Жергілікті жерде батдарлану - яғни, бул көкжиек тұстарына қарай бағыт табу - солтүсгік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытты жолда ұстанып жүру.
Багдар деп жаксы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз түрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айта- мыз. Бағдардың жергілікті жерде бірден көзге түсуі үшін ол маңында орналасқан басқа элементтерден пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Есте саңта!
Жерплікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады.
Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын аныктап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері
Көкжиек тұсы жергілікті жерде түсбағар (компас), аспан шырак- тары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек түсын анықтаудың мейлінше көп тараған тәсілі - түсбағарлар көмегімен
аныктау.
Қазақстан Республик асы Қарулы Күштерінде Адрианов түсбағары кеңінен қолданылады (48-сурет). Түсбағар корпусында 120 бөлік
белгілерімен сақпна орналастырылған, оған
екі катар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орна-
ласқан сандардың бір қатары сағат тілінің
жүрісі бойынша градустық шамада беріл-
ген; сағат тілінің жүрісіне қарсы орналасқан
сандардың келесі қатары бүрыш өліпегіштің
бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстің-
гі жағына лимб айналасында айналмалы
ойықты және карауытды қақпақ бар. Ол кез
келген бағытты нысанаға а лады, ол кезде
қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына
бағытталады.
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217