І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары. Білім беру саласы: «таным» Кіші саласы: «Қоршаған ортамен танысу»


І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары



бет5/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#28418
1   2   3   4   5


І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші саласы: «Сурет салу»



Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Жарқырайды күн көзі» Бейнелеу әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру. «Қарандаш» түсінігін беру. Балаларды қарындашпен қағаз бетіне із қалдыруға үйрету. Сары түсті бекіту.


1




2

«Балауса шөптер» «Қарындаш» түсінігін беру. Қарындаштың қасиеттерімен таныстыру «қағаз бетіне із қалдырады). Қарындашты дұрыс ұстап, көлденең түзу сызық жүргізе білуге үйрету.



1




3

«Біз серуенге барамыз»

Балаларды сурет салуға арналған қылқаламмен таныстыру. Балаларға қылқаламды дұрыс ұстауға, бояуға батыруға және қағаз бетінде із қалдыруға үйрету. Қылқаламмен жүмыс істеу техникасымен таныстыру (батыру тәсілі).




1




4

«Түрлі – түсті қақпалар»

Қарындаштың қасиеттері туралы түсініктерін бекіту (қағаз бетінде із қалдырады). Қарындашты дұрыс ұстауға, оны қозғап қағаз бетінде із қалдыруға үйрету.




1




5

«Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендірейік»

Балаларды саусақпен сурет салудың тәсілдерімен таныстыру. Балаларға саусақтарын бояуға батырып, ұсынылған үлгіге із қалдыруға үйрету. Бояудың қызыл түсімен таныстыру.




1




6

«Жау – жау жаңбыр»

Қылқаламмен сурет салу тәсілдері туралы білімдерін бекіту. Балаларға қылқаламды дұрыс ұстап, бояуға батыруға, қағаз бетінде жағыс қалдыруға үйрету. Қылқаламмен жұмыс істеу техникасымен таныстыру.




1




7

«Жапырақтар түсуде»

Балаларды қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Балаларға қылқаламды дұрыс ұстап, бояуға батыруды және бастыру тәсілін қолданып қағаз бетінде із қалдыруға үйрету. Сары және қызыл түстер туралы білімдерін бекіту.




1




8

«От шашу ұшқындары»

Түсті қағазда сурет салуға үйрету. Балаларға қағаз бетінде із қалдыра отырып, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сары және қызыл түстер туралы білімдерін бекіту.




1




9

«Тәй – тәй қадам басады»

Ватман қағазына сурет салуда бастыру тәсілдерін қолдануды жалғастыру. Қоңыр түсті бекіту. «Іздерді» қатар орналастыра отырып ұжымдық жұмысты құрастыра білуге балаларды үйрету.




1




10

«Ұзын босағалар»

Қарындаш қасиеттерін бекіту (қағаз бетінде із қалдыру). Қағазда көлденең сызық қалдыра отырып, қарындашты дұрыс ұстап, оны қозғауға үйрету.




1




11

«Қорбаңдаған қонжық»

Балаларға бастырып салу тәсілін қолдануды үйрету жұмыстарын жалғастыру. Қоңыр түс туралы білімдерін бекіту.




1




12

«Түсті сақиналар»

Балалардың қарындашты дұрыс ұстай отырып қозғауда, қағаз бетінде із қалдыруда игерген іскерліктерін бекіту. Балаларға түрлі диаметрдегі дөңгелектерді салуда қарындашты қолданудың қырсрын үйрету. Таныс түстерін (қызыл, көк, жасыл, сары) бекіту.




1




13

«Ағаштар қонған қар»

Саусақпен сурет салу тәсілдерін бекіту. Саусақтарын бояуға батыру іскерліктерін бекіту және түсті (көк) қағазда саусақ іздерін қалдыру. Бояудың ақ түсімен таныстыру.




1




14

«Қуыршақтың көрпесіндегі ою – өрнектер»

Балаларға қарындашты дұрыс ұстауға, қағаз бетінде із қалдыра отырып қозғауға үйретуді жалғастыру. Ұсынылған формадағы (тікбұрыш) дөңгелектерді бейнелей отырып, қарындашты қолдана білуге үйрету.




1




15

«Үйлердің терезелеріндегі жарықтар»

Балаларды қылқаламның соңымен сурет салуға үйрету. Қағаз бетінде бағдарлай білуге үйрету. Түстер мен тікбұрышты пішіндер туралы білімдерін бекіту.




1




16

«Шыршаның шамдарын жағайық»

Саусақтың көмегімен сурет салу іскерліктерін бекіту: саусақты бояуға малып алып ұсынылған жаңа жылдық шыршаның бейнесіне із қалдыру. Түстер туралы білімдерін бекіту.




1




17

«Жарық аспалы шамдар»

Дәстүрлі емес тәсілдермен: қағазды бүктеп, бір жағына бояу жағу арқылы сурет салуға үйрету. Қызыл, көк, жасыл, сары түстерді атау.




1




18

«Еркін тақырып»

Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, балаларды қылқаламмен сурет салуға үйрету. Балаларды қылқаламды дұрыс ұстауға, оны бояуға батыруға және қағаз бетінде із қалдыра білуге ұмтылдыру.




1




19

«Түсті жіптер»

Балалардың дөңгелек пішіндерге сызықтар жүргізе білу іскерліктерін бекіту. Балаларға қарындаштарды дұрыс ұстауға, дөңгелек пішінді қағазға із қалдырып қозғай білуге үйрету жұмыстарын жалғастыру. Таныс түстерін бекіту.



1




20

«Секеңдеген ақ қоян»

Балаларға сурет салудың бастыру тәсілдерін қолдануды жалғастыру. Ақ түсті бекіту.



1




21

«Ақ ұлпа қар жауып тұр»

Бастыру тәсілін қолданып, балаларға қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Балаларды қылқаамды дұрыс ұстауға, бояуға батыруға және көк қағаздың бетінде із қалдыра білуге ынталандыру. Ақ түсті бекіту.



1




22

«Вазадағы шиелер»

Балаларға қарындашты дұрыс ұстауға, қағаз бетінде дөңгелек із қалдыра отырып, оны қозғауға үйретуді жалғастыру. Дөңгелектерді бейнелей отырып, балаларға қарындашты қолдана білуге үйрету. Дөңгелек пішінді және қызыл түсті бекіту.



1




23

«Құламас қуыршақ»

Балаларды сурет салудың жаңа техникасымен: умаждалған қағаз кесектермен таныстыру. Ұсақ қол қимылдарын, қиялын, қағаз бетінде бағдарлай білу іскерліктерін дамыту. Мәдени гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.



1




24

«Жол үстінде домалап, келе жатыр бауырсақ»

Қарындаш ұстау, қағаз бетінде із қалдыра отырып, оны қозғай білу іскерліктерін бекіту. Көлденең сызық – жолды, дөңгелек – бауырсақты бейнелей отырып, қарындашпен қолдануды балаларға үйрету.



1




25

«Мұз сүңгілері»

Балаларға қылқаламмен сурет салуды, бояуға батырып, қағаз бетінде тік сызықтарды қалдыра білуге үйретуді жалғастыру. Балаларды қылқаламмен жұмыс істеу ережелерін сақтауға ынталандыру: қылқаламды бір бағытта қозғау.



1




26

«Түсті моншақтар»

Балаларға қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Дөңгелек пішіндерден өрнек құрастыра білуге үйрету. Түстер туралы білімдерін бекіту. Анасы әжесіне өз қолдарымен сыйлықтар әзірлеуге тәрбиелеу.



1



27

«Аспан»

Қағаз бетінде суреттерді орналастыра отырып, балаларды бейнелерді дақпен сала білуге үйрету. Көк түсті бекіту.



1




28

«Күн сәулесі шуақты, жан жылуын таратты»

Қарындашты дұрыс ұстауға, қағазда дөңгелек іздерді қалдыра отырып, оны қозғауды үйрету жұмыстарын жалғастыру. Балаларға дөңгелек қимылмен бояуға үйрету. Дөңгелек пішін және қызыл түс туралы білімдерін бекіту.



1




29

«Су»

Қағаз бетінде суреттерді орналастырып, бейнелерді дақпен сала білу іскерліктерін бекіту. Көк түсті бекіту.



1




30

«Апельсиндер»

Балаларға ұжымдық жұмыс құрастыра білуге үйрету. Саусақпен дөңгелек пішінді сурет сала білу іскерліктерін бекіту. Өзінің суретін басқалармен қатар орналастырып, қағаз бетінде бағдарлай білуге үйрету. Қызғылт сары түсті бекіту.



1




31

«Таңдайынды тамсандырар, тәрелкеде ақ құрттар»

Қарындашты дұрыс ұстауға, түсті қағазда дөңгелек іздерді қалдыра отырып, оны қозғауды үйрету жұмыстарын жалғастыру. Суретті бояуда балаларды қарындашпен дөңгелек қозғалыстарды жасай білуге үйрету. Дөңгелек пішінді, ақ түсті бекіту.



1




32

«Жүзім шоғыры»

Саусақпен сурет салу іскерліктерін бекіту: саусақты бояуға батырып, қағаз бетінде із қалдыру. Түстер туралы білімдерін бекіту. Экологиялық білім негіздерін қалау. Қиялын дамытып, мәдени – гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.



1




33

«Шалғындағы бақбақтар»

Қарындашты дұрыс ұстауға, қағаз бетінде дөңгелек немесе тікбұрыш іздерді қалдыра отырып қозғауға үйрету жұмыстарын жалғастыру. Дөңгелек және тікбұрыш пішіндерді, сары, жасыл түстерді бекіту.



1




34

«Орамалды әшекейлейміз»

Балаларды қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Дөңгелек пішіндерден өрнектер құрастыра білу. Түстер туралы білімдерін бекіту. Суреттерді қарастыру барысында пікірлерін айта білуге ынталандыру.



1




35

«Шағылысқан күн сәулелері»

Балаларды қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру. Дөңгелек пішіндерден өрнектер құрастыра білу. Түстер туралы білімдерін бекіту. Суреттерді қарастыру барысында пікірлерін айта білуге ынталандыру.



1




36

«Жайқалған гүлдер»

Балаларға ұжымдық жұмысты құра білуге үйретуді жалғастыру. Балаларға сурет салу тәсілдерін дербес таңдауға үйрету.Балаларға түрлі тәсілдермен сурет салу іскерліктерін бекіту: қылқаламмен, саусақпен. Қағаз бетінде бағдарлай білу, өз суретін басқа суреттермен қатар орналастыра білу. Өз жұмысын дұрыс бағалау іскерлігі мен балалардың білімдерін бекіту.



1







Барлығы: 36

36




І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші саласы: «Мүсіндеу»




Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Кесектер»

Балаларды илемді материалдармен таныстыру: сазбалшық, ермексаз, илемділігі жағынан сазбалшықтың икемділігіне жүгіну. Балалардың мүсіндеуге қызығушылықтарын тудыру. Материалдармен ұқыпты қолдануға үйрету.





1




2

«Қуыршаққа арналған қызметкерлер»

Балалардың ойын кейіпкерлеріне тілектестік қарым – қатынасын тәрбиелеу, оларға деген көмектесу ниетін тудыру. Сазбалшық немесе ермексаз кесегін түзу қимылдармен алақан арасында домалақтауға үйрету.





1




3

«Дәмді бауырсақтар»

(Қамырмен жұмыс)

Алақан арасында дөңгелек қимылдармен кесекті домалақтауға үйрету. Қамырмен жұмыс істеудің қарапайым техникалық тәсілдері мен күрделі емес заттарды мүсіндеуге үйрету.



1




4

«Құймақтар»

Балаларға ермексаздың кесегін домалатуға және жалпайтуға, ұқыпты қолдануға үйрету. Жұмысының нәтижесіне қызығушылығын тудыру.





1




5

«Құстарды тамақтандырайық немесе тышқанға ін жасайық»

Балаларға қарапайым пішіндерді жалпайту тәсілі арқылы інді мүсіндеуге үйрету.




1




6

«Қуыршақ пен қоянға арналған қонақасы»

Ұжымдық жұмыс. Балалардың илемді материалдармен қолдану іскерліктерін бекіту. Мүсіндеудің түрлі тәсілдерін меңгеруге жаттықтыру.




1




7

«Тиіндерге арналған жаңғақтар»

Дөңгелек пішінді заттарды жасау үшін алақан қимылдарымен сазбалшық кесектерін домалақтауға үйрету, жануарларға деген дұрыс қарымқатынастарын дамыту.




1




8

«Әтешке арналған бұршақтар»

Екі саусақпен жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру (іскекті қармау). Қиялын, есте сақтауы мен зейінін дамытуға мүмкіндіктер жасау.




1




9

«Қуыршаққа арналған әшекейлер: білезік пен қол сағат»

Дөңгелек пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету. Алақан арасында дөңгелек пішінді жалпайту тәсілдерімен таныстыру. Қайырымдылық пен жақсылыққа тәрбиелеу.




1




10

«Аққала»

Балаларды аққаланың қандай бөліктерден құралатынымен таныстыру. Дөңгелек қимылдармен кесектерді домалатуға, оларды біріктіруге үйрету.Балаларға аққаланы жасап қуана білуге тәрбиелеу.




1




11

«Түрлі жидектер»

Ұжымдық жұмыс

Дөңгелек пішінді заттарды (бауырсақ, жидек) бейнелеу үшін сазбалшық кесегін алақан қимылымен домалату іскерліктерін бекіту. Қоршаған ортаға деген дұрыс қарым – қатынасы мен қамқорлығын тәрбиелеу.




1




12

«Қоршау»

Қолдың тура қимылдарымен кесектерді домалатуға, ермексазды ұқыпты қолдануға үйрету.




1




13

«Жиһаздар: орындық, үстел, диван»

Балалардың алғашқы іскерліктерін бекіту. Сазбалшықтың үлкен кесегінен кіші бөлігін үзіп алып, алдымен тақтайшаға,кейін алақан арасына жаю қажет. Балаларды мүсіндеуге және қуана білуге ынталандыру.




1




14

«Анама тоқаш пісіремін»

Балаларға таныс пішіндерді дербес мүсіндеуге үйрету. Анасына махаббатын тәрбиелеу.




1




15

«Тәрелкедегі алмалар»

Дөңгелек пішінді таныс көкөністерді мүсіндеу іскерліктерін қалыптастыруды үйретуді жалғастыру. Қуыршаққа алма сыйлаудан жақсы көңіл күй қалыптастыру.




1




16

«Қоңыздар»

Діңгекшені айналдыру арқылы қоңызды және басынан мұртшаларын созу арқылы мүсіндеуге үйрету. Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.





1




17

«Бауырсақ»

Қайырымдылыққа, жақсылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеуді жалғастыру. Дөңгелек пішінді таныс ертегі кейіпкерлерінен мүсіндеуде іскерліктерін қалыптастыруда жалғастыру.





1




18

«Өз еркімен мүсіндеу»

Мүсіндеуге арналған материалдармен қолдану ережелерін бекіту (арнайы тақтайшада мүсіндеу, қолдарын ылғал сулықпен сүрту, дайын тұғырға қою, үстелден материалды жинастыру).




1







Барлығы:

18





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет