І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтары



бет20/57
Дата19.05.2022
өлшемі1,07 Mb.
#143878
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
11 сынып емтихан билеті тарих

3.Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
Екеуіне де ортақ белгілер:

  1. Екеуі де сақ дәуірінің лауазымды тарихи тұлғалары болған.

  2. Екеуінің де киімдері таза алтыннан жасалған және жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бəрін қоса көмген.

  3. Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.

  4. Екеуінде де «Аң стилі» мәдениеті жақсы дамыған. Яғни пайдаланған заттары мен киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпар құстар бейнеленген.

Айырмашылықтары:Есік қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасы болса, Шілікті қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы әрі Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі деп есептеледі. Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылған ритуалдық киім. Ал Шілікті алтын адамының киімі тірі кезінде киген киімі. Ол ритуалдық киім емес. Оның киіміндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде емес, құйма алтыннан жасалған. Сонымен қатар Есіктен табылған алтын адамның сырт киімдері кезінде қалай көмілсе, сол күйінде бізге аман жеткен. Яғни бұл оба тоналмаған. Ал Шілікті алтын адамның обасы тоналған. Ондағы патшамен бірге қойылған ірі заттары: алтын тәжі, семсер, қанжар, асатаяғы және киімдерінің біраз бөліктері ұрланған. Есік обасын тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев зерттесе, Шілікті обаларын Әбдеш Төлеубаев зерттеген.


10 –билет

  1. Түріктердің рухани мәдениеті (жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері)

  2. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.

  3. Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет