1.Мәтінге қандай мақал сәйкес келеді? A)Сабыр түбі – сары алтын.
B)Ұлдың ұяты әкеге.
C)Ақжүрек адам азбайды.
D)Әке – балаға сыншы.
E)Үлкенді сыйласаң, қадірлі боласың.
2.Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді? A)Өмірдің жаңғырығы
B)Жақсы сөз – жарым ырыс
C)Баланың қорқынышы
D)Әке өкініші
E)Ақылсыз бала
3.Үшінші азатжолға қатысты негізгі түйін. A)Өмір сынағына төзе білу
B)Түрлі іс-әрекеттер
C)Үнемі сыйластықта болу
D)Өмір кезеңдері
E)Өзгеге өзіңді сыйлата білу
4.«Мен саған қайран қалдым», «Сен өте әдемісің» деген әке сөзінің астары қандай? A)Баланың кінәсын мойындату
B)Өз сөзін қайталатқызу
C)Балаға сенімсіздік таныту
D)Баланы жақсы ойға жетелеу
E)Өзін ерекше етіп көрсету
2.18-мәтін Қазақтың таным-түсінігінде қазанның алатын орны ерекше. Мысалы,
Түркістандағы тайқазанды алайықшы. Бұл тайқазан – берік дәстүрден тамыр алып,
исламдық мәнмен астасқан көне мұрамыз. Бұл тайқазан – тұтастығымыздың,
игілікті істердің символы. Тайқазан сонау 1399 жылы сирек кездесетін жеті түрлі
асыл металдың қоспасынан құйылған.
Негізінде, мұндай алып қазан жасау дәстүрі сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінде де болған
екен. Қазақ береке мен бірліктің белгісі санағандықтан, мұндай алып қазанды
билеушілер мен әскербасылардың қабіріне қойған. Зиярат етіп келген адам
қазандағы суды ішіп шөлін басып, қабір иесіне дұға бағыштаған. Бейіт басындағы
қазанға қарап, марқұмның жай адам емес, ел билеген көсем, жау жапырған батыр
болғанын білген.
Бұрындары сақ елінің бірлігі бұзылып, ел ішін алауыздық жайлай бастапты. Сол
кезде ел көсемдері халықтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюды бұйырады.
Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинап, балқытып, содан алып қазан
құйған. Сол қазанға пісірілген тағамнан дәм татқан сақтар өкпе-наздарын ұмытып,
қазан басында қайтадан татуласқан. Мұны тарихтың атасы Геродот: «Сақ патшасы
Арриант жауынгерлерінің бүкіл жебесін бір жерге жинап балқытқызып, үлкен
қазан құйдырған да, оны елден ерек қызметкерінің құзырына қаратқан» деп
жазады. Қазан қазақтың қорғаны да болды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманында босқын халық бауырындағы баласын төңкерілген қазан астына
жасырып аман алып қалған.
27
Міне, осыларды көріп тұрып, қазақ пен қазанды қалай егіз демессің! Өкінішке
орай, осы ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Ауылда
өскен қара баланы жетілдірген қара қазан еді, бәріміз де қазанның түбіндей
несібемен жетілдік.