И.Искандеров атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі: Дараев Азамат
9-сынып
Фосфор және
оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға фосфордың периодты жүйедегі орнына сипаттама берумен қатар химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаздыру, ашылу тарихы жөніндегі мағлұматттармен таныстыру және фосфордың химия өнеркәсібіндегі маңызына түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық білімін одан әрі дамыту, тез ойлауға, шапшаңдыққа , өз бетімен ізденуге үйрету. Ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылымы көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
1.Азотты сипаттаған ғалым 2.Ауаның 78 % құрайтын элемент 3.Азот қышқылының тұздары 4.Атмосфераға азот бөліп жанатын зат 5.Азот диоксиді адам қанынан нені азайтады? 6.Азоттың металдармен қосылысы
P4 молекуласы тетраэдр пішінді. Оңай балқиды t(б)=44,1оС, t(қайн)=275оС, жұмсақ, түссіз аморфты зат. Тек күкірткөміртекте ғана ериді. Улы, ауада тез тұтанады, қаранғыда жарық шығарады. Су астында сақтайды.
Ақ фосфор тұрақсыз түрі.
ҚЫЗЫЛ ФОСФОР
Қызыл фосфордың бірнеше түрі белгілі. Олардың құрылымы дұрыс дәлелденбеген. Кристал торлары полимерлі атомдық заттар. Балқу температурасы
585-600оС, түсі қара қоңырдан қызыл болады. Улы емес.
Қара фосфор
Қара фосфордың кристалдық торы атомдық. Графитке ұқсас, жартылай өткізгіш болып табылады. Улы емес.