І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары. Білім беру саласы: «таным» Кіші саласы: «Қоршаған ортамен танысу»


І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары



бет3/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#28418
1   2   3   4   5


І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші саласы: «Көркем әдебиет»



Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу және сахналау,үстел үсті театры.

Дидактикалық ойын «Қандай пішін?»

Мақсаты: балаларды ертегі мазмұнына әсерленуін ояту,(а),(о),(у),(и) дыбыстарын анық айту, дөңгелек және шаршы түріндегі заттармен таныстыру.Сахнада бейнеленген жануарлар мен олардың адамдарға қатынасын түсіну. Ертегі кейіпкерлерін білдіретін сөздермен белсенді сөздікпен толықтыру.




1




2

«Малды төлін емізуге шақыру»тақпағын оқу

Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы,тап».

Мақсаты: ауыз әдебиеті шығармасымен таныстыру, жаңа сөздермен тілдерін кеңійту, дыбысты естуді тану. Халық шығармасының ырғағы мен музыкасына эмоционалды әсерлену, тақпақтың мәтініне сай ойын әрекеттерін орындау.




1




3

Бақшаға мақсатты серуен

Дидактикалық ойын: «Дәміне қарай тап».

Мақсаты: балаларды зейінділікпен бақылау жасауға, көкеністердің атын және дәміне қарай тануға үйрету. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сай дұрыс сөйлем құруға үйрету.Заттарды елеулі белгілері бойынша жинақтап,оларды атау.



1




4

Т. Бейсенбеков «Әже» оқу.

Дидактикалық ойын:

Мақсаты: шығарманы тыңдай білуге үйрету, ересек адамдарға деген мейрімділікке тәрбиелеу,дыбыстық зейіндерін алмастыра білуін дамыту. Жақын адамдарды білдіретін сөздермен белсенді сөздіктерін толықтыру.



1




5

«Бота көгершіндерді қоректендіреді» суретін қарау.

Сөздік ойын: «Не қалай дыбыс шығарады?»

Мақсаты: суреттегі бейнені қабылдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, дауыс екпінін көтеріп, төмендету іскерлігін үйрету. Ым мен қимыл түсінікті құралдармен ақпаратты бере отырып, түрлі құстардың дауысына еліктей білуін дамыту.



1




6

«Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?» қазақ ертегісін әңгімелеу

Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта»

Мақсаты: зейін қойып ертегіні тыңдауға үйрету, балалардың тілін белсендіру, заттарды тандауға және атауға үйрету.



1




7

М. Әбзалиев «Асқабақ» оқу

Дидактикалық ойын: «Түсі қандай?»

Мақсаты: әңгіменің мазмұнына эмоционалды әсерленуге үйрету, қызыл, сары, жасыл, қызғылт сары түстерді ажырату және атау.



1




8

Күз көрінісі сюжетті суретін қарау

Ғ. Мүсіріпов «Күз» оқу

Мақсаты: суреттің сюжетін түсуге үйрету, есту, айту іскерліктерін дамыту, тілдерін белсендіру.



1




9

Аквариумдағы балыққа бақылау жасау

Сөздік ойын: «Балықтар суда жүзіп жүр»

Мақсаты: балаларды балықтардың құрылысы мен мінезі – құлықтарын, қоректенуін атай отырып бақылау жасауға үйрету. Дауыс апараттарын дамыту.



1




10

М. Төрежанов «Қуыршақ» оқу

Дидактикалық ойын: «Сәуле мен Баян қуыршақтарға бөлмежасаймыз».

Мақсаты: ересектер мен балалардың тілдік қатынасын дамыту, қуыршақ жиһазының заттарын ажыратуға және атауға үйрету.



1




11

Н. Әлімқұлов «Ойыншықтар» тақпағын оқу.

Дидактикалық ойын: «не өзгерді?»

Мақсаты: тақпақты тыңдай білуіне тәрбиелеу, ой қиялын дамыту, ойыншықтар туралы екі, үш сөзден тұратын сөйлемді суреттеу әңгімесін қайталауға үйрету, үлкен және кіші пішінді атап көрсету.



1




12

Ш. Смаханұлы «Менің добым»

Дидактикалық ойын: «Алыс, жақын»

Мақсаты: әңгіме мазмұнын түсінуге көмектесуге, балалардың тілін белсендіру, сөздегі дыбыстарды дұрыс айту, топ бөлмесінде орналасқан заттармен таныстыру.



1




13

«Құс ауласында не тұрады?»сюжетті суретті қарау

Дидактикалық ойын: «Әтешке қанат сыйлаймыз».

Мақсаты: үй құстарымен таныстыруды жалғастыру, дыбыстарды айтуды бекітуге, қызыл, жасыл, сары, көк түстердің негізгі спектерін ажырату және айтуға үйрету.



1




14

«Ойыншықтар» Қ.Мырза Али.

Дидактикалық ойын: «Әтешке қанат сыйлаймыз»

Мақсаты: Шығармамен таныстыру,оларды атай білуге, ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.



1




15

«Түлкі мен әтеш» ертегісін әңгімелеу және сахналау

Дидактикалық ойын: «Әтеш!

Мақсаты. Балаларды ертегіге деген қызығушыдлығын арттырып, рөлмен ойнауға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту.



1




16

Ә. Табылдиев «Тауық пен тары» тақпағын айту.

Дидактикалық ойын: «Не қалай қоректенеді?»

Мақсаты: Өлеңді тыңдап мағынасын түсіндіру . Балалардың эмоционалдық сезімдерін қалыптастырып, өлеңді жатқа айтуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.




1




17

«Шанамен сырғанаймыз» суретін қарау

Т. Молдағалиев «Шаңғы теуіп зырлаймыз» тақпағын оқу.

Мақсаты: қысқы табиғаттың құбылыстарын тануға, сұрақтарға жауап беруге үйрету, (с) дыбысын, сөйлеу тыныс алуын дамыту.




1




18

«Адасқан құмырсқа» әңгімесін оқу

Дидактикалық ойын «Қателеспе»

Мақсаты: әңгіменің мазмұнын түсіндіру, жәндіктердің аттарын есте сақтау, жәндіктер құмырсқа, көбелек, араны ажырата білуін бекіту.



1







Барлығы:

18




І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші саласы: «Тіл дамыту»



Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Көңілді аула»

Дыбысқа еліктеп қатты – баяу, жіңішке дауыспен және т.б. айтуға жаттықтыру. Ересектерді тыңдап, топтың бәріне және әр балаға қатысты айтқан сөзін түсіну іскерліктерін қалыптастыру. «Қылшық», «тараймын», «сипалаймын» сөздерін белсендіру.





1




2

«Балалар балықты қоректендіреді»

Балаларды аквариум балықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Балықтарға бақылау жасауға, олардың құрылысы мен мінез – құлық ерекшеліктерін белгілеу. Балаларға суреттің сюжетін түсінуге көмектесуге; сұрақтарға жауап беру және бейнеленгендер жайлы әңгімелей білуін қалыптастыру. Аквариумға және оның мекендеушілеріне ұқыпты қарауға үйрету. Еліктеу бойынша сөздер мен сөйлемдері айту қабілеттерін тәрбиелеу. Балаларды жеке сөздермен және күрделі сөйлеммен жануарлардың заттары мен олардың қимылдарын белгілеп, атауына ынталандыру.





1




3

«Кім айқайлайды?»

Дыбысты айту,есту зейінділіктерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Түсінікті құралдар ым және қимылмен ақпаратты бере отырып түрлі жануарлардың дыбыстарына еліктеу іскерліктерін дамыту.




1




4

«Әдемі ағаш»

Баланы сөздің дұрыс түрін белсенді іздеуге бағыттау. Сөз жасаудың түрлі тәсілдерін үйрету. Тірі табиғаттың обьектілерін тану және оларды атау. Белсенді сөздіктерін атау.




1




5

«Сәулені киінуге үйретеміз»

Сөздің лексикалық мағынасын түсінуге, сөз бен заттарды сәйкестендіру үйрету. Дербес ойындарда меңгерген қимылдарын беруге мүмкіндік беру. Сөз құрылысын түсінуге, түсінікті құралдар ым және қимылмен ақпаратты беруге үйрету. Қимылдарды білдіретін (ұйықтауға жату, киінеміз) сөздік қорын кенітейту.





1




6

«Талғатқа шай береміз»

Шайнек, қант, нан салғыш, алма салатын ваза сияқты ыдыс – аяқтардың аттарын және белгілерін сәйкестендіруге үйрету. Шай ішіп болған соң «Рахмет» айтуға үйрету. Балаларды күнделікті біреуге қамқор жасау ниетін тудыру. Сөзбен және қысқа сөйлеммен айту, тапсырманы мұқият тыңдау және орындау.





1




7

«Ит күшіктермен бірге»

Дыбысқа еліктеу немесе атауларын жеңіл түрін қолдана отырып енжар сөздігін белсендіру. Жануарлардың жеке дене бөліктерін айырып, атау іскерліктерін қалыптастыру.




1




8

«Қысқы серуенде»

Кеңінен ашылған сюжетті суреттерді қарауға үйрету. Себеп – салдар байланысын қалыптастыру, 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыру. Балаларды ересектерді тыңдауға, екі, үш сөзден тұратын сөйлемді атауға үйрету.




1




9

«Біздің дәрігер»

Еңбек заттары мен мамандар атауын (дәрігер) балалардың тіліне белсендіру. Есту қабілеттерін дамыту. Күрделі емес қимылдарды есте сақтауға және орындауға үйрету.




1




10

«Қысқы ермек»

Ағымдағы жыл мезгілімен суреттің сюжетін байланыстыру. «Қыс» сөзін және «қысқы жыл мезгілі» белсенді сөздіктеріне енгізу. Мезгілге қатысты білдіретін сөз есебінен енжар сөздіктерін кеңейту. Ересектердің айтқан сөзін жаңғырту қабілеттеріне тәрбиелеу.




1




11

«Дәмді ботқа»

Себеп – салдар байланысын орнатуға, заттарды салыстыруға, оларды сөздер мен сөйлемдерге сәйкес біріктіруге үйрету. Заттардың белгілерін білдіретін сөздер есебінен енжар сөздерін кеңійту. Ересектердің өтініші бойынша заттарды табуға және атауға үйрету.




1




12

«Біз құстарды қалай қоректендірдік»

Балаларды тәрбиешінің әңгіме барысын бақылауға, әңгімелесуге қатысуға, тәрбиеші бастаған сөзді толықтырып, сөйлемді аяқтауға үйрету. Балаларды дыбыстарды анық айтуға (бөлектенген дыбысқа еліктеу сөздеріне) жаттықтыру. Дыбысты айтуларының дамуына мүмкіндік беру.




1




13

«Жайлауда»

Балаларды суреттің мазмұнын түсінуге, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Көрген жағдайларды тілмен айту. Өз сезімдерін сөзбен жеткізу іскерліктеріне тәрбиелеу. Түсінікті құралдармен (ым,қимыл,былдыр сөз) ақпаратты бере отырып түрлі ересектермен тілдік қатынасын дамыту.




1




14

«Көктем»

Енжар сөздік қорын кеңейтуге үйрету. Көктем, бұлақ сөздерін белсенді сөздікке енгізу. Суреттер мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Көктем туралы түсініктерін қалыптастыру. Сын есім мен етістікті дұрыс қолдана білуге үйрету. Екі үш сөзден тұратын сөйлемдерді қолдануға үйрету.




1




15

«Жарқыра күн жарқыра»

Балалардың оқылған көркем мәтінді қабылдау, оның мазмұнына белсенді жауап беру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу барысындағы тыныс алуын дамыту.




1




16

«Кеме жүзіп барады»

Балаларды сурет қарауға, сұрақтарға жауап беруге, бейнеленген туралы айтуға, тәрбиешінің түсіндіргенін жұмыла тыңдауға, көктем белгілеріне балалардың назарын аудара отырып ағымдағы жыл мезгілімен суреттің сюжетін байланыстыра білуге үйрету. Сурет бойынша көп емес суреттеу әңгімені тыңдауға үйрету. Ересектердің сюжетті сурет бойынша күрделі емес әңгімелерді түсіну. Әсерлі тыңдап және үн қату. Табиғат құбылыстарын түсіну.





1




17

«Машина аңдарды қалай қыдыртты?»

Балалардың мәтінімен сәйкес дыбысқа еліктеу іскерліктерін дамыту. Артикуляциялық аппаратын жетілдіру. Тілді қатынас құралы ретінде дамыту. Ересектер айтқан сөздер мен сөйлемдерге еліктеу.





1




18

«Доп»

Педагогпен бірге түрлі қарқынмен тақпақты қатты – баяу айту ниеттерін тудыру. Тақпақты тыңдап, оған әсерлі үн қату. Қысқа тақпақтардың мазмұнын түсіну, өайталап оқу барысында сөздерді айту, тақпақтың мәтініне сай ойын қимылдарын орындау.




1







Барлығы:

18




І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»



Кіші саласы: «Ән күй»




Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Сұр мысық, әне отыр көзін қысып»

Балаларды бейнелеу сипаттағы музыкамен таныстыру. Шығармаларды қабылдау мен музыканы есту мәдениетіне саналы қарым – қатынасын қалыптастыру.



2




2

«Күз жомарт, дейміз біз, жемісін жейміз біз!»

Балаларда алғашқы хор дағдыларын қалыптастыру. Әннің мәтіні бойынша қимылдарды орындау, қайталанатын әуендерге қосылып айту.



2




3

«Жау, жау жаңбыр!»

Балаларды қарама – қарсы сипаттағы музыканы қабылдай білуге үйретуді жалғастыру. Қимылмен музыканың басы мен соңын белгілеу.




2




4

«Бақшадағы астықты барша диқан жинайды»

Жүру мен жүгіру ырғақтарын меңгеру, бөлімдердің ауысымын сезіну, қимылында музыканың аяқталуын (тоқтау) бере білу.



2




5

«Серуенге кетеміз, саңырауқұлақ тереміз»

Қимылды тоқтату арқылы музыканың соңы мен ырғағын сезіне білу іскерліктерін бекіту. Байсалды сипаттағы музыкалық шығармаға әсер ету, олардың мазмұнын түсіну, ойын қимылдарында бере білу.



2




6

«Күз келіпті десекте, десекте»

Музыканы тыңдау, оның дыбысталуындағы қарама – қарсы ерекшеліктерін ажырату, музыканы есте сақтау іскерлік дамыту.



2




7

«Құлыншақ».

Аттың көркем – ойын бейнесін бере білу іскерліктерін дамыту. Аспаптың дыбысталуы мен ересектің дауысына үндестіріп таныс шығармаларды орындау.





2




8

«Қаздар»

Көркем бейнені (музыкадағы биіктік, ырғақтық және динамикалық өзгерістер) жасауға әсер ететін кейбір музыкалық мәнерлілік құралдарының музыкалық – сенсорлыө қабылдауларын қалыптастыру.




2




9

«Көңілді пойыз»

Баланы музыканың тамаша әлемімен қуанту, оның есту тәжірибесін толықтыру, баланы ән айту мәдениетін қабылдауға баулу.



2




10

«Айгөлек»

Музыкаға қызығушылығы мен балалардың музыканы тыңдауға қажетті тұрақты тыңдау зейінін дамыту. Таныс әндерді әуенінен тану.





2




11

«Бота мен құлын».

Музыканы қарапайым эстетикалық қабылдауын, қолжетімді музыкалық бейнеге оның сипаты мен көңіл күйіне эмоционалдық елгезектігін дамыту.




2




12

«Ақша қар»

Әннің көңіл күйін тыңдауға ниетін қолдай отырып, әнді қабылдауға және соған сәйкес ән айтуға ынталандыру.



2




13

«Аппақ дала айнала»

Балаларды музыкалық ырғақ мәдениетін қабылдауға ынталандыру, мәнерлі ән айтуға үйрету.



2




14

«Бозторғай».

Оның сипаты мен қарқынына назар аудара отырып, музыкалық ойын және би іс – әрекеттерінде қолданылатын музыкаларды қабылдауға зейіндерін жинақтау.





2




15

«Жаңа жыл, Жаңа жыл,Жаңа жылда жаңа жыр»

Кеңістікте бағдарлауға, басқа балалармен бірге топпен ересектердің соңынан қозғала білуге, шеңбер жасауға, шеңбер бойымен қозғалуға, оны тарылтып, кеңейте білуге үйрету. Қарапайым ән айту дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.



2




16

«Аяз ата»

Мәтіні бойынша ән мазмұнын сахналауға үйрету. Алғашқы музыкалық шығармашылық көріністеріне ынталандыру.




2




17

«Шыршамыз тұр тамаша, ойыншықтары жараса»

Музыкалық шығарманың мазмұнымен байланысты қарапайым шығармашылық көрністеріне мүмкіндіктер туғызу. Қарапайым ән айту дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.




2




18

«Тазша бала қонаққа келе жатыр алақай!»

Балаларды музыкамен түрлі рөлдерді орындай алатын және ойын барысындағы өзара қарым – қатынастарды ескеріп, қимылдарында музыкалық дыбысталулардың ерекшеліктерін бере білетін сюжеттік музыкалық ойындарға ынталандыру.



2




19

«Қыс қызығы»

Балаға музыкалық ісәрекеттерді меңгеруге, музыканың сипатына сәйкес (көңілді – мұңды) қозғалуға көмектесу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.


2




20

«Басқарады ұшақты, батыл ұшқыш қырағы»

Балаларды сюжеттік музыкалық ойындарға қызықтыру,қимылдарында музыкалық дыбысталулардың ерекшеліктерін бере білу.





2




21

«Бип – бип машина»

Музыкалық шығарманың сипатына эмоционалдық үндесу, музыкалық пьесаның соңын сезуге үйрету, жылдам қимылдармен белгілеу.




2




22

«Үйшіктегі ойыншықтар»

Балаларды ырғақ сезімі мен музыкалық ойыншықтардың тембрлерін ажырата білуді дамыту. Музыканы орындауға қызығушылығын тәрбиелеу.



2




23

«Сәукелелі ару қыздар»

2 жеке формалы пьесаларға сәйкес балаларды қимылдарын өзгертуге үйрету. Дауыс биіктігін есту қабілетін дамыту.



2




24

«Тәтті тоқаш»

Музыканы қарапайым эстетикалық қабылдауын дамыту. Балаларды жеке және ұжыммен – жеке және ересектермен бірге, сүймелдеумен және сүймелдеусіз орындауға үйрету.



2




25

«Анам, анашым»

Балаларға музыкалық шығарма сипатындағы өзгерістерді сезініп, оның логикалық қорытындысын тыңдай білуге үйрету. Әннің ерекшеліктерімен үйлестірілген әуенді созып айту дағдыларына баулу.



2




26

«Көктем ару, қош келдің!»

Баланы музыканың әсем әлемімен қуантуды жалғастыру, ұнайтын музыкалық шығармаларын орындауға ынталандыру (қоян мен түлкінің қимылдарын ойластырып, көрсету).



2




27

«Сұр қоян»

Еркін билер мен музыкалық ойындарда алғашқы шығармашылық көрсетілімдерге ынталандыру (қоян мен түлкінің қимылдарын ойластырып, көрсетіп).



2




28

«Қар еріді, күн жылынды»

Балаларды дыбысталатын музыкалық ойыншықтармен және балалар аспаптарымен қызықтыру. Сюжеттік – музыкалық ойыншықтармен балаларды ынталандыру.



2




29

«Жылғалардан су ақты, құстар қайта оралды»

Балаларға қимылдарын музыкамен байланыстыра және қатысуға тілектерін ынталандыра отырып, музыкамен ойындарды, шеңбер бойымен қол ұстасып айтылатын әндерді, қарапайым билерді көркем орындай білуге үйрету.



2




30

«Биші болам мен ертең!»

Балаларға ересектердің көрсетуімен ойын бейнелерін бере білуге үйрету. Балаларға шеңбер бойымен жұппен қол ұстасып, музыкамен қарапайым би қимылдарын орындауға үйрету.



2




31

«Паровозбен саяхат»

Поездың қимылын бейнелеуде шынтақтан бүгіп, қолмен айналма қимылдарды орындау, ойын бейнесін қарапайым қимылдармен бере білу.



2




32

«Күн болсам...»

Музыкалық дыбысталу ерекшеліктеріне сәйкес балаларға бірлесіп ән айта білуге үйрету. Музыкаға эмоционалдық тілектестігін тәрбиелеу.



2




33

«Күндей жайнап алаулар, қолымызда жалау бар!»

Музыкалық дыбысталу ерекшеліктеріне сәйкес қимылдарды орындай білуге үйрету. Музыкаға эмоционалдық тілектестігін тәрбиелеу.



2




34

«Бала мен көжек»

Қарапайым шығармашылық көрініс табуына мүмкіндіктер туғызып, балалардың музыкалық іс – әрекеттерін белсендіру.



2




35

«Кең дала»

Дыбысқа еліктеу дағдыларын, көркем және ойын бейнелерінің іскерліктерін бекіту. Балаларға жүргізушінің рөлін дербес орындай білуге үйрету.



2




36

«Қызыл жасыл көбелек»

Музыкалық бейнені, сипаты мен көңіл – күйін қабылдауға жағдайлар жасау. Өнімді іс – әрекеттерде қиялдау,елестеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.



2







Барлығы:

72





І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған атқарылатын жұмыс жоспары.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Кіші саласы: «Дене шынықтыру»




Тақырыбы:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны



Мерзімі



1

«Балабақша»

Берілген бағытта тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру. Түрлі бағытта жүгіру.Қос аяқтап секіру. Допты қос қолмен домалату.




1




2

«Біз тату балалармыз»

Түрлібағытта жүру. Тапсырмалармен жүгіру: домалап бара жатқан заттарды қуып жету. Қос қолмен допты алға қарай лақтыру. Алға жылжи отырып секіру. Балалардың өздігінен қимыл – қозғалыс әрекеттері барысында белсенділіктерін дамыту.




1




3

«Біз тату отбасымен»

«Шағын топпен» жүру. Қол ұстасып, шеңбер жасап жүру. Тапсырмалармен жүгіру. Алға жылжи отырып секіру. Допты отырып домалату.




1




4

«Біз өсіп келеміз»

Қол ұстасып, шеңбер жасап жүру. Түрлі бағытта жүру. Сызықтар арасымен жүру (арақашықтығы 25 – 30 см). Алға жылжи отырып секіру. Допты төменнен екі қолмен лақтыру. Балаларды қимылдардың алуан түрлерімен таныстыру, оларда жүйелі жаттығу үшін жағдай жасау.




1




5

«Күз келеді»

Жіптен ұстасып,шеңбер бойымен жүру. Түрлі бағытта жүгіру. Допты кеудеден қос қолмен лақтыру.




1




6

«Күзгі орман»

Түзу жолмен, шектелген сызықтармен (ені 30 см, ұзындығы 2 м) жүру. Қол тигізгенге дейін секіру. Допты төменнен бастан асыра қос қолмен лақтыру. Тірек – қимыл аппараттарын нығайту.





1




7

«Көгалда серуендейміз»

Сызықтармен шектелген (ені 25 см, ұзындығы 2 м) түзу жолмен жүру. Қол тигізгенге дейін секіру. Допты кеудеден қос қолмен лақтыру.




1




8

«Бақшада»

Жіптен ұстасып шеңбер бойымен жүру. Шектелген сызықтармен (ені 25 см, ұзындығы 2 м) түзу жолмен жүру. Алға жылжи отырып секіру. Допты бастан асыра қос қолмен лақтыру.

Тыныс алу бұлшық еттерін қалыптастыруды жетілдіру, «Біз шаршадық» тыныс алу жаттығуы.



1




9

«Егінді жинаймыз»

Қол ұстасып шеңбер бойымен жүру. 6 м арақашықтыққа тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүгіру. Алға жылжи отырып секіру.




1




10

«Көгалдағы қояндар»

Түрлі бағытта жүру. 7 м арақашықтыққа тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүгіру.Алға жылжи отырып секіру. Кеңістікті бағдарлауын дамыту.




1




11

«Серуенге біз барамыз»

Қол ұстасып жұппен жүру. 10 м арақашықтыққа тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүгіру. Алға жылжи отырып секіру. Допты тәрбиешіге қос қолмен домалату.




1




12

«Қуыршаққа қонаққа барамыз»

Тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру «Қуыршаққа қонаққа барамыз». «Қуыршақты қуып жет» тапсырмалар арқылы жүгіру. Бір орында қос аяқтап секіру. Жағымды эмоция алк үшін, ойыншықтармен ойнау ниеттері үшін жағдай жасау.




1




13

«Ойыншықтар»

Күшікке қонаққа «шағын топпен» бару. Тапсырмалар арқылы жүгіру – «Сабалақ ит» ойыны. Бір орында қос аяқтап секіру.




1




14

«Орманға серуен»

Қол ұстасып бірінің соңынан бірі жүру. Шектелген сызықтармен (ені 30 см, ұзындығы 2 м), түзу жолмен жүру. Алға жылжи отырып секіру «Қояндар алаңы». Жануарларға (қоян сияқты секіру) еліктеу іскерліктерін дамыту. Вестибулярлық аппараттарын дамыту.




1




15

«Күзгі шабындық»

Қол қстасып шеңбер жасап жүру. Қол тигізгенге дейін секіру.




1





16

«Сарғыш тартып жапырақ»

Айналмалы жолмен жүру. Қол ұстасып шеңбер жасап жүру. Жапырақтармен айналу. Қимылды ойын «Жапырақтар түсті». Вестибулярлық аппараттарын дамытуды жалғастыру. «Жапыраққа үрлейміз» тыныс алу жаттығулары.






1




17

«Біз көңілді балалар»

Берілген бағыт бойынша тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру. Отырып допты қос қолмен домалату. 3 м төрттағандап еңбектеу.




1




18

«Көңілді бірге жүру»

Қол ұстасып шеңбер бойымен жүру. Отырып допты бір – біріне домалату. Еденде жатқан бөренеден асып түсу.

Өздігінен кедергілерден өте білуін дамыту.



1




19

«Көңілді доп»

Қол ұстасып шеңбер бойымен жүру. 10 м арақашықтыққа тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүгіру. Отырып допты бір – біріне домалату.




1




20

«Ойнағанды жақсы көреміз»

Жіптен ұстап шеңбер жасап жүру. «Допты қуып жет» ойыны. 3 м төрттағандап еңбектеу. Жатығуларды орындау барысында сақтық білдіруге үйрету.




1




21

«Біз спортшылар»

Қол ұстасып шеңбер жасап жүру. Түрлі бағытта жүгіру. Биіктігі 40 см доғаның астынан еңбектеу.




1





22

«Балалардың сүйікті ойыншықтары»

«Сылдырмақты тап» тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру. Алға жылжи отырып секіру. Биіктігі 40 см доғаның астынан еңбектеу. Жаттығуларды орындау барысында жағымды әсерлерін дамытуға мүмкіндік беру.





1




23

«Менің көңілді, сыңғырлаған добым»

Тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру. «Допты қуып жет» тапсырмалар арқылы жүгіру.Айналдарма жолдармен жүру.




1




24

«Сүрлей жолмен орманға барамыз»

Жіптен ұстап шеңбер бойымен жүру. Алға жылжи отырып секіру. Сызықтармен шектелген (ені 25 см, ұзындығы 2,5 м) түзу жолмен жүру. Дене бөліктерімен (қол,аяқ» таныстыруды жалғастыру.




1




25

«Денің сау болсын!»

Түрлі бағытта жүру. Қол тиер тиместей секіру «Көбелекті ұста». Түрегеп тұрып допты домалату.





1




26

«Ұшақтар»

Түрлі бағытта жүру. Түрлі бағытта жүгіру. Түзу қойылған жіптің бойымен жүру. Мақсатқа жету үшін өздігінен жігерілік таныту.





1




27

«Қыс»

Тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру. Алға жылжи отырып секіру. Түрлі бағытта жүгіру «Допты қуып жет».




1




28

«Ойыншықтарға қонаққа барамыз»

Түрлі бағытта жүгіру «Ойыншықтарға қонаққа барамыз». Тәрбиешіге допты лақтыру. Балаларды дыбыс және көру дыбыстарын дұрыс қабылдауға үйрету.




1




29

«Аружан қуыршағы»

Түрлі бағытта жүгіру. Қол тигізгенге дейін секіру «Масаны ұста». Шеңбер болып жатқан жіптің бойымен жүру.




1




30

«Көңілді доптар»

Шектелген сызықтармен (ені 25 см, ұзындығы 2,5 м) түзу жолмен жүру. Допты төменнен қос қолдап лақтыру. Бір орында қос аяқтап секіру «Көңілді доптпр». Тыныс алу бұлшық еттерін дамыту «Көбік» ойыны.




1






31

«Көңілді поезд»

Қол ұстасып шеңбер бойымен жүру. Түрлі бағытта жүгіру. Тәрбиешіге допты лақтыру.




1




32

«Орманға қонаққа барамыз»

«Аюға қонаққа барамыз» түзу бағытта жүру. Алға жылжи отырып секіру «Көгалдағы қояндар». Баснан асыра допты қос қолмен лақтыру. Еліктеуге қызықтыру, ниет білдірту (қоян сияқты секіру, аю сияқты қорбандау), дербестік белсенділіктерін дамыту.





1




33

«Біз шапшаң және батылмыз»

Шеңбер етіп қойылған жіптің бойымен жүру. Допты кеудеден қос қолмен лақтыру. Домалап бара жатқан допты қуып жету.




1




34

«Аюдың апанында»

Қол ұстасып шеңбер жасап жүру. Тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүгіру. Еденде жатқан бөренеден асып түсу. Көрсетуге сәйкес қимылдарды орындауға үйрету.




1




35

«Бала, бала, баламыз»

Шеңбер етіп қойылған жіптің бойымен жүру. Қол тиер тимес секіру «Масаны ұста». Сызықтар арасымен (сызықтар арақашықтығы 30 см) жүгіру. «Көпірден жүгіріп өт»





1




36

«Аппақ, аппақ, жапалақтап»

Түрлі бағытта жүру. Биіктігі 35см доғаның астынан еңбектеп өту. Түрлі бағытта жүгіру, «Жапалақтап қар жауды» ойыны. Бір – біріне кедергі жасамай, хабарлай отырып әрекет жасау.




1




37

«Ұшқыштар»

Жіптен ұстап шеңбер жасап жүру. Дөңгелене қойылған жіптің бойымен жүру. Түрлі бағытта жүгіру «Ұшақтар» ойыны.




1




38

«Орманда қыдырамыз»

Түрлі бағытта жүру «Орманда қыдырамыз». Алға жылжи отырып секіру «Қоян секіреді». 20 см көтерілген тақтайшаның үстінде төрттағандап жүру «Аю ағаш басына шығады». Табан күмбезін нығайту, жалпақ табандықтың алдын алу.




1




39

«Қар бүршігі»

Қол ұстасып жұппен жүру. Түрлі бағытта жүру «Біз көңілді қар бүршігі». Допты екі қолмен төменнен лақтыру. «Қар кесегін қуып жет».



1




40

«Қармен ойын»

Қол ұстасып жұппен жүру. Қол тиер тиместей секіру «Қар ұшқындарын тосып алу». Түрегеп тұрып бір қолмен допты домалату «Қар кесегін домалату».




1




41

«Қыс қызығы»

Қол ұстасып жұппен жүру. Екі сызықтың арасынан (сызықтар арасының арақашықтығы 30 см) жүгіру. Допты тәрбиешіге лақтыру.




1




42

«Аққала»

Берілген бағыт бойынша тәрбиешінің соңынан «шағын топпен» жүру «Аққалаға қонаққа барамыз». Түрлі бағытта жүгіру «Қар жауып тұр». Түзу қойылған жіптің бойымен жүру. Бірлесіп ойнаудың қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.




1




43

«Серуендейміз»

Түрлі бағытта жүру «Серуендейміз». Сызықтар арасымен (сызықтың арасының арақашықтығы 25 см) жүгіру. 20 см көтерілген тақтайшаның үстінде төрттағандап жүру.




1




44

«Қандай суық қыс деген?»

Қол ұстасып жұппен жүру. Бір орында тұрып қос аяқтап секіру. Арақашықтығы 50 см жерден ересектерден допты тосып алу. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік беретін түрлі бұлшық ет топтарын нығайту.




1




45

«Маймылдар»

Қол ұстасып шеңбер бойымен жүру. Гимнастикалық қабырғаға өз бетімен жоғары, төмен өрмелеу «Маймылдар». Секіріп ойналатын ойын «Ақ қоян».




1




46

«Торғайлар»

Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру «Таяқшалардан аттап өт». Тапсырма арқылы жүгіру «Торғайлар мен автомобильдер». Қимылды ойын «Көбік». Қауіпті жағдайда (автомобиль келе жатыр) сақтық білдіруге үйрету




1




47

«Ақ қоян»

Заттарды айнала отырып жүгіру «Жылан». Жіптен секіру «Ордан секіріп өт». 60 см арақашықтықта тәрбиешіден допты тосып алу.




1




48

«Менің көңілді, сыңғырлаған добым»

Шеңбер бойымен жүгіру. 30 секунд бойы тоқтамай жүгіру. Қос аяқтап секіру «Менің көңілді, сыңғырлаған добым». Дене шынықтырумен айналысу ниетін, дене шынықтыру жаттығуларын орындауға тәрбиелеу.




1




49

«Сүйікті ойыншықтар»

Заттарды айнала отырып жүгіру «ойыншыққа тиіп кетпе». Баланың кеуде тұсынан керілген арақашықтығы 1 м болатын жіптен допты асыра лақтыру. Гимнастикалық қабырғаға өз бетімен жоғары, төмен өрмелеу «Маймылдар».




1




50

«Доп ортада»

Шеңбер бойымен жүру. Тапсырмалар арқылы жүру: домалап бара жатқан допты қуып жету «Допты ұста». Дене сапасын дамыту (күш, шыдамдылық, жылдамдық).




1




51

«Біз келе жатырмыз»

Жүруден жүгіруге ауысу «Поезд». 10 см көтерілген тақтайшаның үстінде төрттағандап жүру. 70 см арақашықтықта тәрбиешіден допты тосып алу.




1




52

«Тату балалар»

Түрлі бағытта жүру. 35сек бойы тоқтамай жүгіру. Бір орында тұрып қос аяқтап секіру. Тыныс алу бұлшық ет – тыныс алу жаттығуларын дамыту «Поезд келеді» - «пыш – пыш».




1




53

«Құстар»

Шеңбер бойымен жүру. Гимнастикалық орындық үстімен төрттағандап еңбектеу. Биіктігі 15 см болатын кедергілерден аттап өту «Батпақтағы көкқұтан».




1




54

«Біз шапшаңбыз»

Заттарды айнала отырып жүру. Жіптен секіріп өту. Баланың кеуде тұсынан керілген арақашықтығы 1 м жіптен допты асыра лақтыру. Дене сапасын дамыту. Шапшандық, жылдамдық, күш түсініктерімен таныстыру.




1




55

«Серуендеу»

Қол ұстасып жұппен жүру. 35 секунд бойы тоқтамай жүгіру. Өзінің тәсілі бойынша гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.




1




56

«Нысанаға дәлдеу»

Шеңбер бойымен жүру. 40 секунд бойы тоқтамай жүгіру. 1 м арақашықтықта допты себетке лақтыру. Көзбен өлшеу, нысанаға дәлдеу және тигізу іскерліктерін дамыту.




1




57

«Секіру»

Заттарды айнала отырып жүру «Поезд». Гимнастикалық таяқшалардан (2 дана) секіріп өту. Арақашықтығы 1 м болатын себетке допты қос қолмен лақтыру.




1




58

«Көпірдің үстімен»

Қол ұстасып жүру. 20 см көтерілген тақтайшаның үстінде төрттағандап жүру. Бір жағы еденнен 15 см биіктікке көтерілген тақтайшаның үстімен жүру. Еңкіш тақтай үстімен орын ауыстыру барысында тепе – теңдік қалпын сақтауының, еңбектеу кезіндегі бұлшық ет күшінің дамуына мүмкіндік беру.





1




59

«Менімен бірге ойна»

Қол ұстасып жұппен жүру. Тапсырма арқылы жүгіру: домалаған заттарды қуып жету. «Допты қуып жету». Екі сызықтан аттап өту «Қояным».




1




60

«Біз спортшылар»

Заттарды айнала отырып жүру. 60 м баяу қарқынмен жүгіру. Ені 10 см болатын жолдан секіру. «Ордан секіріп өту». Бір – біріне кедергі жасамай, хабарлай отырып ойнауға тәрбиелеу. Шыдамдылықтарын дамыту.




1




61

«Қарағайлы орман»

Қол ұстасып жұппен жүру. 1 м арақашықтағы себетке оң қолмен бүршікті лақтыру. Гимнастикалық орындық үстімен жүру.




1




62

«Жолмен біз келеміз»

Заттарды айнала отырып жүру. 60 м баяу қарқынмен жүгіру. Гимнастикалық орындық үстімен жүру.




1




63

«Бүршіктер жинау»

Заттарды айнала отырып жүру. 60 м баяу бая қарқынмен жүгіру. 1 м арақашықтыққа сол қолмен себетке бүршікті лақтыру.Гимнастикалық орындық үстімен жүру.




1




64

«Біздің қолымыздан келеді»

Жүруден жүгіруге алмасу. Жылжымалы қадаммен алға қарай жүру. Алға жылжи отырып секіру. Биіктігі 15 см текшеден аттап өту. Кедергілерден өтуге, көрсетуге сәйкес жаттығуларды орындауға үйрету.




1




65

«Допты қуып жет»

Жалғамалы қадаммен алға қарай жүру. «Допты қуып жет» ойыны. Гимнастикалық қабырғаға өздерінің тәсілі бойынша өрмелеу.




1




66

«Автомобильден сақтан»

Жалғамалы қадаммен оң жаққа қарай жүру. «Автомобильден сақтан» ойыны. Екі паралель жатқан сызықтан (арақашықтығы 20 см) (ордан секіріп өту) секіру. Биіктігі 15 см текшелерден аттап өту. Балаларға өзін – өзі сылаудың элементін үйрету. Сылау – бұл денсаулыққа пайдалы екендігі туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.





1




67

«Мерген»

Шеңбер бойымен жүру. Бір орында тұрып қос аяқтап ұзындыққа секіру. Қапшықты оң және сол қолмен алысқа лақтыру.




1




68

«Құмырсқалар»

Жылжымалы қадам мен алға қарай жүру. 20 см биіктікке көтерілген тақтайша үстімен төрттағандап еңбектеу.Биіктігі 25 см болатын орындық үстіне шығу (онда тұрып, қолын жан – жаққа жіберіп тұру). Вестибулярлық аппараттарын, кеңістікті бағдарлауын дамыту. Дене бөліктері мен олардың міндеттері туралы білімдерін бекітуді жалғастыру.




1




69

«Сүрлеу жолмен орманға барамыз»

Заттарды (кегли) айнала отырып жүру. 40 секунд бойы тоқтамай жүгіру. 1 м арақашықтықта оң және сол қолмен себетке бүршікті лақтыру.




1




70

«Допша секір»

Жүгірумен алмастырып жүру. Алға жылжи отырып секіру. 10 см биік заттардың үстінен секіру. Тірек – қимыл аппараттарын дамыту, аяқ, қол, кеуде бұлшық еттерін нығайту. Балалардың денсаулығын нығайту.




1




71

«Міне, біз қандаймыз!»

25 см көтерілген құрсаудан құрсауға аттап жүру. Жалғамалы қадаммен жұптасып, қолды ұстасып алға қарай жүру. Баладан 1 м арақашықтықта жатқан құрсауға допты лақтыру.




1




72

«Тату және батыл, шапшаң, іскер»

Түрлі бағытта жүру. Бір орында тұрып қос аяқтап ұзындыққа секіру. Биіктігі 28 см болатын орындық үстіне шығу (онда тұрып, өолын жан – жаққа жіберіп, аяқтың ұшына көтеріліп, қайта табанмен тұру).




1







Барлығы:

72





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет