I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет31/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


13. 
Түйе 
қомында 
келе 
жатқан 
балалардың сұрап ішер сусыны 
A.  Уыз сүт 
B.  Айран 
C.  Шалап 
D.  Қойыртпақ 
E.  Қымыз 
14. 
Құрғақ сүт жасауға қай түліктің сүті 
пайдаланылады? 
A.  Түйе 
B.  Бие 
C.  Қой мен ешкі 
D.  Сиыр 
E.  Сиыр мен қой 
 
15. 
Мәтіннің 
нешінші 
азатжолында 
толық  дайындалған  кұрғақ  сүт  туралы 
айтылады? 
A.  Үшінші 
B.  Бірінші 
C.  Төртінші 
D.  Бесінші 
E.  Екінші 
17.Құрғақ сүт жасауда пайдаланылатын 
басты жабдық 
A.  Қой буйенІ 
B.  Қой терісі 
C.  Түйе қомы 
D.  Қой қарыны 
E.  Жылқы қарыны 
19. 
Теріні түгінен тазалаудың тәсілі 
A.  Жел қаптыру 
B.  Кептіру 
C.  Сапсып жуу 
D.  Түгін қыру 
E.  Далаға жаю 
 
16. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A.  Көркем әдебиет стилі 
B.  Ғылыми стиль 
C.  Ауызекі сейлеу стилі 
D.  Ресми іс-қағаздар стилі 
E.  Публицистикалық стиль 
 
18.Дайын болған құрғақ сутті сақтау 
әдісі 
A.  терігс орап қояды 
B.  Қарында немесе бүйенде 
C.  Сандықта не қорапта 
D.  Адалбақанда 
E.  Қоржында не қалтада 
20. 
Мәтін  мазмұнына  қай  мақал  сәйкес 
келеді? 
A.  Шапқан - озар, жатқан - қалар. 
B.  Біткен іске сыншы көп 
C.  мал  жисаң,  қонысын  тап,  Ас  жисаң 
ыдысынтап. 
D.  Жердің сәні - егін,Ердің сәні - білім. 
E.  Отынды шапқанға жақтыр, Малды тапқанға 
бақтыр. 
 
1413 нұсқа 
1-мәтін 
 
Бразилия  елінде  жылына  екі  рет,  дәлірек  айтқанда,  ақпан  және  наурыз  айлары  аралығында 
Амазонка  өзені  сағасында  Атлантикалық  мұхиттан  тұзды,  анағұрлым  ауыр  судың  келгені 
байқалады.  Мұхит  суы  өзен  ағымымен  кездесіп,  өзен  суын  ығыстыра  бастайды.  Соның 
нәтижесінде. биіктігі 6 метрге жететін алып толқындар пайда болады. 
Көктем  кезінде  Дания  елінде  таңғажайып  оқиға  болады:  барлық  аймақтардан  ұщып  келген 
миллионнан астам еуропалық қараторғай күн батпай тұрып үлкен топқа жиналады екен. 

194 
 
 
Оңтүстіктен үшып келген қараторғайлар күні бойы көк шалғында болып, кешкісін аспан 
төрінде топтың биін билейді екен. 
Даттықтар бұл құбылысты «Қара Күн» деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан 
бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. 
 
1. 
«Қара Күн» құбынысын қай мезгілде 
тамашалауға болады? 
A.  Қара күзде 
B.  Көктемде 
C.  Қыста 
D.  Жазда 
E.  Күзде 
2. 
Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A.  Дания елінің тұрмыс-тіршілігін баяндау 
B.  Құстардың көптігін жеткізу 
C.  Табиғаттағы 
керемет 
құбылыстарды 
суреттеу 
D.  Бразилия өзендерімен таныстыру 
E.  Өзендегі толқындарды ығыстыру 
 
 
«Көптік  -  құдіреттіліктің  бір  белгісі»  дегенді  айтқан  қазақ  қандай  шаруаға  болса  да  жұмыла 
қимылдаудың  артықшылығын  пайымдаған.  Сондай  істері  арқылы  бауырмалдығын, 
ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған, Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз 
ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады- Кеудесінде жаны бар казақ 
қанша  қалжыраған  халге  түссе  де,  ары  мен  намысын  жоғары  ұстайды.  «Жаным  -  арымның 
садағасы»  дейтіні  содан.  Қандай  қамқорлық  жасалса  да,  ол  сол  адамның  намысына  тимеуі 
керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі - асар. Жалғыз басты қарт 
адамдардың біттпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолғабыс беріп, тез 
тындырып  тастау  әдісін  қазақтар  «асар»  деп  атайды.  Мұның  өмірлік,  қоғамдық  және 
әлеуметтік  мәні  бар.  Жұмыс  күші  кем,  ісі  бітпей  жатқан  адамдар  осы  шараның  арқасында 
шаруасын тындырып алады. 
2. 
Асардың  да  ел  қолдаған  жөн-жосығы  бар.  Кез  келген  кісі  асар  салмайды.  Ел  назарын 
аударған,  жұрт  колдаған  сипаты  сақталады.  Күші  мығым,  қайратты  жігіттердің  құрбы- 
құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не 
науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын- 
жұрты  мұны  костайды.  Сөйтсе  де  асар  салушы  жиналған  қауымды  қанағаттандыратындай 
дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің кажетіне керекттіні толық әзірлейді, 
3. 
Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайының разы ету үшін 
қандай қиындық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара. 
3. 
Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар 
A.  Үйінде қайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер 
B.  Үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар 
C.  Жалғыз басты қарт адамдар 
D.  Шаруасының науканы өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар 
4. 
Асты  сызылған  сөзге  балама  бола 
алатын нұсқа 
A.  Бірлесіп көмек беру 
B.  Жоспарлы көмек беру 
C.  Ақылы көмек беру 
D.  Келісімге келу 
E.  Тіл табысу 
 
6.Мәтінде қозғалатын мәселе 
5.  Берілген  мақал-мәтелдердің  қайсысы 
мәтіннің  1-бөлімінің  мағынасын  ашып 
тұр? 
A.  Көп түкірсе - көл. 
B.  Қолы 
қимылдағанның 
аузы 
қимылдайды. 
C.  Барымен базар, жоқты қайдан табар? 
D.  Қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің. 
E.  Жаман бұзар, жақсы түзер. 
A.  Жолдастық 
B.  Шыдамлылық 
C. Туысқандық 
D.  Аяушылық 
E. Қамқорлық 
 
1.Аяқ  астынан  есіктің  алдында  жатқан,  талай  жылдан  бері  керегіме  жарап  жүрген  балтам 
жоғалды.  Ары  іздедім,  бері  іздедім  -  жоқ.  Қора-  қопсының  ішін  аударып-төңкеріп,  астан- 
ксстеңін  шығара  қарадым.  Жоқ.  «Өз-езіңе  мығым  бол,  көршіңді  ұры  тұтпа»  деген  нақылды 
ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. 
Досхан  деген  қызметтес  дизайнер  жігіт  қайным  болып  келеді.  Ол  жұмысқа  осы  балта 
жоғалатын  күні  алғаш  рет  «шайтан  арбамен»  келген  болатын.  Әрі  ол  үйінде  қызу  құрлыс 
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай. 
II.Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын. 

195 
 
 
Аға,  өткен  жолы  тойға  шақыру  таратып  жүріп  көлігіммен  үйіңізге  соқсам,  есіктеріңіз 
құлыптаулы.  Ары  отырып,  бері  отырып,  сіздер  келе  қоймаған  соң,  көршілеріңізге  қалдырып 
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді. 
-Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сурасып жатырмыз. 
-Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа кажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы 
жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді. 
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен 
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді. 
II.Балта  табылғанша  қанша  адамды  ұры  етерімді  кІм  білсін.  Сенбі  күні  кешкілік  үйді 
жинастырып  жүрген  қызым:  -  Көке,  іздеп  жүрген  балтаңыз  мынау  ма?  -  деп  құж  желке 
балтамды  аяқ  киім  қоятын  сөренің  астынан  шығарын  тұр.  «Сен  алдың!»  демесем  де,  ішкі 
ойыммен ұры түтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, 
Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған 
«қылмыскердің»  белгісін  таба  алмадым.  Балта  табылған  соң,  әлгі  күдік-күмәндар  күл  болып 
ұшып  кеткендей.  Досханың  баяғы  сол  жымия  күліп  жүргені,  Құрақтың  сол  еқбекқорлығы, 
жиенімнің жібектей ұяндығы, басқа ештеңе жоқ. 
IV.Өзгені  өзгеге  танытуға,  ғайбаттауға,  нақақтан  жала  жабуға,  қара  күйе  жаға  салуға 
құмарақпыз,  ал  енді  өзге  түгілі  өзімізді  өзіміз  осы  күнге  дейін  танымай  келгенімізге 
қайранмын,  Үш  күн  тығылып  жатып,  өзімді  өзіме  танытқан  «алтын  сапты»  балтама  қарай 
бердім. 
7. 
Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алацы? 
A.  Ала жіпті аттамағанның абыройы артық. 
B.  Өзін танымаған өзгені танып жарыттпас. 
C.  Ат жүйрігін түлкі сүймес. 
D.  Досыңның қимасына көз салма. 
E.  Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды. 
8. 
Корытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы 
A.  Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек. 
B.  Барлық адамды танып-білу мүмкін емес. 
C.  Балтасының табылғандығына куанышын. 
D.  Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ. 
E.  Дәлелсіз айып тақкандарды кешіре білу керек. 
9.III бөлімнен автордың кандай адам екені көрініп тұр? 
A.  Өзінің іс-әрекетіне сенімді 
B.  Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын 
C.  Өзінің кемшілігін түсіне алатын 
D.  Түк болмағандай өмір сүре беретін 
E.  Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын 
10. 
Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті? 
A.  Жиенінің қолының шеберлігі. 
B.  Жиенінің шақыру билеттерін таратуы 
C.  Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, төмен қарай бергені 
D.  Жиенінің аяқ астынан келуі 
E.  Онын үй иесінің жоғында келіп-кеткені 
11. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A.  Ауызекі сөйлеу 
B.  Көркем әдебиет 
C.  Публицистикалық 
D.  Fылыми 
E.  Ресми ісқағаз 
12.1  бөлімде  автор  алдымен  кімнен 
сезіктенді? 
A.  Отбасы мүшелерінен 
B.  Өзінен 
C.  Қызметтесінен 
D.  Құрақтан 
E.  Жиенінен 
 
1. 
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпіріңде тұратын адамдар бір- бірімен сауда банланысын 
жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, 
алтын, күміс, түрлі, шипалы есімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы 
аң  терілері,  кола  мен  темірден  жасалған  заттар,  мата,  азық-түлік  және  басқа  да  тауарлармен 
алмасқан.  Кейінен  ақшаға  сауда-саттық  басталып,  көптеген  елдер  мен  қалаларды 
байланыстырған орталықтар - базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. 
2. 
Жолдар  бір-бірімен  ұласып,  шығыс  пен  батысқа,  оңтүстік  пен  солтүстікке  қарай  жалғасып, 
көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны 

196 
 
 
біріктірген  ұлы  Жібек  жолы  пайда  болды.  Ол  жолдардың  әрқайсысының  өз  аттары  болған. 
Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы»  - Мысыр, Иран, 
Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте 
кәделі  саналып,  аса  жоғары  бағаланған.  «Нефрит  жолымен»  қытай  патшалары  мен  бай- 
шонжарларына  арналып  жасалатын  зергерлі  әшекей  бұйымдарына  кажетті  асыл  да  әдемі 
ғауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы 
елдерге таралған. 
3. 
Ұлы  Жібек  жолы  бүкіл  адам  ағзасын  қөректендіруші  қан  жүйесіне  ұқсас.  Себебі  ол  бүкіл 
Еуропа  мен  Азия  елдерінің  бір-бірімен  қарым-катынас  жасауына  мүмкіндік  туғызып,  ондағы 
халықтарды  біріктіреді.  ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  атау  емес,  ол  1877  жылы  пайда  болған.  Оны 
қолданысқа  енгізген  белгілі  неміс  географы  Фердинанд  фон  Рихттофен.  Жолдың  бұлай 
аталуына  сауданың  негізгі  заты  Қытайдан  шығарылатын  жібек  мата  себеп  болды.  Сонау 
Еуропа  мен  Азияны  біріктіріп  жатқан  бұл  жол  адамзатты  ғажайып  жетістіктерге  жеткізді. 
Дамыған  еддердің  бір-бірімен  сауда-саттықпен  айналысуына,  ғылым  салаларының  дамуына, 
діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. 
4. 
Ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  Қазақстан  жерімен  де  өткен.  Ең  негізгі  сауда  жолы  Тянь-Шань 
тауынын  етегімен,  Сырдария,  Талас,  Шу,  Іле  аңғарлары  арқылы  Қытайға  ұласқан.  Жолдың 
ендігі бір  бөлігі  Яксарт,  Сейхун  деп  аталған  Сырдария,  Орал  (Жайық)  өзендерін  жағалай  ары 
қарай  Қаратеңіз  маңы,  Византия  мен  Батыс  Еуропа  жерлеріне  дейін  созылып  жатыр.  Негізі 
күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға 
қарай  жолдар  өткен.  Осындай  жолдардың  бойында  Испиджап,  Отырар,  Түркістан,  Тараз, 
Сауран,  Саудакент  сияқты  ірі  қалалар  болған.  Бұл  қалалардың  өркендеуіне  ұлы  Жібек 
жолының тигізген әсері зор. 
5. 
Жібек  жолындағы  тарихи  қала  -  Йасы,  ол  кейіннен  Түркістан  атанған.  Ол  да  сол  
кездердегідей  негізінен  саз  балшықтан  құйылған  кірпіштермен  тұрғызылған.  Қала 
орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Йассауидің кесене-ғимараты - бүкіл 
Орта  Азиядағы  сәулет  өнерінің  керемет  үлгісі.  Йасы  қаласы  XII  ғасырда  аса  дәуірлеген: 
қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. 
13.Қазақстанның ірі қалалары арқылы 
өтетін Жібск жолының бір тармағы 
кайда апарған? 
A.  Алтай мен Моңғолияға 
B.  Қара теңіз маңына 
C.  Византия мен Батыс Еуропаға 
D.  Мысыр мен Иранға 
E.  Тянь-Шань тауына 
15.Лазуритті аса жоғары бағалаған 
елдердің бірі 
A.  Византия 
B.  Моңғолия 
C.  Қытай 
D.  Ирак 
E.  Мысыр 
14.Бесінші азатжолда сөз болатын өнер 
түрі 
A.  Жазушылық 
B.  Поэзия 
C.  Музыка 
D.  Cypeт 
E.  Сәулет өнері 
 
16. 
Аңдардың бағалы терісін 
тасымалдаған жолдың атауы 
A.  «Лазурит жолы» 
B.  «Құндыз жолы» 
C.  «Алтын жолы» 
D.  «Нефрит жолы» 
E.  «Гауһар жолы» 
17. 
Мәтіннің 3-азатжолына қандай тұжырым сәйкес келеді? 
A.  Йасы қаласы VII ғасырда өте дамыған қалалардың біріне айналды. 
B.  ¥лы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің қарым-катынас жасау мүмкіндігін туғызды 
C.  Адамдардың тауар алмасу қажетгілігінен базарлар пайда болды. 
D.  Ежелгі Қазақстан калалары да ¥лы Жібек жолының бойында жатты. 
E.  Көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар жәрмеңке, сауда жолдары 
ашылды. 
18. 
¥лы Жібек жолы тарихындагы қазіргі 
қала 
A.  Отырар 
B.  Созоқ 
C.  Түркістан 
D.  Саудакент 
E.  Сарайшық 
20.Жолдың атауына негіз болған зат 
19. «Нефрит» жолымен тасымалданған 
басты зат 
A.  Лазурит 
B.  Күміс 
C.  Ғауһар тас 
D.  Аң терісі 
E.  Алтын 
A.  Асыл тастар 
B.  Жібек мата 
C. Інжу-маржандар 
D.  Аң терілері 
E. Қытай фарфоры 

197 
 
 
1416 нұсқа 
1- 
мәтін
 
Америка  ғалымдарының  масаларға  жасаған  зерттеуінде  қансорғыш  жәндіктердің  томпақ 
адамдарды  көбірек  шағатыны  белгілі  болған.  Зерттеу  нәтижесінде  қансорғыш  жәндіктердің 
бойында холестерин, сүт қышқылы кеп томпақ адамдарға қызығатыны анықталды. 
Зерттеуге дене бітімі әртүрлі адамдар катысып, белгілі бір уақытқа дейін тексерілген. Олардың 
20  пайызынан  астамын  маса  шаққан.  Нәтижесінде  маса  адамның  иіссуына  немесе  қанының 
тәттілігіне  қызықпайтын  болып  шықты.  Маса  толық  денелі,  бойында  артық  салмағы  бар 
адамдарды таңдайды екен. 
Одан кейін масалар спортпен айналысатын адамдарды көбірек шаққан. Өйткені олар үнемі 
қозғалыста жүретіндіктен, қандары таза болады әрі сұт қышқылын көп беледі. 
1. 
Қансорғыш масалардың қызығушылығы неге байланысты? 
A.  Адамдардың өңіне байланысты 
B. Адам қанының құрамына 
C.  Адам қанының тәттілігіне 
D. Адамның жүдеулігіне 
E. Адамның иіссуына 
2. 
Ғалымдар зерттеулері нені дәлелдеді? 
A.  Толық денелі адандардың қанында сүт қышқылының болмайтынын 
B.  Денелі адамдардың канында холестериннің аз болатынын 
C.  Спортшы адамдардың қанында холестериннің аз болатынын 
D.  Қансорғыштардың барлық адамдарды бірдей шағатынын 
E.  Масалардың толық денелі адамдарды жиі шағатынын 
 
2- 
мәтін
 
Ғибадатхана  гректердің  аңшылық  құдайы  Артемиданың  құрметіне  б.з.д.  VI-VII  ғасырларда 
Эфес  жерінде  салынған.  Херсифрон  атты  сәулетші  гибадатхананы  сол  кездегі  құрылыс 
әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шықканы 
соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар 
да  салына  бастады.  Алайда,  Артемида  гибадатханасының  ғұмыры  ұзаққа  бармады.  Біздің 
заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атақка шөлдеген есер Герострат деген біреу 
түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір 
Зүлқарнайын  дәл  осы  гибадатхана  жалын  кұшағына  оранған  түні  өмірге  келеді.  25  жылдан 
кейін  Ескендір  патша  гибадатхананы  қайта  тұрғызуға  әмір  береді.  Сәулетші  Дейнократтың 
басқаруымен  салынған  жаңа  құрылыс  алғашқы  ғибадатхананың  жобасын  сақтағанмен,  одан 
сәл  биіктеу  болатын.  Ғибадатхананың  ауданы  110x55  метр,  құрылысты  қоршап  тұрған 
бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. 
Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді 
түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі 
қартиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. 
Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа 
барған  жок.  III  ғасырда,  дәлірек  айтсақ,  263  жылы  Кіші  Азияға  басып  кірген  гот  тайпалары 
ғибадатхананы  қиратып  кетеді.  1869  жылы  ағылшын  археологы  Дж.Т.Вуд  жүргізген  қазба 
жұмыстары  кезінде  ғибадатхана  болған  жерден  тірек  тақталар  мен  сарайға  әкелінген  біраз 
нәрселер табылған. 
3. 
Мәтінге кай тұжырым сай келеді? 
1. 
Ескендір Зұлқарнайын ғибадатхананы өртеуге әмір береді.
 
2. 
Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұксас құрылыстар да 
салынды.
 
3. 
Қазба жумыстары кезінде ғибадатхаанаға қатысты заттар табылды.
 
A.  Бірінші мен екінші 
B.  Үшеуі де дұрыс 
C. Үшеуі де бұрыс 
D.  Бірінші мен үшінші 
E. Екінші мен үшінші 
4. 
Мәтіннің тақырыбы қандай?
 
A.  Қазба жұмыстары 
B. Сәулетші Дейнократ 
C.  Артемида ғибадатханасы 
D. Жаңа құрылыс 
E. Апеллес суреттері 
 
5. 
Ғибадатхана құрылысының жаңа үлгісі кімнің басшылығымен іске асты?
 
A.  Скопас 
B.  Дейнократ 
C.  Дж.Т.Вуд 
D.  Херсифрон 
E.  Апеллес 
6. 
Неліктен Герострат Артемида ғибадатханасына кастандық жасады?
 

198 
 
 
A.  Атағын шығару үшін 
B.  Шарасыздықтан 
C.  Біреудің қысымымен 
D.  Жаңасын тұрғызу үшін 
E.  Көреалмаушылықтан 
 
3- 
мәтін
 
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы 
жайсаң.  Әр  үйдің  ауласында  бау-бақшасы  бар.  Онда  алуан  жеміс  ағаштары:  алма,  өрік,  жиде 
өсіріледі.  Әсіресе  бағбан  Алмабай  атайдың  бағы  өте  көрікті,  ағашы  қалың,  көлеңкесі  қою 
болғандықтан, күнің көзі жетпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып 
өтудің өзі бір тауқымет. 
Жердің беті жасыл жслекке беленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай 
тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбул әніне ұйып қалады. Тыңдаған сайын тыңдағың 
келеді. 
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ 
болып  іздей  бастады.  Сыбдырдан  шошынған  бұлбұл  сайрауын  тыя  қойды.  Ештеңе  таба 
алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап 
әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс. 
Есен бірнеше қүн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардың бәрінде бұлбұл 
сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың немересі. 
Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бақка кіре бергенде, жап-жақын жерден 
бұлбұлдың сызылған әні естілді. 
Есен айқайлап жіберді: 
-Әне, бұлбұл! 
-Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. 
Есеннен сабыр кеткен. 
-Жүр, ұстап алайықшы!... 
-Жоқ, болмайды... 
-Here? 
-Ұстағанды  бұлбұл  ұнатпайды,  тұтқындықты  азап  көреді,  Ән  салмай  қояды.  Бұлбұл  еркін 
жүруге тиіс. Өзіне нуқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана 
қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды. 
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбул осында қоныстанды ма екен ?...» 
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді. 
7.Неліктен Сәлім Есеннің, айқайламауын 
өтінді? 
A.  Атасын оятқысы келмеді 
B.  Есенмен дос болғысы келмеді 
C.  Бұлбүлдар әнін естігісі келді 
D.  Жұмысына бөгет жасады 
E.  Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді 
8. 
Есен неге ойланып калды? 
A.  Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан 
B.  Қателігін түсінгендіктен 
C.  Бұлбұлға ренжігендіктен 
D.  Сәлімге ренжігендіктен 
E.  Асыраған бұлбүлдарын қимағандықтан 
 
9. 
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені 
ұнатады? 
A.  Қараңғылықты 
B.  Жазық даланы 
C.  Таулы аймақты 
D.  Шулы аймақты 
E.  Бостандықты 
 
11.Есеннің ауласындағы бұлбүлдар неге 
сайрамады? 
A.  Ағаштары аз болғандықтан 
B.  Маңайындағы құстар сайрамағандықтан 
C.  Тыныштығы бұзылғандықтан 
D.  Басқа құс болмағандықтан 
E.  Есенді ұнатпағандықтан 
10.Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 
1.Құстар әнін тыңдау. 
2.Құстарға қамқор болу. 
3.Құстар тыныштығын сақтау. 
A.  Екіншісі мен үшіншісі 
B.  Барлығы дұрыс. 
C.  Барлығы бұрыс 
D.  Біріншісі мен екіншісі 
E.  Біріншісі мен үшіншісі 
 
12. 
Есенге кандай қасиет жетіспейді? 
A.  Сабырлылық 
B.  Сыпайылық 
C.  Алғырлық 
D.  Пысықтық 
E.  өткірлік 

199 
 
 
Аптап  ыстықта  саялайтын  жер  іздеп  саябақтағы  отырғыштардың  біріне  бұрылдым. 
Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері  болды. 3-4 жасар 
ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға 
жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. 
Әр-әр  жерде  орналасқан  қоқыс  жәшігін  ақтарып,  азық  іздеп  жүрген  тағы  да  екі  ұл  бала  мен 
кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза 
бермей  тұрған  сансыз  сұрақ  мені  бір  орында  отырғызбады.  Қолыма  бір-екі  нәрсе  алған  соң, 
аяңдап  біреуінің  қасына  бардым.  Жемге  келген  көгершіндей  қалған  үшеуі  де  қасыма  жетіп 
келді.  Қастарында  тұрып  асқазандарының  шұрылын  естуге  болады.  Қолымдағыны  ұсынған 
соң,  бұл  балалардың  ата-анасының  қайда  жүргенін  білгім  келді.  Сұрасам,  «Білмеймін...»  деп 
күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз 
изедім  де  орындыққа  қайта  отырып,  ары  қарай  бақыладым.  Төртеуі  азды-көпті  алған 
азықтарын  көк  шөптің  үстіне  отыра  сап,  жапа-тармағай  жеуге  кірісті.  Кішкентай  қыз  тоғын 
арықтағы  сумен  басты.  Іштеріне  сәл  де  болса  бірдене  барған  соң,  қайтадан  «жұмыстарына» 
кірісті. 
Мұндай  оқиғаны  алғаш  көруім.  Бұдан  кейін  не  ойларыңды  да  білмейді  екенсің.  Ата- 
анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл  – 
сол  жерде  жүрген  қала  тұрғынының  сөзі.  Айтуынша,  бұл  жер  балалардың  тұрақты  мекеніне 
айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді. 
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін 
деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам  ата-ананы таңдап алмайды. Сол 
бір  жауапсыз  жандардың  кесірінен  бақытты  шақтарын  көшеден  азық  іздеумен  алмастырып 
жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына 
балалардың  екеуі  мектептерін  аңсап  жүр.  Арнаулы  мектепке  баратындардың  ол  жерде  киер 
киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар 
не күн көреді? Жазда, жарайды, әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? 
Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды  іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде,  көмусіз аң-құстың азығына 
айналар  ма  екен?  Бұл  тұста  қылышты  кімге  сілтерімді  де  білмеймін.  Бала  тәрбиесіне 
қарамайтын  ата-анаға ма,  жоқ  әлде  тек  екеуді  қамқорлығына  алған  үкіметке  ме?  Ата-анадан 
енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса 
екен. Мендегі жалыз тілек осы! (365 сөз) 
 
F.  http://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/18005/ 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет