I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет218/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

12-нұсқа 
1-мәтін 
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі 
жарым метр, салмағы отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы 
мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты, қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі 
қара, оның қанат, қүйрық қауырсындары ақшыл. Мекиенінің түсі қоңыр болып 
келеді. 
Түйсқұстар топтанып жүреді, олар қүмды даланы мекендейді. Түйеқұстар 
өсімдіктің ұрығын, жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді. 
Түйеқүстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның 
бір айлық балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 
Түйеқұстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке 
пайдаланылады. 
221


1.Түйеқұс қандай жерді мекендейді? 
A.
Құмды даланы 
B.
Орманды алқапты 
C.
Тоғай ішін
D.
Егінді даланы
E.
Өзен жағасын 
2.Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі 
A.
Ең жүйрігі 
B.
Еті пайдалы 
C.
Мамығы пайдалы 
D.
Қауырсындары ақшыл
E.
Түсі қара 
2-мәтін 
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, кайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. 
түрінде 
қолданылады. 
Дәрілерді 
дайындау 
үшін 
шикізат 
ретінде 
пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, емдік 
қасиеттері бар жабайы өсімдіктерден алады. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. 
Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. 
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөпгердің бәрі 
бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ. Себебі барлық дәрінің 
құрамын зерттеу мүмкіндігі болмай жатыр. 
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде 
қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер 
әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықттауға болады. 
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға 
созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт 
жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, 
шығысында 
Алтай 
жоталарының, 
оңтүстігінде 
Тянь-Шанның 
биік 
шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дархан даласы мен 
орман, тоғайында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар. 
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы 
заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат 
қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын 
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. 
Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, 
тағамдық өнім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет