2.Мәтіннің жазылу үлгісі
A)Үндеу
B)Ғақлия
C)Әңгіме
D)Шолу
E)Аңыз
3.Мәтіннің мазмұнына лайықты даналық ой
A)Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!
B)Отан – қуат, Отбасы – шуақ.
C)Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан.
D)Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол!
E)Көркем сөз – жанның сәулесі.
4.Мәтіннің соңғы бөлімінде айтылған ой
A)«Болашақ» бағдарламасының маңызы
B)Жастардың өткен тарихты құрметтеуі
C)Жастардың өз парызын түсінуі
D)Жас отбасыларға жағдай жасау
E)Жоғары білім алуға грант санының көбейтілуі
2.21-мәтін
Бізге комментаторлар даярлайтын мектеп қажет пе?
Ақпараттық портал
«Журналистер күні» қарсаңында қазақ спорт
комментаторларына өзекті бір мәселеге қатысты сұрақ жолдапты. Осыған
байланысты бүгінгі қазақ комментаторларының жауаптарымен танысып
шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1.Спорт комментаторы Ермұхамет:
Комментаторлар даярлайтын мектеп керек. Мектеп емес, дәлірек айтқанда
арнаулы курс болса. Шамамен 3 ай сол курсты оқып, сертификат алса жеткілікті
деп білемін. Ол курста білімді, тәжірибелі адамдар, тіл мамандары сабақ беруі
керек. Негізі оны ұйымдастыру аса қатты қиын шаруа да емес.
2.Спорт журналисі, комментатор Ерсін:
Мектеп қажет дейін десем, оқытатын маман аз. Мамансыз мектептің қажеті
қанша? Менің ойымша, спорт комментаторларын «Болашақ» бағдарламасымен
әлемдік спорт арналарына тәжірибеден өтуге жіберу – мәселенің бір шешімі болар
еді.
3.Спорттық портал комментаторы Дәурен:
Бізге комментаторлар даярлайтын мектептің қажеті жоқ. Теледидарды қосып,
қазақ комментаторларының жүргізгенін үнемі тыңдай берсе де болады деп
ойлаймын. Үш айлық курсты оқып алған адамнан комментатор шықпайды. Ол
үнемі әлемде болып жатқан спорт жарыстарын назарда ұстауы қажет. Кем дегенде
он жылдан бері өзі жүргізгісі келетін спортты тамашалап, статистикаларын білгені
жөн. Интернетте дайын нәрсе жоқ. Репортаж барысында көргеніңнен, түйгеніңнен
мысалдар алғаның абзал. Әдеби шығарма оқымайтын, қоңыр дауыс бұйырмаған
адамға комментатор болу әсте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: