1.Сақ көсемдерінің қазан құйғызудағы мақсаты A)Халықтың басын біріктіру үшін.
B)Наурыз көже қайнату үшін.
C)Әскерге мол тамақ даярлау үшін.
D)Геродотқа сыйға тарту үшін.
E)Ұрпақтарына қорған болу үшін.
2.Әскербасыларының қабірінің басына қазан қоюдың мәнісі. A)Жаугершілік заманда қорған болады деген үмітпен.
B)О дүниеде керек болады деген сенімнен.
C)Жерленген адамның ерекшелігін көрсету үшін.
D)Ұрпақтарынан қалған естелік.
E)Ата-бабамыздан қалған дәстүр.
3.Мәтіннің соңғы бөлігіндегі айтылған ойға сәйкес нұсқа. A)Қазан астына балаларды жасыру
B)Халықтың басын біріктіру
C)Жауынгерлердің жебесін жинау
D)Мыс масағын жинап, балқыту
E)Алып қазан жасау
4.Түркістандағы тайқазанның ерекшелігіне жатпайтын сөйлемді табыңыз. A)Мызғымас салтымыздың жалғасы.
B)Тайқазан – бірлігіміздің символы.
C)Жеті түрлі асыл металдың қоспасынан жасалған.
D)Ислам дәстүрімен сабақтасқан ежелгінің көзі.
E)Тайқазан кесенеге жәдігер ретінде қойылған деседі.
2.19-мәтін Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға
ұлғайды. 2015 жылдың нәтижесі бойынша орта жастың ұзақтығы 72 жасты
құрады.
1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 жас болғаны белгілі. Бұл туралы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай көрсеткішке ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын
реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті
жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілді. Халықтың туу көрсеткіші 8,2 пайызға
өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады
(1991 жылы – 21).
Сәйкесінше ана мен сәби өлімі төмендеді (1991 және 2015 жылдардың көрсеткішін
алғанда 67,2-ден 12,5-ге дейін, сәби өлімі – 27,4-тен 9,39-ға дейін).
Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді. Бұл
көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге
асты: қан айналымы жүйесінен, қатерлі ісік ауруларынан, қайғылы оқиғалар
салдарынан, жарақаттану мен уланудан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Денсаулық» бағдарламасында 2020 жылға дейін орта
жастың ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту көзделген.
ҚазАқпарат