I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Шөген ойынын Үндістанға жеткізгендер



Pdf көрінісі
бет176/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

3.Шөген ойынын Үндістанға жеткізгендер 
A.
Әзірбайжандар 
B.
Көшпелі қазақтар 
C.
Еуропалықтар 
D.
Қытайлықтар 
E.
Жетісулық моңғолдар 
180


4.Шөген ойынын спорттық деңгейге көтергендер 
A.
Қытай халықтары 
B.
Көшпелі халықтар 
C.
Еуропалық халықтар 
D.
Үндістан халықтары 
E.
Әзірбайжандар 
 
5.Шөген ойынының Орта Азиядан шыққанының дәлелі 
A.
Түркі әлемінің тарихи жазбалары 
B.
Еуропадағы поло ойынының түп тарихы 
C.
Тибеттік қолжазбалар 
D.
Көшпелі халықтар ойнағаны 
E.
Көне парсылардың ойнағаны 
6.Мәтін мазмұнынан алшақ ой 
A.
Шөгенді спорттық деңгейге көтергендер - көшпелі халықтар.
B.
Шөген ойыны Үндістанға Орта Азиядан барған. 
C.
Көшпенділер атпен ойнаған спорттық ойындар болмаған. 
D.
Асқар Егеубаевтың еңбектерінде шөген ойыны туралы айтылады. 
E.
Парсылар 2500 жыл бұрын шөгенді ойнаған. 
3 мәтін 
Қазақтың бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір 
дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ, скиф, ғұн және түрік 
қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіптік бейнелеу өнері 
XIX ғасырда ғалым Шоқан Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу 
өнерінің негізін қалаған классик суретшілеріміз Ә. Қастеевті, О.Таңсықбаевты 
атауға болады. Бұлардан кейінгі суретшілер казақ өнерін әлем танитындай 
биікке көтерді. 
Бейнелеу өнерін қазақ халқы ағаш, тоқыма бұйымдарында талғаммен 
қолданған. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдік таба білу қабілетіне 
ие болған. Көргенін есте сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен 
ойлап, талдаған сәнді де қайталанбас біртуар қолөнер шеберлері үй 
бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әртүрлі металл және сүйек 
өңдеу ісімен айналысқан. Соның бірі - ши тоқу өнері. 
Иран, Қытай, Моңғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік- 
шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін 
ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, 
әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл 
өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Оқтай түп-түзу әрі өте 
берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде 
кәдеге асты. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақтан бастап, киіз үйдің құрамдас бөлігі 
ретінде, қоршау ретінде де қолданылған ши- оған салынған әдемі ою- 
өрнегімен, келісті бейне-суретімен үй ішін де безендіріп тұрады. 
Ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарай үш түрге бөледі. Олар - ақ ши, 
ораулы ши және шым ши. Казақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл 
аталғандардың әрқайсысы өз орнымен қолданылады. 
Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт-ірімшік 
жаюға өре ретінде, сондай-ақ, үйдің төбесін сыларда біркелкі, тегіс әрі ыңғайлы 
болу үшін ақ шиді қолданған. Ақ ши дегеніміз - қабығынан аршылған, оралмай 
тоқылған ши. Ақ шиді қазақ өре ши деп атаған. 
181


Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши 
немесе ораулы ши деп атайды. Әр тұсынан өрнек сала оралған бұл ши түрі 
көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни, үй ішін безендаріп, ою-өрнекпен, түрлі 
бейнемен суреттеген. Сондай-ақ, орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің 
керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған. 
Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде жез 
ши деп те атау ерте уақыттан жез оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы 
өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде 
пайдаланылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет