І-кл технологиялық дайындық


Бактериологиялық зақымдау ошағы, оның сипаттамасы. Бактериологиялық зақымдау ошағы жүргізілетін іс-шаралар. Карантин және обсервация



бет97/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз
Ôèçèêàëû? î?ó ýêñïåðèìåíò³í³? ìà?ûçû æ?íå æ?éåñ³
Бактериологиялық зақымдау ошағы, оның сипаттамасы.
Бактериологиялық зақымдау ошағы жүргізілетін іс-шаралар.
Карантин және обсервация



Биологиялық зақымдау ошағы ондағы халықпен, жануарлармен, су айдындарымен, өсімдіктерімен, қүрылыстарымен және басқа объектілерімен бірге биологпялық қүралдардың тікелей эсер етуіне үшыраған, аумақ болып табылады. Егер зақымдану ошағын оқшау- лаудың тиісті іс-шараларын қабылдамаса, онда зақымданған адамдар мен жануарлар аркылы аурулар оның шектерінен тыс жерлерге тара- луы мүмкін.
Биологиялық күралдарды қолдану тәсілдері мынадай: аэрозольды, трансмиссивті, диверсиялық. Ауа райы факторларының, халықтың көіпі-конының, кеміргіштердің, жәндіктердің және басқа инфекция тасымалдаушылардың таралуының салдарынан инфекция таралу жол- дары шүғыл өзгеруі және жаңа аумақтарды қамтуы мүмкін. Зақымдау ошағының түрақтылығы қолданылатын қүралдардың биологиялық қасиеттеріне, жыл мезгілдеріне, метеорологи ялык факторларға байла- нысты болады. Ошак мөлшері биологиялық рецептураға, биологиялық қаруды қолдану мөлшері мен тәсілдеріне, айқындаудың жылдамдығына, алдын алу, емдеуді залалсыздандырудың дер кезінде жүргізілуіне байланысты.
Жұқпаны оқшаулау мен жою үшін карантин және обсервация деп аталатын арнаулы оқшаулау-шектеу іс-шаралары кешені үйымдас- тырылады және өткізіледі.


147


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^





Карантин - бұл ауру ошағы ішінде, сондай-ақ одан тыс жерлерде жұқпаның таралуынан сақтандыруға және зақымданудың пайда болған ошағын жоюға бағытталған эпидемияға қарсы, санитариялық-гигиеналық.емдеужәнеәкімшілік-шаруашылықіс-шаралардың кешені


Карантин қарсыластың бактериологиялық қаруды қолданғаны тура­лы болжамдар пайда болысымен бірден белгіленеді және ерекше кауіпті жүқпа (ЕҚЖ) белгілі болғанға дейін созылады. Егер зерттеу нәтижесінде жүқпалар айқындалатын болса, онда карантин жалғастырылады. Ка­рантин режімдік іс-шараларды жүргізуді көздейді, оларға: зақымдану ошағын қоршау (к\7зету), адамдардың шығуы мен тасып әкетілуіне, сондай-ақ мүлікті алдын ала залалсыздандырмай тасып әкетуге тыйым салу. Ауру ошақтарында мектептердің, клубтардың, кинотеатрлар мен түрмыстық қызмет корсету7 сондай-ақ, үсақ кәсіпорындарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Қызметін тоқтатуға болмайтын кәсіпорындарда және мекемелерде жүмыстың эпидемияға қарсы режімі белгіленеді, ол науқастарды өз уақытында айқындауды, оларды оқіпаулауды, за- уыт, цех аумағын зарарсыздандыруды, санитариялық өңдеу, төтенше жағдайдың алдын алуды және т.б. жүргізуді қарастырады.
Егер қарсыластың ЕҚЖ қоздырғыштарын қолданбағаны анықталса, онда сыртқы орта залалсыздандырылғаннан кейін карантин обсерва- циямен алмастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет