B.
Кәріліктен аң аулай алмайтын құс
C.
Қалғығанда тұғырынан құлап кететін құс
D.
Қартайған, дегенмен күш-қуаты бар құс
E.
Саятшылыққа шығатын жас құс
10.Құсбегінің ауқаттылығының дәлелі
A.
Тұғырының ыңғайлылығы
B.
Тұғырдың орнықтылығы
C.
Тұғырының биіктігі
D.
Тұғырының әсемдігі
E.
Тұғырының салмағы
11.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A.
Тұғырды жасауда не ескерілу керек?
B.
Тұғырды қандай ағштардан жасайды?
C.
Тұғырдың неше сирағы болады?
D.
Тұғырды жасауды кімдер үйреткен?
E.
Бүркіттің
шалғысы шамамен неше
қарыс?
12.Мәтінде кездесетін тұғыр жасауда құсты баптап өсіруге қажетті заттар
A.
ауқат, алтын, күміс, тұғыр,
B.
ағаш, қус қонар, тамыр, муйіз
C.
ағаш, киіз, шым, тас, саз
D.
алтын, ағаш, құс басар, ауқат
E.
ағаш, алтын, күміс, мүйіз
4 мәтін
Алты ай қысы, алты ай жазы бар Арқаның алыстағы бір ауылында Қасым деген
уста болды. Ол кісіні ауылдастары «Дырылдай ұста» немесе «¥ста» деп қана
атайтын. Сірә, ұстаханасынан үнемі дырылдап дыбыс шығып жататын болған
соң солай атаған болу керек. Қасым ұстаның қолынан келмейтін нәрсе
болмайтын.
Жыланкөз сақинадан бастап, арбаға дейін жасай беретін. Бір
ғажабы, ол кісінің жасайтын зат-мүліктері жыл он екі айдың әр маусымына
орай бөлініп, белгілі бір уақытта ғана дайын болушы еді. Мәселен, жаз
айларында киіз үйдің сүйегін басатын, ер шабатын, шаңырақ пен арба
дөңгелегін иетін, қобыз бен домбыра жасайтын. Ал қыс айларында тері илейтін,
небір мәнерге салып ат әбзелін өріп шығаратын. Мүйіз қақтап, сүйек өңдейтін,
сақина-білезіктер соғып, кемер белдіктер жасайтын.
Көктем шығып, тоң
жібіген шаақта қысқы соғымның терісін шелі мен түгінен арылтып, саба
жасаудың қамына кірісетін.
Қысқасы, Қасым ұстаның осылайша маусым-маусымға бөліп алып тындыратын
кыруар ісі алдын ала ойланып-толғану арқылы, күні бұрын қамданып-сайлану
арқылы, кыстың қамын жазда, ал жаздың қамын қыста ойлаумен жүзеге асып
жататын. Бүгінде ойлап отырсақ, мұның өзі ден қойған ісіне жан-тәнімен
берілген хас шебердің сұлулыққа іңкәрлігінен екен. Ол үшін өмірінің мағынасы
- өзгенің көңіліне қуаныш ұялату болатын. Мұндай ниет оның қолынан шыққан
заттың бәрін шынайы өнер туындысы етіп шығаратын.
Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді
жыл он екі ай бойы жинап
жүретін. Бәрін ерінбей-жалықпай күн тимейтін, көзге түсе бермейтін саялы
қалтарысқа жинап қоюшы еді. Күндердің күнінде көктем шығып, жер қарайып,
ел жайлауға көшетін мезгіл жететін. Осы кезде ұста қыстау қасынан аққан
бұлақтың табанындағы қара қорыс, көк ала сазды белшесінен қазып, жыл бойы
жинаған мүйіздерін сол сазға көміп кететін. Қандай құпиясы барын кім білсін,
Қасекең мүйіздерді қараандыз деп аталатын дәрілік қасиеті бар өсімдік қалың
біткен жердің ми батпағына көмуді ұнатушы еді.
Осылайша мүйіз біткен қорыс құшағында қала береді. Қасым ұста елмен бірге
жайлауға көшеді. Кар жауғанда қыстауына оралған
ұста көктемгі көмбенің
тоңын ойып, мүйіз атаулыны үйге алып келеді. Әкелмес бұрын көрші- қолаңды
178
аралап, ауылдастарының қайсысына не қажет екенін біліп алады. Біреу ожау
дейді, біреу қамшы caп дейді, енді біреулер бал қасық, кездік caп, ұршық,
піспек, оқтау, тарақ, табақ сияқты ірілі-үсақты қыруар затты тапсырып жатады.
Бір ғажабы, Касым ұста соның бәрін қалт жібермей жадына сақтайды.
Содан ми батпақтан алынған мүйіздерді
жылы суға салып, саз-топырағын
жуып, кәдеге жаратуға кіріседі. Мүйіздерді сазға көму себебін сұраған жанға
Қасым ұста: «Е-е, шырақтарым, бес-алты ай бойы кара қорыс миға батқан мүйіз
біршама жұмсарып,
өңдеуге жеңіл болады, мүлік болып шыкқан соң ыстық-
суыққа шыдамды, қаңсып-жарылу дегенді білмейді», - деп жауап беретін.
Ол арқардың шомбал мүйізінен аққу мойын, бүйрек бүйір ожауды
ыңғайлайтын. Серкенің қарағайдай қара мүйізін
қамшы саптың жобасына
келтіретін. Түйенің табан мүйізін дәрілерді салатын қүты сауытқа, сиыр мүйізін
шаш тараққа, жылқы тұяғын көз қарыққанда киетін көзілдірікке ыңғайлап
тастаушы еді. Қысқасы, мүйіздің бәрі кәдеге жарайтын.
Қасым ұста көк ала мәрмәр сияқты аққу мойын мүйіз ожауды жасап біткен
кезде, аударып-төңкеріп қарап отырып: «Бұл жарықтыққа сүттің өңезі
жабыспайды,
астың дәмін бұзбайды, шыбын қонбайды, несін айтасың,
қонақжай келіншектің көркі ғой!» - деуші еді.
Достарыңызбен бөлісу: