өзіңді мазақтағандай қылық көрсететін, көзі жаутаң-жаутаң ететін шағы жаутаң
атануына үйлесіп-ақ тұр.
Өз-өзіне әлі келе қоймаған шағында інінен шықпайтын сілеусін күшігі інсін
аталады. Жас кезінде денесін теңбіл басатындықтан, арыстанның күшігі теңбілше
делінсе, қорбаңдап жүретін аю күшігінің қонжық аталуы бекер болмаса керек.
Жолбарыс күшігінің шөнжік, сарымақ аталуының да жөні бар.
Борсық баласы -
әзборақ, барыстың күшігі - алан, қасқырдың күшігі - бөлтірік, ал марал мен
бұғының төлі қоды,
арқардың төлі - қозыға, есек төлі - қодық аталғаны жұртқа
мәлім.
Аққудың балапаны - көгілдір, тауықтың балапаны - шөже аталған.
Бұдан басқа да
бізге беймәлім атаулардың болуы ғажап емес. Сондықтан халқымыздың
қазынасына бас-көз болып, тіліміздің байлығын арттыру — парызымыз.
Достарыңызбен бөлісу: