I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Отандық спорт арнасының комментаторы Бақытжан



Pdf көрінісі
бет35/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4.Отандық спорт арнасының комментаторы Бақытжан: 
Әрине, комментаторларды даярлайтын мектеп қажет. Кем дегенде елімізде екі 
университеттің 
журналистика 
факультетінде 
комментаторлық 
қызметке 
дайындайтын үйірме ашылса және ардагер комментатор ағаларымыз жастарға 
шеберлік сабағын көрсетсе, жақсы болар еді. 
i-news.kz 
30


1.Қай журналистер комментаторлар даярлайтын мектеп қажет деген 
тоқтамға келді? 
A)Дәурен мен Бақытжан 
B)Ермұхамет пен Дәурен 
C)Ерсін мен Дәурен 
D)Бахытжан мен Ермұхамет 
E)Бақытжан мен Ерсін 
2.Қандай пікірлер бір-біріне қарама-қайшы болып келеді? 
A)Бірінші мен екінші 
B)Екінші мен үшінші 
C)Бірінші мен үшінші 
D)Барлығы 
E)Үшінші мен төртінші 
3.Мәселені шешудің ең арзан түрін ұсынған комментатор? 
A)Ешқайсысы 
B)Ермұхамет 
C)Дәурен 
D)Ерсін 
E)Бақытжан 
4.Сұхбат қандай мақсатта алынды? 
A)Мамандар даярлау мақсатында 
B)Нақты қадамдар белгілеу үшін 
C)Мәселе бойынша көзқарастарын білу үшін 
D)Шетелдік тәжірибеден өткізу үшін 
E)Спорт саласының проблемасын анықтау үшін 
2.22-мәтін 
Гүл – жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше, 
айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын 
жадыратып жіберетін қасиетке ие. 
Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең 
тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. 
Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. 
Гүлдердің сырына үңіліп көрейік. 
Мысалы, қызғалдақ – дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. 
Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың 
отаны – Қазақстан! 
Сакура – Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның 
сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. 
Раушан гүлінің отаны – Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз 
тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, 
аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан 
гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүл батыс елдерден 
келіп, кейін махаббат пен әдеміліктің символы саналған. 
Дицентра – Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны 
«Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жанетта жүрекшесі» деп 
атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны 
«қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен 
байланысты өз тарихы бар. 
Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте 
ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен 
жазбалар өте көп. Чарльз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп жазған 
болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет