?»Егер оқығаныңыз сізге түсініксіз болса немесе толығырақ мәлімет алғыңыз келсе осы белгіні қоясыз
Аталған тәсіл ойланып-толғану кезеңінде қолданылады. Кестені толтыру үшін оқулық мәтінін тағы қайталап оқып шығу керек. «Инсерт» технологиялық тәсілі ақпаратты жинақтау процесін көрнекі етіп «білетіннен» «білмейтініне» өтуге мүмкіндік береді
Маңызды кезең болып кестеге енгізген жазуларды және мәтіндегі белгілеулерді талдау есептеледі.
«Біріктіре оқыту» немесе «ынтымақтастықта оқыту» - топпен жұмысы. Бұл жұмыс оқушылардың топпен немесе осы мәселе бойынша жұппен жұмысқа бағыттайды. Жұмыс нәтижесіндегі жаңа пікірлермен ойлар талқыланып, дискуссия жүргізіледі. Бірлесе оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда көп мөлшерде шындыққа жанасымды.
Зигзаг (бұрылыстар).аталған тәсілдің мақсаты көлемі үлкен материалды оқып жүйелеуге бағытталады. Ол үшін алдымен мәтінді өзара оқыту үшін мағаналы үзінділерге бөлеміз. Үзінді саны топ мүшелері санымен сәйкес келуі керек. Мысалы топта 5 адам болса онда мәтін 5 мағаналы бөлікке бөлінеді.
Қызығуды ояту кезеңі кез келген бұрыннан белгілі тәсілді қолданып іске асырылады. Бұл стратегияда қызығуды ояту кезеңі болмауы да мүмкін. Себебі үлкен көлемді мәтінмен жұмыс істеудің өзі қызығуды ояту болып табылады.
Ойлану кезеңі. Сыныпты топқа бөлеміз. Топқа әр түрлі мазмұнды мәтіндер беріледі. Әр оқушы өзіне берілген мәтінмен жұмыс істеп, негізгісін аша отырып тірек конспектісін құрайды. Немесе «кластер» сияқты графиктік формалардың бірін қолданады. Жұмысты аяқтаған соң оқушылар оқушылар тобына өтеді.
Толғану кезеңі «эксперттер» тобындағы жұмыс. Жаңа топтар құрылғанда әр топта бір тақырып мамандары кездесуін ескереміз. Өз жұмыстарының нәтижесі жайлы пікір алмасқанда тақырып бойынша әңгіменің презентациялық сызбанұсқасы құрылады. Қорытынды презентацияны кім өткізетіні жайлы сұрақ шешіледі. Осыдан кейін оқушылар қайтадан өз топтарына оралады. Өзінің жұмыс тобына қайтып оралған эксперт топтың басқа мүшелерін өз тақырыбымен жалпы презентациялық сызба нұсқаны қолдана отырып таныстырады. Топтың барлық мүшелері арасында ақпаратпен алмасу өтеді. Осылайша әр топта эксперттер жұмысының арқасында оқылған тақырып жайлы жалпы мағлұмат қалыптасады.
Келесі кезеңде жеке тақырыптардың презентациясын бір эксперт жүргізеді. Қалғандары қосымшалар енгізіп, сұраққа жауап береді. Осылайша тақырып екінші рет тыңдалады. Сабақ соңында шығармашылық немесе зерттеу жұмысы орындалады.
Зигзаг 2, авторы Славин.
Бұл тәсіл көлемі кіші мәтіндерде қолданылады. Алдыңғы тәсілден айырмасы, мәтінді барлық оқушылар оқиды. Топтарға бөлу принципі мәтінге берілетін сұрақтар саны топ мүшелерінің санына тең болуы қажет.Эксперт тобына бір сұрақты кең қарастыру үшін мамандар жиналады.Олар өзара пікір алмасып, сұраққа толық жауап әзірлеп, оны қалай жеткізу жолын қарастырады. Жұмыс тобына оралған эксперттер берілген сұрақтарға берілетін жауаптар нұқасын бірітндеп береді.
«Сіз қалай ойлайсыз?» ойыны.
4-6 адамнан тұратын топтың карточкалармен ойыны.
Әзірлік. Оқытушы барлық топтарға сызбанұсқа бейнеленген қағаз парақтарын таратып береді.
Ойын тәртібі:
Әр топ карточкалар жинағын алады. Топтан бір адам карточкаларды араластырып таратады. Бір адам көп, бір адам аз карточка алатын болса ол аса маңызды емес.
Әркім өзіне берілген карточканы оқып, оны қай жерде орналасу керек деп есептесе сол жерге бетін жоғары қаратып қояды. Мысалы карточкалардың біреуінде «Әр қатысушы өз ойын айтуына болады, егер қажет деп тапса» деген сөз болсын. Егер бұл тезис ӘРҚАШАН әсер етеді десеңіз карточканы орталық алаңға саласыз. Егер бұл тезис көпшілік жағдайда дұрыс деп ойлайтын болсаңыз онда аралық алаңға салынады. Егер бұл тезис тек кей жағдайда ғана әсер етеді деп ойласаңыз шеткі алаңға саласыз.
Топтың барлық мүшелері карточкаларын салып біткен соң, топтың әр мүшесі ақылдаспастан басқалардың таратқан карточкаларын оқуға кіріседі. Егер топ мүшелерінің біріне карточка дұрыс орналаспаған сияқты болып көрінсе, онд ол карточканы теріс аударып қояды.
Жұмыстың осы кезеңі аяқталған соң нәтижесі талданады. Аударылмай қалған карточкаларда жазылғандар топтың пікірінің қандай екенін білдіреді.
Келесі кезең әрбір аударылған карточканы талдауға араналады. Топ мүшелері алдымен ол карточканы алаңға кім салғанын, одан кейін оны кім аударғанын анықтайды. Содан кейін топ мүшелері әр карточка қайда орналасқаны дұрыс екенін талқылайды. Егер топ мүшелері бір шешімге келмесе онда олар компромисс іздейді.