3.Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме A)Тентек
B)Қызба
C)Сотқар
D)Қырсық
E)Мейірімді
4.Баланың соңғы сұраққа жауап бергендегі іс-әрекеті A)Ойланады
B)Үндемейді
C)Ашуланады
D)Ұялады
E)Таңырқады
2.12-мәтін Қазақ халқы баланың қол-аяғы түзу өсіп, қалыпты жетілуі үшін оны бесікке
бөлейді. Нәрестені шыт матадан тігілген жөргекпен құндақтайды. Себебі шыт мата
бала денесін терлетпей, ауа өткізіп тұрады.
Балаға арнайы тігілген екі жөргектің бірі бесікке, бірінші жөргектің үстіне, бір
жарым қарыстай жоғары төселеді. Жоғары шығып тұрған жөргекке баланың
маңдайын жауып тұратындай етіп басын, қолын құндақтайды, ол баланың мойны
қисаймай, тік қалыптасуына негіз болып, құлағын, басын суық тиюден сақтайды.
Бала есейіңкіреген кезде оның басын қосып құндақтамай, басына жыл маусымына
қарай бас киім кигізеді. Бір жарым қарыс төмен төселген жөргек баланың жамбас
бөлігін жауып тұрады. Бала жөргектен қолын босатып алмау үшін, шынтақ
тұсынан бесік баумен байланады. Түбекті қойып, шүмегін салған соң, түбектен
төмен төселген жөргекпен баланың аяғын түп-түзу етіп қосып құндақталады.
Жөргектің екі ұшын айқас шығарып, тізесінің үстінен келтіріп, баланың аяғына
батуы мүмкін болғандықтан, екі ұшын байламай, кері қайтарып шетіне тығып
қояды. Жөргектің аяқ ұшына қараған бөлігі кері қайтарылып жабылып, бесік
баумен байланады. Кейде баланың екі аяғын қосып құндақтағанда, тізелері мен
тобықтарының аралары бір-біріне тиіп қызарып кететін жағдайлар болады.
Мұндайда төмен төселген жөргекті кері қайтарғанда, тізе және тобық араларына
шыт жөргекті қалдыра отырып құндақтайды. Жаз мезгілінде бесікке бөленген
баланың сыртынан мақта матадан тігілген жөргекпен қымтап жауып жатқызады.
Егер қыс мезгілі болса, мақта салынып, тысы да, астары да шыттан арнайы тігілген
көрпемен үстінен жылы жауып қояды.
Бөленген баланың ұйқысы тыныш болады және бесік ананың емізуіне де өте
ыңғайлы.
22