Құқық негіздерінің қайнар көздері


Кінә - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады. в) қоғамға зиянды



бет27/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116
Байланысты:
350093 2
1508-29a Жұмаева Н., 1508-29a Жұмаева Н., 1508-29а Жұмаева Назым, Жұмаева Н. Философияның таңдаулы 25 кітабы, Ерубаева Ж.С., К. Айткалиева, Bushmanova Assem
Кінә - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.
в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады. Әкімшілік жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың қоғамға зияндық салмағы қылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар заңды түрде басқаша бағаланады да, аса қатал емес жауаптылық белгіленеді.
Бұлардан басқа, заңдармен арнайы субъектілердің - жасы кәмелетке толмағандардың, әскери кызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен қатар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.
Әскери қызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік құқық бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контрабанда жатпайды.
Осы көрсетілген жағдайларда бұл адамдар жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Сосын, бұл санаттағы азаматтарды әкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.
Қазақстан аумағында тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Қазақстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.
Лауазымды адамдар олардың қызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құқық субъектілерінің ерекше санатын құрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдык тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету, өздерінің қызмет міндетіне жататын басқа ережелерді сақтамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет