A)Қолы ашық екенін көрсету үшін
B)Адалдығын көрсету үшін
C)Ырымдарға сенгендіктен
D)Ұстамдылығын байқату үшін
E)Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
6.Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A)Гвинея – Эквадор
B)Қытай – Ұлыбритания
C)Венгрия – Эквадор
D)Голландия – Куба
E)Үндістан – Куба
3.3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер
сияқты ұлттық музыкалық
аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер –
күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі
жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Сарыжайлау»,
«Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері
(«Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала
ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»),
жеке адамдар
(«Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі
оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай
аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер,
психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге
көтерілді.
Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда,
Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда
ежелгі күйшілік өнердің одан
әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей,
Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке,
Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір
сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай
төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты
екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты
болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады.
Бұл
өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас
Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Достарыңызбен бөлісу: