Түйінді сөз. Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Адамзатқа жасаған опасыздық. (Қ. Мырзалиев)
VI. Үйге тапсырма: Эссе жазу «Қиянат»
VII. Білімді бағалау: Оқушылардың бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау.
7- дәріс. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білу. Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу– тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Оқытуда оқушылардың теориялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздегендіктен Б.К.Сүлейменованың әдістемелік нұсқауы бойынша төмендегідей бағытты сабақта пайдалануға болады.
Әдістемелік сабақ жүйесі:
Лекция
Әдеби шығармаларды талдау
Арнау- шығармашылық сабақ
Жазба жұмыстары
Оқушылардың білімдерін түйіндеу.
Дәріс - бұл сабақта әр тақырыптың теориялық материалы оқытылады. Оқу материалын оқушыларға түсінікті түрде айтуға, рационалды еңбектің әдістеріне үйрету, ең негізгісін бөлуге үйрету. Сызба бойынша ақын-жазушы өмірінен мәлімет бере отырып, шығармаларының маңыздылығын таныту және өз беттерінше сызба жасауға үйрету. Оқытылған тақырыпты өмірмен байланыстыру және осы сабақта оқушыларға шығарманың тақырыбын беру.