көптеген әскери өнерлерді үйрендім. Мен бұл өнерлерді жақсылап үйренген
соң, ұстаздарым мені атамның алдына алып барды.
«Ей, Әмір, ертең далаға шығып, перзентіңіз ханзаданың үйренген өнерін
көрсеңіз», — деді. Әмір: «Жарайды, келістік, көрсек көрейік», - деді. Мен
екінші күні барлық білген өнер-ілімімді атама көрсеттім. Атам оларға алғысын
айтып, жақсы сыйлар жасады. Соңынан атам оларға: «Перзентім үйреткен
істеріңіздің бәрін жақсы біліпті, өнерлеріңздің жақсысын үйретіпсіздер және
бір қажет өнер қалыпты», - деді. «Ол қандай өнер еді?» - деп сұрады
ұстаздарым. Атам: «Бұл үйреткен өнерлеріңізді қажет кезінде басқа кісі атқарса
да болады, бірақ керек уақытында ұлымның өзі ғана орындап, басқалар атқара
алмайтын өнерді үйрете алмапсыздар», - деді. Содан кейін Әмір екі кемешіні
Әбескүннен шақырып алып, мені соларға тапсырды. Олар маған суда жүзу
өнерін үйретті. Мен қаласам да, қаламасам да үйренуге мәжбүр болдым және
жақсы үйрендім.
Бір күні бірнеше кісілермен кемеге отырып, Джала дариясынан өтетін
болдық. Тағира дейтін жерде сарқырама, қауіпті иірім бар еді. Шебер
кемешілер сол жерден көп еңбектеніп өтетін. Біз кемемен сол жерге жеттік,
кемеші онша шебер емес екен, кемені қалай етіп жүздіруді білмеді.
Нәтижесінде жиырма жеті кісі бірден суға қарық болдық. Солардың ішінен мен
және мен аттас Қайқаус дейтін құлым судан жүзіп шықтық. Осы оқиғадан соң,
шын ықыласыммен атама шектен тыс алғысымды айтып, мүсәпірлерге қайыр-
садақамды бердім.
Атамның басынан да осындай оқиға өткен екен, сондықтан маған жүзу
өнерін үйретіпті. Демек, әртүрлі өнер мен ілімді перзентіңе үйретсең, аталық
парызыңды өтеп, оған мейір-шапағат жасап, дүниедегі түрлі пәлекеттерден
құтылуға себепкер боласың. Адам өз басына қандай іс түсетінін білмейді...
Қиыншылық жағдайда үйренген өнерің мен ілімің қажетіңе жарайды. Демек,
перзентіңе ілім, өнер үйретуде кемшілікке жол берме!
Достарыңызбен бөлісу: