кілең ақ ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп,
тұз сіңіп сірескен жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа
болғанша илеп, иін қандырады. Дайын болған жұқа тері-қағаздар қатталып,
оралып, түйеге тиеліп, шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне түскен
әріптер өшпеген. Олар жүздеген жылдар бойы сақталған.
Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз
жауын алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа
қашап қалдырған бабалар қолтаңбасы да мол болған.
Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп
кеткен. Алайда біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына
тығып, сақтап қалған деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары
жүргізілуде.
Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба
деректер жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы –
Отырар кітапханасы екінші өмірін бастамақ.
Достарыңызбен бөлісу: