I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Математиктің зерттеу нәтижесі бойынша жұмбақ тас



Pdf көрінісі
бет180/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

3.Математиктің зерттеу нәтижесі бойынша жұмбақ тас 
A.
Су үстінде тұрған тас 
B.
Қалбатаудан әкелінген тас 
C.
Ұршықтың басы 
D.
Аспаннан түскен дене
E.
Толағай әкелген тас 
 
4.Тасқа елдің назар аударуының себебі 
A.
Тастың ұршықтың басына ұқсауы , 
B.
Тастың метеорит екендігі 
C.
Тастың «Бөрітостаған» аталуы 
D.
Тастың орнынан қозғалмауы. 
E.
Тастың таулардан алшақ жатқандығы 
5.Аңызда сөз болған ертегі кейіпкері 
A.
Толағай 
B.
Бөрітостаған 
C.
Ұршықтас 
D.
Қалбатау 
E.
Бөрітастаған 
6.Тастың су көзінің үстінде жатқандығына дәлел 
A.
Тас астынан судың ағуы 
B.
Жергілікті халықтың пікірі 
C.
Геологтердің пікірі 
D.
Тастың суық болып тұруы 
E.
Тас астының үнемі ылғал болуы 
3 мәтін 
Сегізаяқтар үйретуге өте бейім жануар болып шықты. Сегізаяқ көрші 
ұядағы шар ұстауға биологтар жаттықтырған басқа сегізаяқтардың қимылын 
бақылап жүріп үйреніп алған. Біздің кейіпкеріміз де олардың әрекетін 
айнытпай қайталап шарды қармап алады. Егер мұхитта жүрсе, сегізаяқ жеуге 
жарамсыз шарға көңіл аудармас еді. Тәжірибе жүргізілген Неаполь Зоология 
бекетінің топ жетекшісі, доктор Г.Фиорито тәжірибеге алған жануарының 
«ғылымды танудағы» қабілетіне ерекше таңғалды. 
Ақылды жануарлардың үйренуге бейімділік қасиеті бұрыннан байқалған. 
Кептерлердің бір түрінің (Ringeltauben) балапаны емен жаңғағымен қоректенуді 
үлкен кептерлердің емен дәнін қалай шағып жатқанын көріп үйренеді. 
Жапондық құйрықсыз жас макакалар кәрі аналықтың тәтті картопты (батат) 
бұлақ суына жуып, топырақтан қалай тазалағанын бақылап отыратын болған. 
Содан кейін сол әрекетті айнытнай қайталаған. Осыған ұқсас мысалдар көп. 
Алайда ғалымдар әуелде кішкентайларының үлкендерінен үйрену 
артықшылығын өмір бойы үйірмен өмір сүретін жануарлар ғана пайдаланған», 
ал басқаларының көру арқылы үйрену қабілеті эволюция кезінде жоғалып 
кеткен деп есептеген. Ата-анасын білмейтін, өмір бойы жалғыз өзі өмір сүретін 
сегізаяқтар туралы да осылай ойлаған. Бірақ Неапольда жақында ғана өткізілген 
тәжірибе оны жоққа шығарды. Бұл жағдайда сегізаяқ жаңа бір нәрсені жасауға 
тырысып, содан кейін оны тағы да қайталаған. Кейбір зерттеушілер мұндай 
қабілеттіліктің жануарға тән ақылдың бар екендігін дәлелдейді деп есептейді. 
Адамның ақылы туралы сөз қозғалғанда, ғалымдардың арасында талас 
басталады. Ал «ақыл» ұғымын жануарларға қолдану істі одан әрі ушықтырып 
жібереді. Нюрнбергтегі доктор фон Ферзен мынадай анықтаманы ұсынады: 
185


«Ақыл - ақпаратты әдеттегіден жоғары деңгейде өңдеудің және феномендер 
қатарынан құрастырудың нәтижесі». Ақыл ұғымына бағалауға үйретуден бөлек 
аспаптарды қолданып, оны сезіну де жатады. 
Мамандар 
С.Саваж-Румбаугтың 
тәрбиелеуіндегі 
Канци 
есімді 
шимпанзенің адамдардың көмегінсіз таңбалар тілін үйреніп алғанына қатты 
таңғалды. Бұдан ақылдылықтың нышаны байқалады. Бірақ ақсұңқардың 
тұмсығымен тасты алып, жоғарыдан түйеқұстың ұясына тастап, ондағы 
жүмыртқаны қалай жарғанын көрген мамандардың ешқайсысы оның бұл 
әрекетіне қарап, құстың ақылы туралы ешнәрсе айтпайды. Негізі, ол биіктіктен 
тасты ұяға дәл тигізу үшін көп жаттыққан болатын. 
Біздің «кіші бауырларымыздың» істей алатын көп нәрсесін бағалау үшін 
кейде тек адамдарға ғана тән «ойлау» немесе «қорытынды жасау» деген 
терминдерді қолдануға болар еді. Алайда, елдің күлкісіне қалудан қорыққан 
ғалымдар бұл сөздерді дауыстап айта алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет