I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Құсты ырғаққа отырғызудағы мақсат



Pdf көрінісі
бет200/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4.Құсты ырғаққа отырғызудағы мақсат 
A.
Ашықтыру 
B.
Тамақтандыру 
C.
Шаршату 
D.
Шошыту 
E.
Тербету 
5.Құсты қолға үйретуде ырғақтың тиімділігі 
A.
Көзіне томаға кигіздіруінде 
B.
Құралдың оңай жасалуында 
C.
Құстың отыруына ыңғайлылығында 
D.
Саптыаяқ көрсе дегбірсізденуінде 
E.
Тағатсыз козғалыста болуында 
6.Мәтін мазмұнына сәйкес аппарат 
A.
Ырғақ жұмыр ағаштан жасалады 
B.
Ырғақта отырған құсты тербеуге болмайды 
C.
Ырғақ құсты икемдеуге арналған орнықты құрал 
D.
Ырғақтың төрт түрі бар 
E.
Ырғақ - құмайды бақылауға арналған құрал 
3-мәтін 
1.Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз «Сұлудың көркі - шаш, 
шаштың көркі - шаштеңге» деп есептеген. ¥лт мәдениетінде әр бойжеткенді 
шашы мен бойына қарап бағалаған. Әйел шашы табиғатына қарай «қолаң шаш, 
сүмбіл шаш», өріміне қарай «жалғыз бұрым, қос бұрым» деп аталады. Оның әр 
талын «жібектей» деп, өрілген бұрымды «білектей» деп көркем сөзбен 
кестелеген. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын, күміс шолпы тағылатын сұлу 
бұрым бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Абай: «Қолаң қара шашы бар 
жібек талды», Ақан сері: «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он 
саусағың құлжа сүйек», - деп әнге қосып, таңданған. 
2.Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру - үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден 
бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық 
өлеңіндегі ғажап сурет - осының бір дәлелі. ІІІашқа қосатын, жалғайтын, 
кигізетін, тарайтын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін 
сиыр мүйізінен жасалған, тісі әтарақ қолданылған. Шашты жалтырату үшін 
шашмай жаққан. 
3.Шолпы - шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік 
бұйымдардың ішіндегі ең асылы. Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы 
шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, 
сылдырмақ шолпы, көзді шолпы, алтын шолпы, күміс шолпы. 
205


4.¥зын шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн 
сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Әсем аяқ алысына үн қосып, ару 
сыны мен сымбатын арттыра түседі. Мұндай сұлуды халқымыз «сыңғырлаған 
күлкісіне күмбірлеген шолпысы үн қосады» деп ардақтаған. Шолпының күміс, 
алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі - шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге 
шашбауға немесе шаш ұшына байланады. 
5.Өмірден түйгені мол дана халқымыз: «Шолпы таққан қыздардың басы 
ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді»,-деп 
жорамалдаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет