Есте сақта!
Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі- пышақ алынады, шүріппе босатылады, ауыстырғыш - тежепшке, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне, пулеметте «1» бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жина- лып, серіппелі ілгекпен бекітілген Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі. Автоматшы (пулеметші) автоматты (пулеметті) таза және толық жөндемділікте күтіп үстауы керек. Соққыш-ағытқыш механизм жұмысын тексеру кезінде шүріппені артық баспау қажет.
Үңғынын, жарылуы немесе кеуіп кетуінің алдын алу үшін, оны қандай да бір затпен тығындауға тыйым салынады. Автоматтың (пулеметтің) үңғы арнасын су тимеуден сақтау керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың (пулеметтің) жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, үңғы жағын темен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су үңғы арнасынан ағып кетеді.
Есте саңта!
Патрондар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынады.
Патрондарды күтіп, зақымдалудан, ылғал және ластанудан сақтау керек. Патрондарды майлауға тыйым салынады. Патрондардың жоғалмауы қатаң қадағаланады.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметі)
тексеріп қарау тәртібі
Кцнделікті қарау кезінде: автоматтың (пулеметтің) барлык бө- ліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, бал- шықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қа- лыпты жүмысын бүзуы мүмкін басқа да зақымдардьщ болуын; ағаш бөліктерінде жарылған, бүзылған жерінің болмауын, сүмбінің бекітілуі- нің беріктігін тексеру керек. Бүдан басқа автоматтың (пулеметтің) бөліктеріндегі бөлшектемегенде көрінетін майлану жағдайы, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |