I мектептегі дене тәрбиесінің МӘні мен мағынасы


II. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ



бет5/8
Дата28.04.2020
өлшемі66,88 Kb.
#64964
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Көбегенова Ш

II. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

2.1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері
Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б.тәрбиелер дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

     Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей  қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді.         Сабақ процесінде балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық  нормалардың  қалыптасуын бақылау  қажет. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда мұғалімнің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындылығы, қимылды дұрыс  орындағанын мақұлдауы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады.

       Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның  бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен пән  мұғалімі сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау  мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде мқғалімнің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, мұғалім  көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі  мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді.

Жеке адамды жан – жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.

Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.

Оқышылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқа ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс – әрекеті жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Бірінші кезекте дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы мен іргелі дамуының басты заңдылықтарын зерделеп алған жөн. Содан соң оның атқаратын қызметі мен құрылымын тани түсуге мүмкіндік ашылады. Бұл бүгінгі ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз етуіне қажетті басты факторлар. 

Дене тәрбиесі ұғымының ауқымы мен арнасы өте кең. Біз оны тек денешынықтыру сабағы деп түсінсек қателесеміз. Керісінше, бұл – сабақтан да, мектептен де тыс денсаулықты нығайтуға байланысты шаралар жүйесі. Еліміздегі білім беру саласына жүктелген қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлға тәрбиелеу десек, бұған дене тәрбиесі жүйесі зор үлес қоса алады. Әрі мұндағы оқыту тәсілі жас ұрпақтың денсаулығын нығайту ісімен қоса жүргізіледі. Осы арқылы болашақ тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктерді жан-жақты жетілдіруге болады. Әрі мұның өзі белсенді азаматтық ұстаным мен ізгі қатынастарды дамытудың алғашқы баспалдағы іспеттес. 

Дене тәрбиесіндегі жаңа технологиялар мен озық тә­жірибе дегеніміз құрғақ, жалаң ұғым емес. Бұл ұлттық жә­не жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен са­бақтастырыла қаралмаса, күткендегідей нәтиже бере алмайды. Қазіргі педогогика ғылымының алдында тұрған бас­ты міндеттердің бірі де – осы. Түптеп келгенде мұ­ның мәнісі дене тәрбиесін бүгінгі заман талабына сәй­кес­тендіру деген сөз болып шығады. Әр адамның өмірі – өзі өмір сүрген ортаның жемісі. Сол ортадағы дене мә­дениеті – адамгершілік қарым-қатынастарды дамы­ту­дың бір бағыты.

Дене тәрбиесі жас жеткіншіктерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінің ажырамас бір бөлігі. Сондай-ақ ол жеке тұлғаның жан-жақты әрі қуатты болып өсуінің бір кепілі. Осы арқылы өндірістік және шығармашылық еңбекке төзімді, ерік-жігері мол адам қалыптастыруға әбден болады. Отансүйгіштік пен патриотизмге баулу ісіне де дене тәрбиесінің тигізетін пайдалы әсері жоғары. Болашақ ұрпақ денсаулығының мықты болуы және саламатты өмір салтын ұстануға бағдар алуы біздерге, республика мектептеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдеріне де байланысты. 

Біз оларға жеке басымыз арқылы үлгі-өнеге көрсете білсек, көп нәрседен ұтамыз. Осы орайда әріптестеріміздің теориялық және тәжірибелік әзірлігінің деңгейі терең болғанын қалаймыз. Дене тәрбиесіне де кешенді көзқарас қажет. Бұл бағытта мектеп оқушыларының жасы мен жыныстық ерекшеліктері ескерусіз қалмағаны жөн. Бұл – дене тәрбиесінің жазылмаған заңдылығы. Педагогика саласында оқу үдерісінің үздіксіздігі деген ұғым бар. Бұдан денешынықтыру пәні мұғалімдері де тыс қала алмайды. Аталған үздіксіздік үш басты қағидаға арқа сүйейді. Мұның алғашқы бөлігінде оқу-тәрбие үдерісі жыл бойындағы әрі көп жылғы санатқа ие болуға тиіс. Екіншіден, бірінен кейін бірі өткізілетін сабақ барысының жүйелілігі мен бірізділігін сақтаудың тиімді тұстары мол.

Яғни оқушының бойында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер келесі сабақтарда одан әрі жетіліп, беки түссе мұғалімнің алға қойған мақ­сатының орындалғаны. Үшіншіден, үздіксіздік деген сөз дем алмау деген түсінікті білдірмейді. Керісінше, демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтіру мен оны одан әрі кө­теруге жеткілікті болуға тиісті. 

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны: шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн: оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Адамбеков К.І., Құрназаров А.К., Новиков А.Д., Матвеев, Л.П., Филин В.П., Бондаревский К.И., Қасымбекова С.І., Ботағариев Т.Ә. және т.б. дене тәрбиесі мен әдістемесінің негізін қалаушы ғалымдардың ойынша дене шынықтыру жаттығулары гимнастикалық іс-шаралардың ұйымдастырылу үрдісі мен табиғаттың шынайы, өзіндік күштерінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері зор деп есептейді [1].

Демек, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы, оның денсаулықты қорғауы мен нығайтуы, сонымен қатар қоғам талабына сәйкес болатын білім, біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.

     Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты:

     - кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.

Мұғалім оқушыларға дене шынықтыру арқылы жан-жақты тәрбие береотырып, қажетті білім, іскерлі дағдылармен қаруландырады.



Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар – жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу туризмнің спорттық түрлері т.б.Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі – табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау суықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат факторлароын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаоруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл – желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т.б. [3].

Дене тәрбиесінің маңызы- адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді. Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті. ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет