I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті



Pdf көрінісі
бет40/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті 
A)Тізерлеп отыра кетті 
B)Таң-тамаша болды 
C)Аяғын аяқ киіміне сұқты 
D)Ақшаны қалтасына салды 
E)Дауыстап сөйлей бастады 
2.Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз 
A)Жақсы ниет – жарым ырыс. 
B)Пейілі кең – кемімес, 
Пейілі тар – кеңімес. 
C)Ұялған тек тұрмас. 
D)Жарлы болсаң да, арлы бол. 
E)Адам санасын ар түзейді. 
3.Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз 
1.Тозығы жеткен аяқ киім 
2.Шәкірт бойындағы өзгеріс 
3.Егінші қуанышы 
4.Ұстаз ұсынысы 
A)4, 3, 2, 1 
B)2, 1, 4, 3 
C)3, 2, 1, 4 
D)4, 3, 1, 2 
E)1, 4, 3, 2 
4.Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт 
A)Шаруаның алғысы 
B)Аяқ киімді тауып алуы 
C)Шаруаның ақша тауып алуы 
D)Ұстазына алғыс білдіруі 
E)Аяқ киімге ақша жасыруы 
5.Әңгіменің түйіні 
A)Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. 
B)Алтын көрсе періште жолдан таяды. 
C)Еңбектің наны тәтті. 
D)Алып қуанғаннан, беріп қуанған артығырақ. 
E)Жүйрік алысқа, жігіт намысқа. 
6.Мәтін мазмұнынан алшақ қатар 
A)Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс 
B)Жақсы дәріс, риза егінші 
C)Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт 
D)Егін алқабы, шаршаған шаруа 
E)Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші 
3.2-мәтін 
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы 
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің 
түрлі салт-дәстүрлері бар. 
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. 
Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен. 
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер 
құстардың барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. 
Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және 
ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде 
35


үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып 
тастайды екен. 
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жана жылда сабаннан жасалған 
қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. 
Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні 
мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде 
сыйлықтар береді екен. 
Үндістанда Жаңа жыл – Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. 
Айтса айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде 
тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре 
алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, 
оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, көркемдейтін көрінеді. 
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы 
қойылады. Бүл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. 
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің 
үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған 
адамдарды жиі ұшыратуға болады. 
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән 
салатын көрінеді. 
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. 
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, 
отшашулар атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды 
екен. Дастарқанға нарцисс гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес 
күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айынын басына келеді. 
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. 
Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр отбасысы таныстарын ашықхат арқылы 
құттықтағанды ұнатады. 
Қазақстанда жыл басы – Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі 
күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар 
көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді 
ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн 
мен түн теңеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет