2.16-мәтін
Айсыз ашық аспанда біз екі жарым мыңнан үш мыңға дейін жұлдыз көре алады
екенбіз. Бұл алып қызған газ шарлардың бізге қайсыбірі жақын, енді бірі алыс,
түстері де, көлемдері де әр алуан болып көрінеді.
Температура неғұрлым жоғары болса, жұлдыздар соғұрлым жарқырап көрінеді,
температурасы төмен болса, көмескі тартады. Жұлдыздардың түсі қандай болып
көрінуі таза сыртқы ықпалға, мысалы, атмосфераның ластануына да байланысты.
Жерден неғұрлым алыстаған сайын атмосфера соғұрлым таза болады да,
жұлдыздар көгере жарқырап көрінеді. Олардың поляр шеңберінде, биік таулардың
басынан қарағанда көкпеңбек болып көрінетіні содан.
Бұрынғы замандарда бірқатар елдерде жастарды әскер қатарына алғанда көзінің
кінәратсыздығын осы жұлдызды көре алуына қарап анықтайды екен.
Достарыңызбен бөлісу: