I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет151/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

 
 
153


 
6.18-мәтін 
Қазақтың ұлттық тағамдары 
Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, 
екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап 
кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады. Қазандағы тары 
қауызы ашыла бастағанда, сүзіп алады. Содан соң таза сумен бірнеше қайтара 
жуып, дегдуі үшін жайып қояды. Дегдіген соң, қызған қазанға салып, қуырады. 
Қуырған кезде бұлғауышпен үздіксіз бұлғап отыру керек. Әйтпесе тарының 
астыңғы беті қуырылып, үсті қуырылмай қалады. Ал апа-құла қуырылған тарыны 
ақтаған кезде қиын. Әрі мұндай тарының сөгі де ала болады. 
Қуырған тары тым суып кетсе, жасып қалады. Сондықтан оны көп суытпай, келіге 
түйіп алу керек. Тары түйетін келінің де, келсаптың да қатты ағаштан жасалғаны 
дұрыс. 
Түйілген тарыны табаққа салып алып, қауызынан айырады. Бір түйгеннен тары 
қауызынан түгел айырылмайтындықтан, оны екінші рет түйеді. Мұны ақтау деп 
атайды. Ақталған тарыны тағы да желпіп тазартады. Сонымен сөк дайын болады. 
Сөктің түсі сарғыш, хош иісті аса дәмді келеді. Сөк көбінесе шай дастарқанына 
қойылады. 
Сондай-ақ тарыдан тағы да басқа неше түрлі тағамдар дайындауға болады. 
1. Тарыны қай кезде қуырады? 
A) 
ақталған соң 
B) түйілген соң 
C) дегдіген соң 
D) жуылған соң 
E) қайнаған соң 
2. Тарыны қауызынан айырып екінші рет түю әдісі 
A) 
желпу 
B) екшелеу 
C) ақтау 
D) дегдіту 
E) тазарту 
3. Тары жасып қалмау үшін жасалатын дұрыс іс-әрекет 
A) 
тарыны әбден суытып түйеді 
B) қазандағы тарыны сирек араластырып қуырады 
C) тарыны келіге түйіп алады 
D) тарыны сулы күйінде қуырады 
E) тарыны қауызынан айырмайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет