2.15-мәтін
1.Тоғызқұмалақ –
ата-бабамыздан қалған, төрт мың жылдық тарихы бар асыл
мұраларымыздың
бірі.
Қазақ
халқының
ағартушылары
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе,
Абай ақын бұл ойынды сүйсініп ойнаған.
2.Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны – тоғызқұмалақпен
шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.
Тек шетелдегі қазақтар
ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей,
Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті
халық арасында тоғызқұмалақ
ойнаушылардың саны артуда.
3.Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез келген
жанның
ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы
жауапкершілігін арттыру. Ойын екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды
бастайтын ойыншыны – «бастаушы», ал оның қарсыласын «қостаушы» деп
атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе
рейтингілік көрсеткіштер
бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер
жасайды. Ойын «тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады.
Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке
бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің
әрқайсысында тоғыздан отау және бір-бірден қазан болады. Бүл
қазанға әр
ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде
емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға
дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан
құмалақтар
салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81
құмалақ болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: