I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет221/369
Дата04.10.2023
өлшемі2,32 Mb.
#183615
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   369
Байланысты:
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жа-emirsaba.org
Презен Сана1
19. 
Мәтінге атау беріңіз 
A. «Айдар» есімі туралы
B. Айдар шаш
C. Бүгінгі шаш үлгісі
D. Қарын шаш
E. Тайланттық Айдар

1-мәтпі
20. 


Мәтін стилін анықтаңыз 
A. Ресми
B. Көркем әдебиет
C. Іс қағаздар
D. Ғылыми
E. Ауызекі сөйлеу

1241 нұсқа 
Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала
қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты. Көктегі шыжыған
қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала-төңірек, жер-дүние,
жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді.
Ойпаң - көк ала құрақты кішкене көлшүмек. Айнала төңірек ылғи белес. Күншығыс жақтан
Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жотаның оң
жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала.
Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл жібек кілем
төсегендей. Көк ала көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті
көрінеді.
1. 
Мәтіндегі ауа райы 
A. Ыстық күн
B. Салқын күн
C. Ызғарлы күн
D. Самал желді күн
E. Ала бұлтты күн
2. 
Мәтінде ненің суреті сипатталған? 
A. Көкшетау қаласының
B. Құрақты көлшүмектің
C. Ағынды өзенің
D. Көкше тауларының
E. Қиырсыз даланың

Ертеде тамақ таба алмай ашыққан, суық үйде жатып күнелткен бір кедей болыпты. Жас жігіт


өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен:
-Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып-тасып өмір
сүрер едім,- деп жылауын қоймайды.
Бір күні жігіттің лашығының қасынан көпті керген көреген қарт өтіп бара жатады. Ол жігіттің
жылаған дауысын естіп:
-Here жылап отырсың? - деп сұрайды. Кедей неге жылағанын айтып береді. Қарт:
-Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш тендесі жоқ байлық бар, - дейді.
Жігіт қарттың сөзіне таң қалады:


185



-Менде қайдағы байлық, байлық болса, мен осылай жылап отырмас едім,
деп қартқа тіл қатады.
-Сенің, екі көзің бар, біреуін маған сат. Қартайғаннан жанарымның оты азайып барады, - дейді
қарт.
-Жоқ, көзімді ешқандай ақшаға да, байлыққа да сата алмаймын.
-Жарайды, ендеше екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді қарт.
-Жоқ! Қолымды бермеймін, - деп айқайлайды жігіт.
Сонда қарт орнынан тұрып:
Сенің кедейлік туралы айқайлағаның қазіргі денсаулық үшін айқайлағаныңа жеткен жоқ. Сен
байлықтың не екенін ұққан жоксың. Дүниедегі бірінші байлық - денсаулық, осыны ұмытпа! -
депті де қарт көзден ғайып болыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   369




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет