I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет201/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

7.Шаштың ұзындығына орай сипаты 
A.
Теңгемен тізбеленген 
B.
Жібектей 
C.
Білектей 
D.
Жібек талды 
E.
Тілерсек соғатын 
8.Ақан сері таңдана жырға қосқан шаш 
A.
Қолаң шаш 
B.
Сүмбіл шаш 
C.
Шолпылы шаш 
D.
Сұлу шаш 
E.
Бес күн өрген шаш 
9.Шаш тарауға арналған тісі әртүрлі тарақ 
A.
Киік мүйізінен жасалған 
B.
Арқар мүйізінен жасалған 
C.
Қошқар мүйізінен жасалған 
D.
Ешкі мүйізінен жасалған 
E.
Сиыр мүйізінен жасалған 
10.Халқымыздың шолпының үніне қатысты көркем сөзі берілген азат жол 
A.
Бесінші 
B.
Бірінші 
C.
Төртінші 
D.
Екінші 
E.
Үшінші 
11.Мәтінде сөз болатын ұлт мәдениетінe қатысты мақал-мәтел 
A.
Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай 
B .
Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер 
C.
Қолың ұста болсын, cөзің, қысқа болсын 
D.
Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса 
E.
Болат біз қап түбінде қалмас 
12.Шаштеңге туралы сөз қозғалатын азатжолдар 
A.
Үшінші төртінші 
B.
Бірінші төртінші 
C.
Бірінші екінші 
D.
Екінші, үшінші 
E.
Бірінші, үшінші 
4-мәтін 
1.Қандай халықтың болсын өзіне тән, өзгеден ерекшелендіріп тұратын 
салт-дәстүрлері, дағдылары бар. Соның бірі - бауырына салу дәстүрі. Бауырына 
салу - қазаққа ғана тән. Тұңғыш немерені міндетті түрде атасы мен әжесі 
бауырына салған. Бала сол үйдің кенжесі болып өседі. Бұл, бір жағынан, жас 
отбасына деген қамқорлық болса керек. Екіншіден, баланы тәрбиелеуде өздері 
әлі жас ұл мен келіннің тәжірибесінің аздығын білгендіктен де немерені 
бауырына салған, яғни бауырына салу - немерені уызына жаритындай етіп 
тәрбиелеуге атсалысу. Өйткені ата мен әже - көпті көрген, өмірдің талай 
белестерінен өткен, тәжірибесі мол адамдар. Ата-әже тәрбиелеген баланың, 
біріншіден, тілі ерте шығады. Себебі үлкен кісілер әрбір сөзді анық айтады, 
баламен үлкен адамша сөйлеседі. Бала жүре бастағаннан-ақ өздерімен үнемі 
ертіп жүретін болған. Бала кішкентайынан үлкендердің әңгімесін тыңдап өседі. 
2.Үнемі үлкендердің қасында жүретіндіктен, бала атасы мен әжесінің тең 
тұстарын «пәленше атам», «түгенше әжем» деп, солардың барлығын өңдеп- 
түстеп, кімнің кім екенін біліп, туысқанын танып өседі. Бала әке-шешесін біліп 
тұрса да, «атамның баласымын», «әжемнің баласымын» деп, жөн сұрағандарға 
ата-әжесінің аттарын айтып жатады. Қонаққа барған балаға, әдетте, құлақ беріп 
206


жатамыз. Бұл да негізсіз емес. «Жақсы сөзге құлағы түрік болсын», «жақсы 
сөзді көп естісін», «ұғымтал әрі зерек болсын» деген ниет жатыр мұның 
астарында. Содан да болар, атасына еріп қонаққа барған бала да міндетті түрде 
құлақ күтіп отыратын болған. Қалай десек те, үлкен кісілердің сөздері орнықты, 
олар күнделікті күйбең тірліктің айналасындағы әңгіме айта бермейді. Өздері 
бас қосқан кезде өткен-кеткен шежіреден, тарихтан әңгіме қозғайды. Ел 
ішіндегі әртүрлі түйткілді мәселелер, сол қоғамдағы болып жатқан жағдайлар 
үлкен кісілер арқылы баланың құлағына сіңеді. 
3.Ата мен әже көрген бала мейірімді, адал, тілалғыш болып, үлкенді 
сыйлап өседі. Әжесінің бауырында өскен бала әңгімешіл, сөзді тауып айтады, 
нықтап айтады. Қазақтың кез келген баласын тек өз ата-әжесі емес, бүкіл 
ауылдың абыз аталары мен өнегелі әжелері қамқорлығына алған. Ауыл 
ақсақалдары мен әжелері «пәленнің баласы ғой», «түгеншенің немересі ғой» 
деп еркелеткен. Тіпті баланың өз ата-әжесі өмірден өтіп кеткеннен соң да 
баланың әлдебір тентектігіне «ой, ол пәленшенің еркесі еді ғой, еркелегені 
шығар», «атасы мен әжесінің көзін көрген біз бармыз ғой, еркелігі басылар» 
дейді. Ата-әжесінің көзін көргендер сырттай қамқорлығын білдіріп, көрген 
кезде ақыл-кеңесін айтып, арқасынан қағып, маңдайынан сүйіп жатады. Қарап 
тұрсаңыз, мұның өзі - тәрбие. 
4.Кейбір отбасылар ағайын-туғанының баласын алатын болған. Мұны 
«бауырына салу» емес, «асырап алу» деп атайды. Аты қойылған бала болса, 
атын өзгертіп қойып, қолына асықты жілік ұстатып, той жасап, етегіне түсіріп 
асырап алған жағдайлар қазақ отбасыларында болған. Жақынына баласын 
бергендер ол баланы қайтарып алмайды. Сондықтан бауырына салу - ата- 
әжелерге тән болса, асырап алу - мүлде басқа. Бауырына салған бала өз ата-
анасын біледі, ал асырап алған бала қайтпайды, ол - сол үйдің атын шығарып, 
сол шаңырақты ұстап қалатын бала. Бұлардың айырмашылығы - осы, екеуін 
шатастыруға болмайды. 
5.Немере баққан ата-әжелердің өмір жасы да мейлінше «ұзарып» отырған. 
Олай дейтінім, бір жағынан, періштедей пәк сәбиден атасы мен әжесіне жақсы 
энергия тарайды, екіншіден, үлкендерді үміт атты үлкен күш жетелейді. 
«Ойпырым-ай, осы шырағымның атқа мінгенін, мектепке барғанын көрсем, 
азамат болғанын, үйленгенін көрсем...» деп армандап, алға қарай үміт сүйреу 
арқылы қазақтың ата-әжелері ұзақ жасаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет