Саясикөшбасшылық ұғымы мен мәні Көшбасшының психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100-ден асатыны белгілі. Көшбасшыларды классификациялағанда бұлар қажет. Көшбасшының басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси көшбасшы феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен көшбасшы анықтамасы әр автор әр түрлі береді. Көшбасшының психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Көшбасшының психологиялық портреті саяси көшбасшылық психологияны сипаттайды. Осы ретте «көшбасшылықтың белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Көшбасшылық теориясы Көшбасшының мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады: 1.Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы. 2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды. 3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты. 4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты. 5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді. Көшбасшының негізгі қызметі: Прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру
ір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру
Бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру
Алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі
Интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау.
Көшбасшылықтың ерте теориялары Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты.
М. Вебер есептеуінше, «саясаткер»үшін үш қасиет шешуші болып табылады: қызуқандылық, жауапкершілік қасиеті және көз қырағылығы. Қызуқандылық – істің мәнісіне бағыт түсінігінде, іске өте берілгендікте. Көз қырағылығы, әсіресе, ішкі тұрақтылыққа ие және шындық әрекеттеріне берілуге салқындылықпен заттар мен істерге, адамдарға қашықтық қажет бар мәселе – бір жанның ішіне ыстық қандылықты да, салқын көз қырағылықты да енгізу».